Конспект урока "Болымды және болымсыз етістік" 3 класс
Сабақ тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру, болымсыз етістіктердің –ма, -
ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен таныстыру.
Оқу нәтижесі: Оқушылар етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсінеді, болымсыз етістіктердің –ма, -
ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен танысады, тәжірибеде пайдалана алады..
Оқыту әдістері: «Пресс-конференция», «Дөңгелек үстел», «Сөздер банкі», «Басбармақ», «Бағдаршам»
Барлық оқушылармен (А,В,С) жұмыс: Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазады.
Сабақ барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қажетті ресурстар,
қолданылатын құралдар
Кіріспе
5 мин
Қызығушылықты
ояту.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа
әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырамасын пысықтау.
«Пресс-конференция» дидактикалық ойынының
шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа
етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған
оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер»
«Ғалымдарға» сұрақтар қояды.
Оқушылардың бірі санамақты айтып,
оқушыларды рет бойынша қолымен көрсетіп,
меңзеп отырады:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,Балалы үйрек,Ортан терек,Шүлдір
шүмек,Кішкене бөбек!
Бұл санамақты бірнеше рет қайталайды.
Үстел
интербелсенді тақта.
Слайд
Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды
толықтарады.
Оқушылар бес топқа бөлініп, топтар саусақтар
бойынша аталады: «Бас бармақ» тобы, «Балалы
үйрек» тобы, «Ортан терек» тобы, «Шүлдір
шүмек» тобы, «Кішкене бөбек» тобы.
Оқушылар сұрақтар қояды.
Тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп
жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар
«журналистер» болады. «Журналистер»
«Ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар
қояды:
• Етістік дегеніміз не?
• Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
• Дара, күрделі етістіктер туралы не
айтасыз?
«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап береді.
Таныстырылым
5 мин
Етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуі
туралы ережемен таныстырады. (Етістік болымды
және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік
болымды етістікке –ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бар – барма,
айт – айтпа, кел – келме.)
Ережені пысықтап, мысалдар келтіреді.
Слайд
Сергіту сәті 5 мин
Геометриялық фигуралардан жасырын сөзді табуды
ұсынады
Оқушылар геометриялық фигуралардан жасырын
сөздерді табады, мағынасын түсіндіреді. Оның
ішінде болымды, болымсыз етістікті табады.
Слайд
Негізгі бөлім 20
мин
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма беріп, қадағалап, бағыт, бағдар береді.
Топтар тапсырмаларды «Дөңгелек үстел» әдісімен
талқылай отырып, орындайды.
(Барлық топ) 1-жаттығудағы берілген етістіктерге
–ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғап
Оқулық.
Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталады
жазады. Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін
айтады. Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
(1-2 топтар) 2-жаттығудағы сөйлемдерді оқып
шығады, ішінен тыйым салынған сөздерді көшіріп
жазады. –ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары
жалғану арқылы жасалған етістіктерді басқа
етістіктермен салыстырады. Олардың мағынасын
түсіндіреді.
(3-4 топтар)3-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп
оқиды. Өлеңнен болымды етістіктерді бір бөлек,
болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жазады.
Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын
айтады.
(5-6 топтар) 4-жаттығуда берілген болымды
етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып
жазады. Осы сөздерді қатыстырып мәтін
құрастырып жазады. Мәтінге ат қояды.
Сергіту сәті
5 мин
Мұғалім ойыншықты оқушыға болымды етістік айтып
лақтырады.
Ойыншықты қағып алған оқушы болымсызға
айналдырып айтып, қайтарады.
Ойынщық
Қорытынды 10 мин
Ойтолғаныс.
Әр топқа бірнеше болымды етістікті болымсыз
етістікке айналдаруды тапсырады, тапсырманы
постерде жазып, қорғауды, бір-бірін тексеріп,
бағалауды ұсынады.
«Сөздер банкі» әдісімен болымды және
болымсыз етістіктерді ажыратады.
Топтар бірі-бірін «Бағдаршам» арқылы
бағалайды.
Постер, маркер.
Күнделік
Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың
жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім
белсенділік көрсеткенін сұрайды.
Үйге тапсырмаға 60 беттегі 6-жаттығуды беріп, қалай
орындау керектігін түсіндіреді.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Кері байланысты «Таңдау» тәсілімен жазады.
Сабақтан кейінгі
кері байланыс
Қосымша 1
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Үй
тапсырмасы
«Пресс-
конференция»
ойыны
Топтық жұмыс
(оқулықпен)
Топтық тапсырма
«Cөздер банкі»
Қосымша 2
«Таңдау» (Кері байланыс)
Мен сабақта жұмыс істедім
Мен сабақтағы жұмысыма
Сабақ маған
Мен сабақта
Менің көңіл-күйім
Сабақ мен үшін
белсенді, құлықсыз
ризамын, риза емеспін
қысқа, ұзақ
шаршамадым, шаршадым
көтерілді, түсіп кетті
түсінікті, түсініксіз
қызық, қызық емес
пайдалы, пайдасыз
тест.
