Сценарий "Тәрбиеші Балабақша жүрегі"
Тақырыбы: «Тәрбиеші Балабақша жүрегі»
Жоспары:
І. Ашылу салтанаты
ІІ. құттықтау сөз
ІІІ. Сайыстың өтуі
ІҮ. Марапаттау, номинациялар беру
Ү. Қорытынды
Мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру,
педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға
бағытталған. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Шарты:
1. Өзін өзі таныстыру
2. Мақал-мәтел (жалғасын табу)
3. «Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)
4. «Өнерлі өрге жүзер» Тәрбиешінің өз өнері
5. Қол өнері
6. Сән үлгісі 2018 жыл
Жүргізуші: - Құрметті әріптестер, ұжымдастар! Бүгінгі «Тәрбиеші
Балабақша жүрегі » сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас
бұрын балақша-бақша меңгерушісі Ансагаева Анар Жаркенқызына сөз
кезегін ұсынамыз!
Жүргізуші: - Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына
адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп
тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам
өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни
педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың
бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің
тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.
Тәрбиеші...
Осы сөзде қаншама ұлылық бар
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Журекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты тәрбиешіге шын көңілден
Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе тәрбиешілерімізді қол соғып
қошеметтеп ортаға шақырайық. Тәрбиешілеріміз дайын болса,
сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс
шарттарымен таныс болыңыздар:
1.Өзін өзі таныстыру
2.Мақал-мәтел (жалғасын табу)
3.«Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)
4.Тәрбиешінің өз өнері
5.Қол өнері
6.Сән үлгісі 2018 жыл
Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін
таныстырып өтейін.
Әділқазы төрайымы:
Науырзым ауданының Білім беру бөлімінің әдіскері Валиева Қанымкүл
Әлібекқызы
Мүшелері:
Енді қай тәрбиеші бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтаймыз.
Олай болса, тәрбиешілер менің қолымдағы жеребені ашып көру арқылы
қай тәрбиеші бастайтынын анықтап берсін.
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.
1. Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін
таныстырады.
(Әділ қазылардан әр бөлім бойынша ұпай санын сұрап отыру).
Жүргізуші: - 2- бөлім «Мақал- мәтелдерді жалғастыру»,
Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
Табиғат жер байлығы,
Батырлар ел байлығы.
Намысы бар жігіттің,
Нар күшіндей күші бар.
Адам мен адам арасы,
аспан мен жердей.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.
Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.
Жүргізуші: -Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың 3 бөлімі
бойынша «Тапқырлық танытыңыз» (педагогикалық жағдаяттар) сайысын
бастаймыз.
1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан
хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан
кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі
көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз
қандай болады?
2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды
сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды.
Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге
болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның
алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып
алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз?
Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4. .Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал
балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда
желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз»
деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала
жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.
Жүргізуші: Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып,
Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра, 2-ші бөлімі бойынша «Өнерлі
өрге жүзер» сайысын бастаймыз
Жүргізуші: - 5- бөлім «Тәрбиеші қол өнері»
Жүргізуші: Өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның
уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс, - демекші келесі
сайысымызды бастаймыз.
6. Сән үлгісі – 2018. Бұл сайыста тәрбиешілер киім үлгілерін көрсетеді. Ал,
енді барлық тәрбиешілерді қошеметтеп қарсы алайық «Сән үлгісі 2018»
Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша ортаға шығып билеп
алыңыздар.
Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар
алқасына сөз беріледі.
( Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).
Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат
Қарға емес, қыранға өзін балап.
Жас қанатта жетеді мұратына
Болса егер таудан да биік талап
Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл
мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге
шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!
Скачать материал
Ат жақсысын ...,
Адам жақсысын ....
Анам берген ... тілім,
Атам берген ... тілім.
Ана сүті бой ...,
Ана тілі ... өсіреді.
Алтын ұяң — ... қымбат,
Құт-берекең — ... қымбат,
Аймалайтын — ... қымбат,
Асқар тауың — ... қымбат
Бұлбұл ... сүйеді,
Адал адам ... сүйеді.
Әкесіне ... ұл тумас,
Шешесіне қарап ... тумас.
Адамның табиғатсыз ... жоқ,
Табиғаттың оны айтар ... жоқ.
Табиғат ... байлығы,
Батырлар ... байлығы.
Намысы бар ...,
Нар күшіндей ... бар.
Адам мен ... арасы,
аспан мен ....
Ақ сауыттың ... бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ... бар, кегі жоқ.
Ынтымақ түбі –...,
Тірлік түбі – ....
Ағайын тату болса – ... көп,
Абысын тату болса – ... көп.
Рахат түбі — ...,
Бейнет түбі — ....
1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан
хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан
кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі
көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз
қандай болады?
2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды
сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды.
Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге
болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның
алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып
алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз?
Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4. .Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал
балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда
желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз»
деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала
жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.