Тест "Бөлімді қайталау" 2 класс

Жамбыл облысы
Шу қаласы
№40 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдыкаримова Айгуль Дуйсеналиевна
Пәні: Ана тілі
2-сынып тест
Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау(тест)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен бөлім бойынша игерген білім дағдыларын
бақылау.
Дамытушылық. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттыру.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі
мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін
қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке
баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Бөлімді қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:
Сылдыр қағып , таудан құлап
Жатыр ағып мөлдір ... .
А) Құрақ Ә) Бұлақ Б) Арық В) Теңіз
2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.
А) Ж. Жабаев. Алатау Ә) С. Сейфуллин. Көлде
Б) С. Ванчели. Дельфин В) Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ
3. Балықтың қимылына қатысты сөзді ата.
А) Бақырып Б) Жүгіріп
Ә) Ақырып В) Шоршып
4. Аузыңнан дәмі кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта.
А) Өте ащы Б) Өте дәмді
Ә) Өте тұщы В) Өте жұмсақ
5. Мақал-мәтелдерді дұрыс аяқта: Сулы жер – ...
А) құнарлы жер Б) таулы жер
Ә) нулы жер В) қарлы жер
6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.
А) Жасын Б)Бұршақ
Ә) Жалын В) Жаңбыр
7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.
А) Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ
Ә) С. Сейфуллин. Көлде
Б) С. Көбеев. Түлкі мен қырғауыл
В) Ж. Жабаев. Алатау
8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.
А) Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә) С. Сейфуллин. Көлде
Б) Ш. Айтматов. Жау шапқанда
В) Л. Толстой . Өрттен құтқарушы иттер
9. С. Ванчелидің әңгімесінде кемені апаттан құтқаратын не?
А) Балық Б) Пингвин
Ә) Дельфин В) Теңізші
10. Ұядан құлап қалған балапанды көрсең не істейсің?
А) Өтіп кете беремін
Ә) Байқамаған боламын
Б) Ұясына көтеріп саламын
В) Аяушылық білдіремін
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.