Конспект урока "Жабайы қасқыр"
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізілу күні: 11.01.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Аңдардың қысқы қызығы.»
Тақырыбы: Жабайы қасқыр
Мақсаты:
Дамытушылық: сурет арқылы сөйлеу белсенділіктерін арттыру
Оқыту: қасқырдың тіршілімен таныстыру,сурет бойынша әңгіме құраструға
үйрету.
Тәрбиелік: аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: қасқыр- волк, орман-лес, қыс-зима
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
-Жылдың қай мезгілі
-Бүгін қай күн
Бір аптада неше күн бар?
-қыста жануарлар қайда өмір сүреді
-Олар немен қоректенеді?
Жануарларды атайықшы?
Қандай жануарларды білесіндер
Сөздік ойын: «Жалғасын тап»
Ең айлакер аң.... Аң патшасы.....
Мысыққа ұқсайтын аң....
Ауыл маңын ториды....
Үстінде тікенегі бар....
Қасқыр –ерекше, жыртқыш жануар. Ол орманда өмір сүретін. Баласын- бөрі
деп атайды.
Д/О: «Не артық?»
Үй жануарларының ішінен жабайы жануарды табу.
- Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Неге жабайы дейміз?
Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап.
Қасқыр шықты ырылдап
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап-қарап алыңдар.
Тарғыл түсті
Ерен күшті.
Қанжардай тісі бар
- Қасқырдың сүйікті асы қандай? Ет
- Қасқырдың түсі қандай?
Қасқырдың түсі қандай?
- Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады.
- Қасқыр қайда мекендейді?
- Орманда, далада.
Бұл қандай аң екен?
Дыбыстық жаттағулар орындайық:
- Ыр, ыр, ыр ырылдайды
қасқыр,
- Кі, кі, кі бұлаңдайды
түлкі,
- Ян, ян, ян жүгіріп
жүр қоян,
- Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.
Қ/О: "Көлеңке"
Орман тоғайдағы аң құстар, жан –
жануарлар серуенге шықты. Кәзір солардың қимылын салып көрейік. Көлбең
көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем. Қане қатар тұрайық, үлкен шеңбер
құрайық! Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем, қасқыр қалай
жүреді, кім көрсете біледі.
Қорытынды:
-Қасқыр қандай жануар?
- Түсі қандай?
-Баласын не деп атайды?
-Қалай дыбыс шығарады