Конспект урока "Алақай, қыс келді!"
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізілу күні: 04.01.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қыс қызығы»
Тақырыбы: «Алақай, қыс келді!»
Мақсаты:
Дамытушылық: Қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру. Өз ой −
пікірлерін айтып, қуанышымен бөлісуге үйрету.
Оқыту: Қыста қандай өзгерістер болатынын балаларға түсіндіру және
адамдардың ауа райына байланысты қалай киіну керек екені туралы айту.
Тәрбиелік: Табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, алақай-ура, қар-снег, аяз-мороз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын алайық
Жиналған жылы шуақты,
Достарыма сыйлайық
-Жыл мезгілдерін атайықшы?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс екенің қайдан білдіңдер?
-Қар қайдан жауады.
Қыс мезгілінің нешінші айы?
Қалай аталады?
Балалар қыста адамдар қалай киінеді?
Не себепті?
Дұрыс айтасындар күн салқын.
-Қыс мезгілінде болатын құбылыстарды атайықшы?
-Қар жауады, боран, тұман, аяз болады.
Негізгі бөлім:
Ал, біз қыста қандай ойын ойнаймыз?
Қолымызға не киеміз?
Не себепті?
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгіліне сай киімдерді орналастыр»
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айту. Жұмысты бірлесе
жасауға, зейін қойып тыңдаруға баулу.
Ойынның шарты:
Балаларға киім түрлері үлестіріледі, жыл мезгілдерінің атын айтып, киімнің
және не себепті осы жыл мезгіліне жатақызғаның сұрау. Осылай ойын
жалғасады.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, алақай-ура, қар-снег, аяз-мороз
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға бір қарайық,
Солға бір қарайық,
Алақанды соғайық.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Суретпен жұмыс
Балалар қысқы көріністерді көрсетіп суретке ат қойып, суретте қандай оқиға
болып жатқандығын айтқызу. Сөйлем құрау.
Дидактикалық ойын «Қуыршақты киіндір»
Мақсаты: Киім атауларын айтқызу. Орналастыру ретін есте сақтауға баулы.
Ойын шарты: Ұл бала мен қыз бала тақтаға ілінеді балалар оларға арналған
киімдерді тауып қояды.
Қорытынды:
Балаларды мақтау, мадақтау,
-Қыс мезгілінің нешінші ай?
Қалай аталады?
Қандай мерекені тойлады?