Конспект занятия "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" 8 класс
«Балтасап негізгі мектебі» КММ
Атадан мал қалғанша тал қалсын
8 - 6 сынып
Өткізген : Мухамедьянова А.Б
2017 жыл
Тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын
Мақсаты:Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының
маңызын ұғындыру.
Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру,
дарындылық қабілеттерін анықтау.
Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, жасыл желек өсімдік,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Оқушыларды отырғызу,сабаққа зейіндерін аудару.
Тақырып бойынша топтық ізденіс жұмысын жүргізу
1 – топ:Ағаштардың пайдасы: табиғатта ылғал сақтайды, ұстайды, топырақтың құнарлы
қабатын
жасайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден, суықтан сақтайды, адамды, жан –
жануарларды күннің аптабы, жел шаңнан қорғайды,
2 – топ Экологиялық жағдайы:жердің ыза суының деңгейін төмендетеді, топырақтың
тұздануын азайтады,шаң – тозаңды, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны
тазартады,
«Бiздiң елiмiздiң, жерiмiздiң көркiн арттыру үшiн орман егуiмiз керек. Жерiмiз көп,
даламыз кең болғанымен, дүниедегi жалпы ауқымына шаққанда орманы ең аз ел - бiзбiз.
Басқа мемлекеттерде бiр ағашты кессе, екi ағаш отырғызады. Қазiр заң бойынша бiз оны
қабылдадық. Елге орманды көп егетiн болсақ, халықтың денсаулығына, ауаның
тазалығына, тек өз елiмiздiң ғана емес, күллi дүние жүзiнiң экологиясын жақсартуға
қосқан үлесiмiз болып саналады» (Н. Назарбаев)
“Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр”
Әлемдегі ерекше ағаштар (слайд көрсету)
1-топ – «Жасыл желек»
2-топ – «Ақ қайың»
Қай топ шыршаның бүрін көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады.
-Енді топтардың атымен таныстық,топ жетекшілерін сайлап алайық.
1-тапсырма «Білімді мыңды жығады»
Сұрақтарға жауап беру.
-Табиғат дегенді қалай түсінеміз?
-Ол қалай бөлінеді?
-Өсімдікті неге тірі табиғат дейміз?
-Өсімдік мүшелерін ата.
-Өсімдікке ең қажетті жағдайлар?
-«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді ата.
2. Постер құрау. «Топтастыру» стратегиясы
1-топ -Тірі табиғатқа не жатады? Тірі табиғат Адам жануар өсімдік
2-топ -Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?Мысал келтір. Өсімдік Ағаш Бұта Шөп емен
итмұрын жусан
қайың қарақат,т.б өгейшөп
Жұмбақтар шешу
Өсіп тұрған бұл не? Қалың киімді ұнатады,
Жаз болса,жайнап, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)
Аспай піскен , Іші жұмсақ,сырты қатты,
Қайнамай түскен. Еті жұмсақ,сүті тәтті. (Жеміс) (Қарбыз)
Дөңгеленіп өседі, (Қаңбақ) Қырға кілем жайдым. Желге еріп көшеді. (Қызғалдақ)
III. Сабақты қортындылау кезеңі
Сонымен,балалар өсімдік адам өміріне пайдалы ма әлде ...
Өсімдік: дәрі,сусын,тамақ,отын,көлеңке,ауа т.б.
Әр топтың жинаған бүршіктерін санап, ұпайларын анықтау.
«Жүректен жүрекке»
Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне
кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
-Гүлдей бер, Жер-Ана!
-Аспаның ашық болсын!
-Аспаныңды бұлт торламасын!
-Тоғайың аң мен құсқа толсын!
-Суың мөлдір, таза болсын!
-Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
-Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
-Күнің жарық болсын!т.б