Конспект урока "Бабалар сөзі – даналық көзі" 3 класс

Күні:
Пәні: Өзін-өзі тану
Сынып: 3 б
Сабақтың тақырыбы: Бабалар сөзі – даналық көзі
Құндылық: Балаларға "даналық", "ақиқат" құндылығы
туралы айтылады
Қасиеттер:
- Даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастырады,
- Ой- қабілеттерін дамытады;
- ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелейді;
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, ойлауын дамытады, ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.
Міндеті: "даналық"- асыл сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл
сөздер арқылы әдептілікке жаксы адам болып өмір сүруге жетелейді.
Ресурстар: интерактивті тақта, бейне таспа, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену .
Үй тапсырмасын тексеру .
Сұрақ-жауап.
(оқушылар пікірлерін айтады)
Дәйексөз.
Әдептілікті данадан үйрен. Халық даналығы
Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты; ұрпақтан – ұрпаққа беріліп,
бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер Атадан балаға мирас болып қала береді.
Мұғалім әңгімесі
Асан ата ақ сақалын тарамдап, балаларына өсиет айтты:
- Балам, Абай атаның әрбір сөзін жаттап ал,- деді ол немересіне.
- Ақынның ақыл берер сөзін ойға тоқып, жаттап ал, балам.
- Абай бабамның өлеңдерін жатқа білемін,- деп Ғалымбек атасына күлімдей қарады.
- Абайда "бес асыл іс" деген сөз бар. Оның мәнісін айтшы, балам ?
- Білемін, ата. Ол – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Мұғалім сұрақ қоюы:
- Терең ой, қанағат, рақым, сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер ?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Ата, қазақша "Азға - қанағат, көпке – салауат" деген мақал бар, оның мәні неде ? - деп
Ғалымбек сұрақ қойды.
- "Азға - қанағат" деген сөз аз да болса, бар нәрсені бағала" деген мәнді білдіреді,- деп ата
немересіне елжірей қарап, жауап берді.
Мұғалім:
- "Ақыл - жастан" дегенді қалай түсінесіңдер ?
- Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер ?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар. "Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті
болады" деп Абай атамыз айтқандай, даналардың әр сөзін көңілге тоқып, өмірде
пайдалана біліңдер.
Шығармашылық жұмыс
1 топ
- Нені білу парыз?
- Туған жерді сүю-парыз,
Сүю үшін білу - парыз...
2 топ
- Дүниеде не қымбат ?
- Әлпештеген анам қымбат,
Еркелеткен атам қымбат...
Отанды қорғау - парыз,
Күзетінде тұру - парыз.
Білім берген ұстаз қымбат,
Ақыл берген досым қымбат.
Оқушылардың ойы толықтырылады.
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жерді, Отанды, туған-туысты, табиғатты сүю – ол
біздің парызымыз.
- Ата-бабалардың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа,
сүйіспеншілікке баулиды.
"Адамзаттың сан ғасырлық жинақтаған білімі мен тәжірибесі даналық деп аталады.
Даналық адамның өмірде дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді".
М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазу.
Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел . . .
Оқуда зейінді бол,
. . . бейімді бол
Топпен ән айту
Алтын сөз Н.Айтов
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаңда әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің гүлі бол!
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі – алтын сөз.
Үйге тапсырма:
Бірлігі жарасқан халықпыз (оқып, түсініп келу. Даналық нақыл сөздер іздеу)
Күні:
Пәні: Өзін-өзі тану
Сынып: 3 б
Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз
Құндылығы:ішкі тыныштық
Қасиеттері: бірлік, ынтымақтастық,достық.
Оқушылар саны: 20
Мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» туралы түсініктерін
кеңейте отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-бірлік қасиетін ұғындыру,
- ынтымақтастық қасиетін дамыту,
- ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: (5 мин)
Үй тапсырмасын тексеру. «Туысқан ел» өлеңі.
Дәйексөз .
«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.»
Халық мақалы
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.
Ауызбіршілік ең бірінші қайдан басталады?