1. Туынды етістікті табыңыз.А) Аз. В) Жүр С) Көмектес Д) Бар
2. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай Д) Үстеу
3. Болымды етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.Д) Заттың саның білдіреді.
4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз. Ол жұмысын адал басқармады.
А) Ол В) Жұмысын С) Адал Д) Басқармады
5. Күрделі етістікті табыңыз.А) Алып берді В) Кел С) Айтты Д) Жайды
6. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Біз тыңдап отырмыз. В) Олар келе жатыр С) Ол оқып отыр. Д) Мен мектептен келдім.
7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Арман сабақ оқып отыр. В) Балалар мектепте отыр.
С) Сен кешке кел. Д) Ол келмеді.
8. Болымсыз етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.
Д) Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Е) Заттың көлемін білдіреді.
тест.
1. Туынды етістікті табыңыз.А) Аз. В) Жүр С) Көмектес Д) Бар
2. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай Д) Үстеу
3. Болымды етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.
Д) Заттың саның білдіреді.
4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Ол жұмысын адал басқармады.
А) Ол В) Жұмысын С) Адал Д) Басқармады
5. Күрделі етістікті табыңыз.А) Алып берді В) Кел С) Айтты Д) Жайды
6. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Біз тыңдап отырмыз. В) Олар келе жатыр С) Ол оқып отыр. Д) Мен мектептен келдім.
7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Арман сабақ оқып отыр. В) Балалар мектепте отыр. С) Сен кешке кел. Д) Ол келмеді.
8. Болымсыз етістік нені білдіретін белгілеңіз. А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С)
Заттың түрін білдіреді.
Д) Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Е) Заттың көлемін білдіреді.
Қазақ тілі 06.03.2017
Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту. Етістік бойынша
алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру . Сыныпты 5топқа бөлу
2.Өтілген материалдарды қайталау«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!»
Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата?
1-топДара етістік дегеніміз не? 2-топ:Күрделі етістік дегеніміз не?-
3-топ.Негізгі етістік дегеніміз не? 4-топ:Туынды етістік дегеніміз не?
28- жаттығу.Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар
ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ,КҮЛ – КҮЛМЕ,ТӨК – ТӨКПЕ,ЖАЗ – ЖАЗБА,БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
Қосымшалы етістіктерді талдау.Неліктен олай топтадыңдар?
Бірінші қатар іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Екінші қатар іс — әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы
жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады..
Мысал: айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме, т..
3.Оқулықпен жұмыс.29 — жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын
айт
30 — жаттығу.Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса..
1 топ: Ал, аш, жап, сөйле 2 топ: шақыр, тарт, үз, үрле
— Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың?
31 – жаттығу. жатқа жазу
1-топ. Атаңның баласы болма,Адамның баласы бол.
2-топ. Киіміңе мақтанба,Біліміңе мақтан.
— Болымсыз етістіктердің астын сыз. Мақалдардың мәнін түсіндір.
32 — жаттығу. Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт.
1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
4. Малды аяғыңмен теппе. 5. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
6. Кітапты таза ұста.7. Құстарға жемсауыт жаса.
8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
4.Кеспе қағаздармен жұмыс. Әр оқушы алдына қағаздар тарату, кеспе қ
1.Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса
Үйілген сұр төбешік күл ме?
Досыңды мұқатып күлме.
Көліктен секіріп түспе.
Жылтыраған қызыл түс пе?
Етістік
Болымды
етістік
Болымсыз етістік
жина
оқы
шашпа
сыбырла
ойнама
бұзба
кір
оят
баспа
тазалама
5.Шығармашылық тапсырма: «Әдепсіз балаға хат» (әр топ бірігіп хат жазады.)
1.Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса
Үйілген сұр төбешік күл ме?
Досыңды мұқатып күлме.
Көліктен секіріп түспе.
Жылтыраған қызыл түс пе?
Семантикалық карта
Етістік
Болымды етістік
Болымсыз етістік
сал
қорықпа
көтерме
бояма
отыр
жасыр
жүгір
күзетпе
Шаш
алма
5.Шығармашылық тапсырма: «Әдепсіз балаға хат» (әр топ бірігіп хат жазады.)
Ой толғау:Не үйрендік? Не білдік?
1.Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы
жасалатынын.
2.Болымды етістік:Іс — әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
3.Болымсыз етістіктер:Іс — әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді
Үйге тапсырма: 33– жаттығу. Ереже жаттау.
Бағалау парағы бойынша топ басшыларына сөз беру.
1.Болымды етістіктің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктің астын
екі сызықпен сыз.
Аппақ бала, ақ бала
Салақтарды жақтама
Мұнтаздай боп жүреді
Ұқыптылар тек қана
2.Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке
айналдырып жаз:
1. Асан иттен қорыққанын білдірмеді.
2. Мақсат есікі қаққан адамға ашпады.
3. Барлық құстардың тіршілігі бірдей болмайды.
4. Асқар үш досының да пікірін тыңдамады.
5. Бүгін кешегідей жаңбыр жаумады.
3.Адасқан сөздердің орнын тауып, өлеңді көшіріп жаз.
Ақ тайлақ
Бала біткен тулайды,
Бала біткен шулайды,
Тайлақ үркіп шулайды.
Тайлақ үркіп тулайды
«Шөк!» дегенді шықпайды,
«Шөк!» дегенді ұқпайды,
Үй маңынан ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды,
VI Семантикалық картамен жұмыс
Дара,Күрделі етістік Негізгі , Туынды етістік Болымды , Болымсыз етістік
Келді + + +
Келе жатыр + + +
Шашпа + + +
Ойнама + + +
Оқып отыр + + +
VII Жинаған қызғалдақтарының санына байланысты оқушыларды бағалау.
VII Үйге тапсырма беру.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:"Болымды және болымсыз етістік"
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға етістік туралы, оның түрлері туралы
алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге
мүмкіндік туғызу. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы
теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру :Үй тапсырмасын тексеру:
179 бет 47-жаттығу
Сурет мазмұны бойынша құрастырған әңгімелерін оқыту, талдату.
Жан-жақты білімдерін тексеру:
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар, қазір қай мезгіл?
«Көктем» өзінің қандай ерекшеліктерімен басқа мезгілдерден ерекшеленеді?
Ондай болса балалар, бізде «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» атты тақырыпта бастауыш сынып аралығында он күндік
басталды. Осы өлең жолын қай ақынның өлеңінен кездестірдіңдер?
Қане, кімнің есінде қалыпты кім айтып бере алады?
Масатыдай құлпырған көктеміміз де келіп жетті, ондай болса,
осы сабағымызда өзіміздің білімімізді пайдалана отырып, көктем мезгіліне байланысты әр суретке болымды, болымсыз
етістікті пайдалана отырып екі жол өлең құрастырып көрелік. Күн, бұлт, ағаш, тау, бәйшешек, қарлығаш.
Жаңа материалмен жұмыс: Оқулықпен жұмыс
Күн ретін жазу. Көркем жазу Ш ш шағала
49-жаттығу .Жұмбақтың шешуін табу. Жұмбақты көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сызу.
Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер,
Кейде ұйпап кетер.
көрінбейді, ілінбейді (жел)
50-жаттығу (тақтамен жұмыс) .«Жүйрік» тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып қатесіз орындап шығу. Берілген
етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.
бар-барма кес-кеспе жон-жонба
кел-келме аш-ашпа үз-үзбе
51-жаттығу .Мақалдарды жатқа жаз. Мағанасын ашу. Болымсыз етістіктердің астын сызу. Мақалда қандай болу керек
дейді?
1. Өзіңді зор тұтпа,
Өзгені қор тұтпа.
2. Еңбек етпесең, елге өқпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Балалар,ертең қандай мейрам?
52-жаттығу.Суретке мұқият қарап «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастырыңдар. Мәтінде қолданған етістіктерді
ата.
Суретте кімдер бейнеленген?
Олар не істеп тұр?
Аналарына неліктен сыйлық жасады?
Сергіту сәті:
Мәпелейсің мені анам, Сен жетектеп өтерсің,
Қолыңдағы құсыңдай. Мен жаттыға өтермін.
Құлпыра өсіп демалам, Айтқаныңды екі етпей,
Құшағыңда қысылмай. Ақ сүтіңді өтермін
53-жаттығу «Теңге алу» Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып, өлеңді көшіріп жазу.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар...,
Қаңқылдап, сымпылдап, шаңқылдап, қарқылдап
54-жаттығу «Аударыспақ» 2оқушы шығып дұрыс шешімін табу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
Сабақты қорытындылау:
Не білдік? «Бүгінгі күн» шағын шығарма жазу
Үйге тапсырма: 55-жаттығу «Бата» жаттау
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Контрольная работа "Бақылау жұмысы" 3 класс
- Контрольная работа "Бақылау диктанты" 3 класс
- Перевірна робота "Приголосні звуки. Позначення їх буквами. Звуко-буквенний аналіз слів. Апостроф" 2
- Контрольная работа "Письменные приѐмы вычислений в пределах 100" 2 класс
- Проверочная работа "Однокоренные слова" 2 класс
- Контрольная работа "Мазмұндама" 2 класс