Контрольная работа "Мазмұндама" 2 класс
Жамбыл облысы
Шу қаласы
№40 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдыкаримова Айгуль Дуйсеналиевна
Пәні: Ана тілі
Мазмұндама 2-сынып (на русском языке изложение )
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды мазмұндама жазуға үйрету.Мәтіндердің мазмұнын өз ойымен
кеңейтіп жазуға баулу.
Дамытушылық: Оқушының ойын дамыту арқылы жазбаша сөйлеу тілін дамыту.Қоршаған
ортасына зерттеу жүргізе отырып, ойтұжырымдарын қағаз бетіне түсіруге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Іріктелген мәтін мазмұнына сәйкес оқушыларды туған жерін қастарлеуге,
адалдыққа, айнала қоршаған ортаны қорғауға, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге
қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мазмұндама жазуға қойылатын талаптар мен бірқатар ескерілетін жағдайлармен таныстыру.
Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде
баяндап беру.
Мазмұндамаға қойылатын талаптар:
1. Мәтін мазмұнының бұрмаланбай, рет-ретімен баяндалуы.
2. Жоспардың әр тармағы өз дәрежесінде толық баяндалуы.
3. Емле, тыныс белгісі ережелерінің дұрыс қолданылуы мен жазу каллиграфиясының сақталуы.
4. Сөздердің дұрыс қолданылуы мен сөйлемдердің үйлесімді болуы.
Сонымен қатар оқушылардың бір-бірінен көшіріп алмау сияқты тұстарды да ескерткен жөн.
Қасқырлар.
Жолаушылар тоғайға тап болды. Олар тоғаймен көп жүрді. Аттары да шаршады. Одан әрі жүруге
мүмкін болмады. Сөйтіп, тоғайдың ішінде қонып қалды. Ағаштың бұтақтарын кесіп, от жақты. Содан
кейін жатып қалды. Бір уақытта қасқырлардың ұлыған даусы шықты. Жолаушылар қасқырлардың
оттан қорқатынын білетін еді. Олар отты лаулата түсіп, қасқырлардың келуін күтті. Қасқырлар
жақындады. Олар көп екен. Аш қасқырлар отқа жақындап келіп, шоқиып отырып алды. Арада бір
сағат өтті. Қасқырлар кетпеді. Жағатын отын азайды. Аттар қорқып пасқырынып тұр. Жолаушылар
қобалжи бастады. Бір кезде олар жанып тұрған бұтақтарды қолдарына ұстап, қасқырларға қарай
жүгірді. Қасқырлар қаша жөнелді. Сол кезде әлгі бұтақтарды жанған күйі қасқырларға лақтырды.
Қасқырлар мүлдем қашып кетті.
Түсіндірілетін сөздер: ұлыды, лаулады, қобалжи бастады.
Жоспар
1. Жолаушылардың тоғайға қонып қалуы.
2. Оларға қасқырлардың кездесуі.
3. Қасқырлардан құтылу.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Проверочная работа "Бөлімді қайталау" 2 класс
- Тест "Бөлімді қайталау" 2 класс
- Тест по содержанию обновленной программы образования 1 класс
- Контрольная работа "Қазақ тілі сабағында қосымша тапсырма ретінде орындауға болады" 1 класс
- Контрольная работа "Әдәпле булыйк" 1 класс
- Контрольная работа "Мәтіннің мазмұнын өңдеу. Қазақ тілі сабағында қосымша тапсырма ретінде орындауға болады" 1 класс