Конспект урока "Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда"
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №2 орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа
деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімді-
лікке баулу.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: Спорт зал
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кегли, секіргіш, арқан, шар т.б
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
II. Негізгі бөлім
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі сынып жетекшілер апталығына орай
ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Жүйріктен жүйрік озар-
жарысқанда» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 1 «а» - 1 «ә» сынып
оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
1. «Тұлпар» тобы, 1 «а» сыныбы
2. «Бәйтерек» тобы, 1 «ә» сыныбы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Жарыкова Бақыт Тілеуқызы.
2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Жапакова Гульзат Санатқызы
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :
1. «Өз тобыңды таныстыр»
2. «Жүйрік ат»
3. «Мәреге кім бұрын?»
4. «Әтештер сайысы»
5. «Шар ату»
6. «Допты бастан асырып беру»
7. «Кегли»
8. «Орыннан секіру»
9. «Тіркесіп жүгіру»
10. «Арқан тартыс»
11. «Сурет салу»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып топ өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1-тур: «Өз тобыңды таныстыр»
Олай болса, ортаға «Тұлпар», «Бәйтерек» топтарын ортаға шақырамыз.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2-тур: «Жүйрік ат»
Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп
түсіреді.
3-тур: «Мәреге кім бұрын?»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып
секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына
тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
4-тур: «Әтештер сайысы»
Ойынның шарты: Әр командадан 2 ұл, 2 қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-
бірімен күш сынасады.
5-тур: «Шар ату»
Ойынның шарты: Отырып қаз жүрісімен жүріп барып, белгіленген жерден шарды атып жару.
6-тур: «Допты бастан асырып беру»
Ойынның шарты: Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан
асырып екіншіге, екінші –үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты
ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын
бастауышы өз орнына келгенше жалғасады. Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске
жетеді.
7-тур: «Кегли»
Ойынның шарты:Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда
көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.
8-тур: «Орыннан секіру»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге
таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай
секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9-тур: «Тіркесіп жүгіру»
Ойынның шарты: Алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып, үшінші ойыншыны тіркестіріп
жүгіріп шығу.
10-тур: «Арқан тартыс»
11-тур: «Сурет салу». Ойынның шарты:
1. Ұш шығарғышты апару;
2. Қарындашты ұш шығарғышпен ұштау;
3. Қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу;
4. Не салу керектігін ыммен түсіндіру;
5. Берілген суретті салу.
III. Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, -
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың
қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
1 орын –«Тұлпарлар» тобы, 1 «а» сыныбы
1 орын – «Бәйтерек» тобы, 1 «ә» сыныбы
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Шәкірттеріміз аман болсын!
Бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар- жарысқанда» спорттық сайысын, Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!