Конспект урока "Жазбаша қосу және азайту" 2 класс

САБАҚ ЖОСПАРЫ
КҮНІ: 2.02.2017
Мектеп: № 220
ПӘНІ: математика
Оқытушының аты-жөні: Изекеева Райса
СЫНЫП: 2 Г
Қатысушылар саны: 28
Қатыспағандар: 1
Сабақтың тақырыбы:
Жазбаша қосу және азайту
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
(мақсаттары)
Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып, қосып, азайта
білу; есептің шығарылу жолын түсіну, шығармашылық
тапсырманы орындай алу.
Сабақтың
мақсаттары
Барлық оқушылар: екі таңбалы сандарды баған түрінде
жазып, қосып, азайта алады
Оқушылардың басым бөлігі: екі таңбалы сандарды баған
түрінде жазып, қосып, азайта біледі; есептің шығарылу
жолын түсінеді
Кейбір оқушылар: екі таңбалы сандарды баған түрінде
жазып, қосып, азайта біледі; есептің шығарылу жолын
түсінеді, шығармашылық тапсырманы орындай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Түсіндіре отырып, жазбаша қосу мен азайтуды
орындай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: бірліктерге бірліктерді,
ондықтарға ондықтарды қосамын, азайтамын.
Сыныптағы диалог / жазылым үшін тілдік бірліктер:
сандарды баған түрінде жазып аламын, бірліктерге
бірліктерді, ондықтарға ондықтарды қосамын, бірліктерден
бірліктерді, ондықтардан ондықтарды азайтамын
Талдауға арналған тармақтар: егер бірліктерге бірліктерді
қосқанда ондықтан асып кетсе қалай жазамыз ? Егер
азайғыштың бірлігі азайтқыштың бірлігінен кем болған
жағдайда қалай орындаймыз ?
Сіз неліктен жазбаша қосу мен азайтуды түсіндіре отырып
шығару керек екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар: баған түрінде екі таңбалы
санға екі санды қосып немесе азайтқанда бірліктің астына
бірлік, ондықтың астына ондық тура жазылу керек.
Алдыңғы тақырып
Қосу және азайту
Жоспар
Жоспарла
нған
уақыт
Ресурстар
Басталуы
7 мин
слайд
Екі таңбалы
сандар
жазылған
қима
қағаздар
Ортасы
28 мин
онд
бірл
онд
бірл
Оқулық,
дәптер,
жұптық,
топтық
жұмыс
орындауға
арналған
қима
қағаздар
критерийлер
дискрипторлар
3
балл
2 балл
1балл
Шартының
құрылуы
Шешу жолы
Жауабының
дұрыстығы
Есептің
шарты,
сұрағы,
шешуі,
жауабы
жазылған
қима
қағаздар
Бағалау
критерийі
жазылған
кесте
Тапсырма
лардың
дұрыс
жауаптары
жазылған
қима
қағаздар
Аяқталуы
10 мин
Деңгейлік
тапсырма
жазылған
парақшалар
,
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Тақтамен жұмыс
барысында қосымша
жетелеу сұрақтары
арқылы қосымша көмек
бере аламын, жұптық,
топтық тапсырмаларды
орындау барысында
оқушылар бір-біріне
қосымша көмек береді.
Қабілеті жоғары
оқушылардың күшті
дағдыларын ескере
отырып олар оңай
тапсырманы орындап
зерігіп кетпес үшін
деңгейлік тапсырмаға
шығармашылық
тапсырма кірістірдім.
Деңгейлік тапсырма
арқылы оқушылардың
үйренгенін тексере
аламын
Музыка , әдебиеттік оқу
пәндерімен.
Жұптық, топтық жұмыстарда
қауіпсіздікті ескеру, бір-бірін
құрметтеу, тыңдай білу, өзін
тыңдата білу, бірлесіп жұмыс
жасай алу сияқты қасиеттерді
естен шығармау керек екенін
естеріне саламын.
Слайд арқылы тапсырмалардың
дұрыс жауаптары көрсетіледі.
Жұптардың , топтардың бір-
бірін тексеруінде, бағалауында
әділ болуларын естеріне
саламын.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту
мақсаттары жүзеге асырымды
болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Менің бөліп оқытқаным өз
мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды
пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай
өзгерістер енгіздім және
неліктен?
Сабақ мақсаттары жүзеге асырымды болды.
Жазбаша қосу,азайту қалай орындалатынын
үйренді
Жаңа сабақ болғандықтан өте жақсы болмағанымен
жақсы болды.
Аз да болса жүзеге асты.
Уақытты ұтымды пайдаланамын деп оқушы
жауабын асығыс тыңдаған тұстарым болды.
63, 27 сандарын кестеге жаздыруға уақыт
болмағандықтан, ондағы ондық пен бірлікті
білдіретін цифрларды ауызша айтқыздым.
Уақыт тапшылығына байланысты ыстық орындықа
бір оқушыны ғана шығардым.
Қорытынды бағамдау
Сабақта ең тиімді болған екі жұмыс немесе тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға
және оқуға қатысты)
1: жазбаша қосу мен азайтуды оқушылардың тақтада түсіндіре тұрып, орындаулары;
2: топтық жұмысты критерий арқылы бағалаулары;
Қандай екі жұмыс немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер
еді? (оқытуға және оқуға қатысты)
1: жұптық тапсырмаға берілген өрнектер санын азайтқанымда, ол жұмыс өз мәнінде
болар еді;
2: кері байланысты кестеге орындатқанымда, әр оқушының өзін қай деңгейдемін деп
ойлайтынын анық көрер едім.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің
келесі сабағымды жетілдіру туралы не білдім?
1: оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру үшін ойындар қосуым керек;
2: оқулықтағы шығармашылық тапсырма ерекше қабілетті оқушыларға оңайырақ
болған сияқты, себебі тез орындап болды, сондықтан келесі сабақта оқулықтан тыс
құзіреттілік тапсырма қосуды жөн деп санаймын.