Презентация "Сәлем - сөздің анасы"
Подписи к слайдам:
- «Сәлем - сөздің анасы.»
- ІІ.Негізгі бөлім.
- 1. Амандасу әдебі:
- Кез-келген танысу алдымен сәлемдесуден басталады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе! (саламатсыз ба)», «Амансыз ба! (есенсіз бе)», «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп амандасқан дұрыс. Бірақ есіңде болсын әрбір амандасудың өз уақыты бар.
- Таңғы сағат 6 мен күндізгі 12 сағаттың арасында «Қайырлы таң!»
- күндізгі 12 сағат пен 18 сағаттың арасында «Қайырлы күн!»
- 18 сағат пен 24 сағаттың арасында «Қайырлы кеш!» деп амандасса,
- - 24 сағат пен 6 сағаттың арасында «Қайырлы түн!» тілеу керек.
- Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар. Қол беріп амандасу, Төс қағыстырып амандасу, қолдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу, иіскеп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу.
- Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес. Қол алысу әрқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай етіп қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынған дұрыс емес.
- Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанашын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.
- Қолдан сүйіп амандасу — әжелердің, апалардың жақсы көретін балаларын, жасөспірімдерді қолынан сүюі. Қолдың сыртынан ғана сүйеді, алақаннан сүюге болмайды.
- Көзден сүйіп амандасу әжелер мен апалардың өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
- Иіскеп амандасу – қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.
- Маңдайдан сүйіп амандасу – үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.
- 3. Әр ұлттың амандасудағы ерекшеліктері
- Келін сәлемі
- Европалықтардың қолдан сүйіп амандасуы.
- Ағылшындардың бас киімін шешіп
- амандасуы
- Тайландтықтардың амандасуы
- Корея халқының үлкендерге,жастардың бір-біріне амандасуы
- Япондықтардың сәлем беруі
- Үнді қыздарының сыпайы сәлемі
- Поляк жігітінің ізетті сәлемі
- Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады.
- Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. Сәлемдесуден жалықпайық.
- Сәлеміміз түзу болсын!
- Сәлемдесер адамымыз көп болсын!.
- Назарларыңызға
- рахмет!!!
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Проверочная работа по обучению грамоте и письму 1 класс I четверть1
- Технологическая карта урока "Время. Единица времени - час" 2 класс
- Викторина по литературному чтению "По дорогам сказок" 1-2 класс
- Конспект урока "Н.Н. Носов «Фантазёры»" 2 класс УМК «Школа России»
- Словарный диктант по крымскотатарскому языку 2 класс
- Классный час "Подвиг Ленинграда"