Презентация "Күз сыйы"
Подписи к слайдам:
“№7 “Ақ бота” ясли-бақшасы” КМҚК
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: “Күз сыйы”
Тәрбиеші: Шулембаева Кулаш Қайсақанқызы
Мақсаты:
Балаларды күз көрінісін сипаттай білуге үйрету, күз айларын атай білуді, сөздік қорларын байыту.
Міндеттері:
Ойлау, есте сақтау, түсіну қабілеттерін жетілдіру, дамыту.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Күзгі табиғат өзгерістері туралы сурет бойынша құрастыруға үйрету.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендердi көрсем қуанам!
Шаттық шеңбері:
Сөздік жұмысы:
Дәрумендер, жемістер, көкөністер.
Керекті құралдар:
Күз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер,
жемістер мен көкөністердің
суреттері, ноутбук.
Қостілдік компонент:
Көкөністер–овощи, жемістер – фрукты,
дәрумендер – витамины.
Сиқырлы жапырақ
Кім осы жапырақты алады, сол күз мезгілінің бір ерекшелігін айтады.
Күзде күн суытады.
Күзде жаңбыр жауады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Күзде адамдар жылы киінеді.
Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Күзде жеміс-жидектер піседі.
Күз мезгілінің ерекшеліктері:
1 тапсырма
Жұмбақтар
Қызыл түсті дөңгелек,
Ортасында дәмі бар,
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар.
Алма
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Қарбыз
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Пияз
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Түймелеуге жетпейді.
Орамжапырақ
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.
Сәбіз
Жаңбыр, жаңбыр жауады.
Жерге тырыс-тырыс тамады.
Қолшатырды аламыз,
Жемістер мен көкөністерді
Жылдам жинап аламыз.
Сергіту сәті:
2 тапсырма
Дидактикалық ойын:
«Себетке жемістерді жина»
Дидактикалық ойын:
«Себетке көкөністерді жина»
3 тапсырма
Дидактикалық ойын:
«Не артық?»
Білу керек: Жеміс пен көкөністерді ажыратуға,олардың ерекшеліктерін атай алуға.
Болу керек: Жемістер мен көкөністер жайлы түсінік.
Істей білу керек: Сұрақтарға толық жауап беруді,тапсырманы орындауды.
Күтілетін нәтиже: