Контрольная работа "Бақылау диктанты" 3 класс
Жамбыл облысы
Шу қаласы
№40 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нургалиева Марсиана Байсериккызы(пәні:қазақ тілі бақылау диктанты)
Тақырыбы:Бақылау диктанты
Мақсаты: 1.Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге,
сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: 2.Танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;
3.Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем неден басталады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
-Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?
-Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?
-Неліктен?
ІІІ.Білімдерін тексеру:
Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін
ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша
тексереді.
Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтеді. Қалың ағаштардың арасынан
ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды.
Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен
балапандары пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.Бөдене түлкіден құтылып
кетті.
Тапсырма.
1. Балапандарын, ағаштардың деген сөздерді құрамына талда, белгіле.
2. Ептеп, зая сөздерін басқаша қалай айтуға болады?
ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау.
Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау
жұмыстарын жүргізу.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Перевірна робота "Приголосні звуки. Позначення їх буквами. Звуко-буквенний аналіз слів. Апостроф" 2
- Контрольная работа "Письменные приѐмы вычислений в пределах 100" 2 класс
- Проверочная работа "Однокоренные слова" 2 класс
- Контрольная работа "Мазмұндама" 2 класс
- Проверочная работа "Бөлімді қайталау" 2 класс
- Тест "Бөлімді қайталау" 2 класс