Сынып сағатының тақырыбы "Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?"

Сынып сағатының тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы Конституция
туралы білесің бе?»
Сынып: 1-2-3-4 «ә»
Күні: 01. 09. 20
Сынып сағатының мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі
кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім
беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып,
олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға
патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, видео материалдары
Тәрбие сағатының барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Болжау кестесі. Төмендегі суреттермен танысып, бүгінгі сынып сағатының
не туралы екендігін анықтайық
-Кім біледі екен?
ҚР мемлекеттік әнұраны
Иә, дұрыс айтасыздар, оқушылар біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы да
осы ҚР Ата заңы туралы болмақ. Ендеше, мен сіздерге Ата заң туралы мағлұмат
бере кетейін. Мұқият зейін қойып тыңдаңыздар.
ІI. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы
қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі өзінің егемендік
құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз мемлекеттік мереке
ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция
Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы
кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен
тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар
үшін басты қағида болып есептеледі.
Балалар, төмендегі өлең жолдарын мұқият тыңдап отырып, онда не туралы
айтылғанын бірге талдайық.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым–ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда – парасатым, пайымым.
Алтын Заңда – күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады).
ІІІ. Кім біледі? Сонымен, 30 тамыз қандай атаулы мереке болды?
(Конституция күні)
Ал, 1-Қыркүйектің ерекшелігі қандай? (Білім күні)
Дұрыс айтып отырсыздар.
Құрметті, оқушылар! Конституция туралы білімімізді әрі қарай толықтыра түсейік.
III. «Екі жақты күнделік».
Конституция дегеніміз қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,
мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін,
азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституция Ата заң
(Конституцияның бірнеше баптарымен таныстыру).
1 Бап. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7–Бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл Қазақ тілі.
27 Бап. 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы
әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап. 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына
кепілдік беріледі. Орта білім алуға міндетті.
36 –Бап. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті
парызы және міндеті.
ҚР мемлекеттік елтаңбасы –
ҚР мемлекеттік туы –
ҚР мемелекеттік әнұраны -
V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін
саралау)
VІ. Қорытынды. «Бес жолды өлең» (Синквейн)
Зат есім – Ата заң
Сын есім – мемлекеттік, заңдық, құқықтық, ауқымды т.б.
Етістік – бірнеше құрылымна тұрады, басты қағида болып есептеледі т.б.
Синоним – Конституция, құжат т.б.
Сөйлем – Ата заң елдің басты саяси құжаты.
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің
құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын
пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы елдің басты саяси құқықтық
құжаты. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты
адамға тән қасиеттер болады. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз
Отанын танып, сүю, оның заңдарына бағыну– бұл әр адамның азаматтық
жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы
болып есептеледі.