Конспект урока "Атадан қалған асыл сөз" 2 класс

Тақырыбы:
«Атадан қалған асыл сөз»
Даярлаған: Д.У.Данайбекова
1-сынып
2010-2011оқу жылы
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты: Атадан қалған асыл сөз- мақалдарды жаттауға және оның
мағынасын түсінуге баулу. Сөздік қорларын байыту.
Оқушылардың бойында жақсылық қасиеттердің қалыптасуына
ықпал ету. Оқуға ,білімге деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру.
Жүру барысы:
Мұғалім: Бүгінгі көңілді балалар сайысына қош келіпсіздер!
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
-Біздің бүлдіршіндеріміз екі топқа бөлініп, «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында сайыспақшы. Ал енді
кезекті сөзді топтарға берелік.
«Балдырған» тобы:
1.Жылай қалсақ жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
2.Таңда ерте тұра аламыз,
Беті-қолды жуа аламыз.
Біз ұқыпты баламыз!
3.Үлкендерді сыйлаймыз,
Үй тазалап жинаймыз.
Біз қолғанат баламыз!
4.Домбыраны тарта аламыз,
Өлеңдерді айта аламыз,
Біз өнерпаз баламыз!
5.Аспаны ашық елімізде,
Көркі сұлу жерімізде,
Біз бақытты баламыз!
«Айгөлек» тобы
1.Оқуда алғыр болам, ойлауға даңғыл болам
2.Өмірде әділ болам, ашуда сабыр болам
3. Ісіме шебер болам, ақылға кемел болам
4.Қиынға батыл болам, еңбекте батыр болам
5.Уәдеме берік болам, ауылыма көрік болам
Мұғалім: Сайыстың кезеңдерімен танысайық. Сайыс төрт кезеңнен тұрады.
І-кезең «Жалғастыр»
ІІ-кезең «Кім шапшаң?»
ІІІ-кезең «Ол кім? Бұл не?»
ІҮ-кезең «Тартыспақ»
І-кезең «Жалғастыр»
Бұл кезеңде өзінің аты айтып тұрғандай, мақалдың бастапқы бөлігі айтылса, жалғасын табу керек.
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
«Айгөлек» тобы
1.Отанға опасыздық еткенің, ... Өз түбіне өзің жеткенің.
2. Аш кісі –ұрысқақ, ... Ауру кісі тырысқақ
3. Ер туған жеріне келер, ... Ат тұрған жеріне келер
4. Білегіңе емес, ... Біліміңе сен
5. Ата – бәйтерек, ... Бала-жапырақ
6. Бөтен жердің гүлінен, ... Туған жердің тікені артық
7. Ауру желмен кіріп, ... Термен шығады.
8. Білімнің басы –бейнет, ... Соңы зейнет
9. Дос жылатып айтар, ... Дұшпан күлдіріп айтар
10. Ертеңгі асты тастама, ... Кешкі асқа қарама.
«Балдырған» тобы
1. Отан үшін күрес- ... Ерге тиген үлес
2.Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, ... Еменнің иілгені сынғаны
3. Еңбек етпей елге өкпелеме, ... Терің төкпей жерге өкпелеме
4. Өнерлі баланың он саусағы тең, ... Өнерсіз баланың бір саусағы кем
5. Ақыл азбайды, ... Білім тозбайды
6. Ана сүтін ақтамағанды, ... Ешкім мақтамайды.
7.Жауғы жалынба, ... Досқа тарылма
8. Ішің ауырса, ... Аузыңды тый
9.Жылы-жылы сөйлесең, ... Жылан інінен шығады.
10. Аттан тай озады, ... Атадан бала озады.
Саламат: Балалар біз бірінші кезеңнен сүрінбей өттік. Қуанышымызды
білдіріп көрейік. Қаттырақ қол соғайық
аттырақ қол соғу/
ІІ-кезең «Кім шапшаң?»
Мұғалім: Қонақтар келгені
Көңілді үй қандай!
Кілемдер төрдегі
Күлімдеп тұрғандай.
Бұрынғы дастарқан
Жаңадан жайғандай,
Мол тәтті аспаннан,
Сау етіп жауғандай.
-Балалар тәттіні жақсы көреміз бе?
Саламат: Тәттіні бәріміз жақсы көреміз. Әсіресе үйге қонақ келгенде
дастарқанда тәттілер пайда болады. Анам тәттіні көп жеме, тісің
ауырады дейді. Бірақ біз тәттіні сонда да жақсы көреміз.
-Балалар қазір сендерге тәттілер ұсынылады. Ол сендер ойлағандай емес, ақылды, тапқыр балаларға
арналған тәттілер!
Мұғалім: Мына тәттілердің ішінен сөздер жазылған қағаздарды тауып
алайық. Ол сөздерден ойланып мақал құрастыруымыз қажет. Қане
қай топ шапшаң екен?
Шапшаңдық танытып, құрастырған топқа 10ұпай, ал екінші болып орындаған топқа 5 ұпай беріледі.
Саламат: Балалар кәмпиттің қағаздарын шашып тастадық. Үйде осылай
шашсақ анамыз ренжір еді. Қане шапшаңырақ жинастырайық!
Саламат : Жарайсыңдар! Сендер шапшаң екенсіңдер.Ендеше бәріміз бірге
өлең айтайық.
Біз еңбекқор баламыз,
Кішілерге панамыз.
Біз тіл алғыш боламыз,
Үлкендерге жағамыз.
ІІІ-кезең «Ол кім? Бұл не?»
Мұғалім: «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» демекші қазір сендердің
танымдық қабілеттерінді сынайтын кез келді. Экранға көрсетілген
жартылай бейнеге қарап, оның қандай зат екендігін ажыратуымыз
қажет және сол зат атауына байланысты мақалдар айтуымыз керек.
Толықтай жауап 10 ұпаймен, жартылай жауап 5ұпаймен бағаланады.
Саламат: Бұл кезеңнің тапсырмалдарын да орындадық. Ендеше ән айтсақ
қайтер екен?!
Жалықпа, сен жалықпа,
Оқы, тоқы ,арманда
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыс та
ІҮ-кезең «Тартыспақ»
Мұғалім: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік. Қазір арқанмен емес, мақал айтып тартысамыз.Әуелі
топтар тақырып таңдауы қажет.
Тақырыптар: Отан, туған жер, ел туралы
Оқу-білім, өнер туралы
Жақсылық,әдептілік туралы
Ақырына дейін беріспей сайысқан топқа 10ұпай, көп мақал айтып, жеңіліс тапқан топқа 5 ұпай
беріледі.
Саламат: Сайыстың соңғы кезеңінен де өттік. Осы қуанышымызды қаттырақ
қол соғып білдірейік!
Қорытынды
-Сайыстың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталады.
Мұғалім: Байлық деген ұғындар!
Кеше барда, бүгін жоқ.
Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ деп Қадыр Мырзалиев ақын ағамыздай айтқандай ата-бабамыздан
сақталып келе жатқан қазақ тілімізді құрметтейік, қастерлейік. Әсіресе, сүттің қаймағындай мақал-
мәтелдерінің мағынасын түсініп, мол етіп жадымызда сақтайық!
Саламат: Балалар біз бірінші кезеңнен сүрінбей өттік. Қуанышымызды
білдіріп көрейік. Қаттырақ қол соғайық
аттырақ қол соғу/
2.Саламат: Тәттіні бәріміз жақсы көреміз. Әсіресе үйге қонақ келгенде
дастарқанда тәттілер пайда болады. Анам тәттіні көп жеме, тісің
ауырады дейді. Бірақ біз тәттіні сонда да жақсы көреміз.
-Балалар қазір сендерге тәттілер ұсынылады. Ол сендер ойлағандай емес, ақылды, тапқыр балаларға
арналған тәттілер!
/мақалды құрастырып, болған соң айтасың/
3.Саламат: Балалар кәмпиттің қағаздарын шашып тастадық. Үйде осылай
шашсақ анамыз ренжір еді. Қане шапшаңырақ жинастырайық!
/Тәттінің қағаздарын жинап болған соң айтасың/
4.Саламат : Жарайсыңдар! Сендер шапшаң екенсіңдер.Ендеше бәріміз бірге
өлең айтайық.
Біз еңбекқор баламыз,
Кішілерге панамыз.
Біз тіл алғыш боламыз,
Үлкендерге жағамыз.
/3-кезеңнен өткен соң айтасың/
5.Саламат: Бұл кезеңнің тапсырмалдарын да орындадық. Ендеше ән айтсақ
қайтер екен?!
Жалықпа, сен жалықпа,
Оқы, тоқы ,арманда
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыс та
6.Саламат: Сайыстың соңғы кезеңінен де өттік. Осы қуанышымызды
қаттырақ қол соғып білдірейік!
7.Саламат: Ұстазымыз сайыстың қорытындысын әзірлегенше сыныптағы
бишілердің ұлы жеңіс күніне әзірлеген биін тамашалайық