Әңгімелесу: «Досты қалай табу туралы» ертегі
Ертеде бір ерке бала болыпты.Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды
екен.Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты,тек оның бірге ойнайтын досы
болмапты. Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің
сөзіне құлақ түрмей,өзінің айтқанымен жүреді екен.бірақ оған ешкім сенің
бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты. Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:
«Барлық балалар менен теріс айналады.ешкім менімен дос болғысы
келмейді.менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,-деп ойлайды.
Бір уақытта:
-Ендеше,мен сенің досың болайын,-деген біреудің дауысы естіледі. «Бұл
кім?»-деп бұрылып артына қарағанда керуеттің үстінде отырған кішкентай
адамды көреді.Бала аң-таң болып оған қарап қалады.
Жаңағы кіп-кішкентай бала қарапайым адамға мүлдем ұқсамайтын еді.Ол
сарғыш түсті,мөлдір,бірақ оның тұла бойы қарапайымдылыққа толы екенін
сезіліп тұратын.
-Сен қай елден келдің?-деп бала одан сұрайды.
Кішкентай бала өзінің Мейірім деп таныстырып,өзінің басқа елден келгені
туралы,ол жерде бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты.Ол
Жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін,бірақ қазір оның күші
жеткіліксіз екенін,ол тек бір балаға ғанакөмек бере алатынын жеткізді.
-Айтшы,Мейірім,мүмкін сен білетін шығарсың менің неге досым жоқ? Бәрі
менен неге теріс айналады.Көмектесші маған,-дейді бала.
-Бұл өте оңай,айналаңдағылырды жүрегіңмен тыңдауың керек.Қасыңдағы
адамдарды жақсы көріп,олардың саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу
керек.Сондықтан өзің үшін ғана емес,басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.
Сөйтіп,олар бірден достасып кетеді.Олар кештерді бірге өткізіп,қызықты
әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да,көп нәрсе білетін.Ол
өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады. Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне
әрқашан разы еді.
-Рақмет,саған Мейірім,сенің қасымда болғаның қандай жақсы.Сен менің
5-т
Татулық,
тәртіп, талап,
тыныштық,
тазалық.
Бейне ролик
нағыз досымсың!
Осылай уақыт өте береді.Бір күні бала үйіне қуанып келді.
-Мейірім,бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн.Мен арманыма
жеттім.Ақырында мен өзіме дос таптым.Бұл өте бір керемет.Қасыңда қашанда
көмекке дайын тұратын сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны
қандай жақсы.
Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқтамастан айтып жатты.Бірақ
оны ешкім тыңдаған жоқ.Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ.Осы уақыт
ішінде Мейірім баланы көп жақсы істерге,дос болуға және өзіне қалай дос
табуды үйретіпті.
Бала қалай өзіне дос тапқан соң,Мейірім солай өзінің ғажайып,сиқырлы еліне
қайту керек еді.Мейірім өзінің ісін бітіріп,балаға достықтың не екенін,дос
бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.
Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланды. Бірақ Мейірім баланың
мәңгіге жүрегінде қалды.Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейіріммен
ақылдасып,жүрегін тыңдайтын болыпты.
Мәтін бойынша сұрақ:
1.Қандай бала болыпты?
2.Ол кіммен кезікті?
3.Басына іс түскенде кіммен ақылдасатын болды?
Құндылық бойынша сұрақ:
1.Біздің бойымызда достық қасиет бар ма?
2.Бірлікті қалай көрсетеміз?
3.Досымызға адалмыз ба?
Шығармашылық жұмыс:
«Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме жазу.
Топпен ән айту:
Күн күледі
Сөзін жазған Қ. Толыбаев.
Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы-гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.
Алау оты шоқтай жайнап,
Бетімізден өбеді.
Шапқылайды алақайлап,
Бізді жақсы көреді.
Үй тапсырмасы. 8- сабақтан «Біздің Мәншүк» мәтінін оқып келу.
Тыныштық сәті.