Конспект урока "Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе"
Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре
отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын
дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті
қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Балалард мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, ой-қозғау,сергіту сәті, көрмені шарлау.
Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Қажетті–құралдар: Түрлі-түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінігі күнімізді бастайық!
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Балабақшаға неше күн келеміз?
- Балабақшаға 5 күн келеміз.
- Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу–қызметі болады?
- Экология негіздері. Аппликация
- Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?
- Жарайсыңдар балалар!
- Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Өзім туралы. Менің көмекшілерім. Туған өлкенің
өсімдіктері т.б.
- Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз. Қазақ халқы - қонақжай халық. Қонақ келген
кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастархан жаямыз.
- Қазақ халқы қашаннан қонақжай халықпыз, дастарханннан дәм кетпеген «Қонақ келсе - құт» әкеледі деп әң
тәтті тамақтарын қонақтарына қойған. Үйіне келген қонағын қадірлей білген, сый-құрмет қошемет көрсетіп
кішілік танытқан .
Дидактикалық ойын: «Не жасырылғанын тап»
Шарты: Тақтада ыдыстардың түрлі суреттері ілулі тұрады.
Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет жоқ екенін айтады.
Тәрбиеші: Келген қонақтарға көрсетілетін құрметіміз мамаларымыздың толтырып жайған дастарханы екен.
- Балалар мамаларың үйлеріңе қонақтар келгенде дәмді тамақтар пісіреді ме?
- Қандай тамақтар пісіреді?
- Ата-аналарың келген қонақтарды күтіп, құрмет көрсетеді ме?
- Ия
- Келген қонақты қайда отырғызады?
- Үстел басына шақырады.
Үстелге не төсейміз?
- Дастархан.
- Дастарханға не қоямыз?
- Әр түрлі тағамдар қоямыз.
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыстарға
-Ыдыс-аяқтың қандай түрлерін білесіңдер.
-Бұларды балалар бір сөзбен ыдыстар деп атайды екенбіз.
Сергіту сәті.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
- Балалар сендер өте дұрыс айтып отырсыңдар, енді бүгінгі оқу қызметімізде қонақтарға шәй ішуге ұсынатын,
қызғалдақ гүлімен әшекейленген кесемізді жапсырайық.
- Балаларға жасалу жолын көрсетіп түсіндіремін.
Балалардың жұмыстарын қарап, жеке көмекті қажет ететін балаларға көмектесемін.
Қорытынды: Қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін, бекіту, жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып,
оқу қызметін қортыпдылап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақ халқының қонақжайлылығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі қонақ әдебімен танысып білді.
Нені меңгерді: Қағаздан қиылған кесені желімді пайдалана отырып, қызғалдақ гүлімен безендіруді меңгерді: