Сценарий "Зал іші мерекеге сай безендірілген"
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұжымдастар! Бүгінгі біздің жыл
мезгіліндегі ең тамаша-«Күз бояу» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ортаға №10 «Балдәурен» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы
алыңыздар!
Балалар музыка әуенімен ортаға кіреді.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған- деп
келесі кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
Абылай: Жапырақ ұшты
Суық түсті
Сонда да бізге
Қызық коп күзде.
Аяулым: Қоңыр күз шақты
Шаруаға қолайлы
Біз жақсы көреміз
Жемісі мол айды
Нұрай: Қарашы далаға
Реңі сары-ала
Пісті алма албырап
Сарғайды бал құрақ.
Нұрислам: Алақай күз келді
Қарық қып жеміске.
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ән: «Жау – жау жаңбыр»
Жүргізуші: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің
ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар»
ойынын ойнаймыз. (Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып
жатады. Екі – төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке
жапырақтарды жинайды).
Жүргізуші: : Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Жарайсыңдар балалар! Бүгін бізге көпен күткен қонақ келеді. Ол «Күз
ханшайымы».
(Залға әсем әуенмен, жапырақ шашып «Күз ханшайымы»кіреді )
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балақайларым. Мен сендерді
көріп тұрғаныма, өте қуаныштымын.
бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдік.Баршаңызды
алтын күз мересімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсін!
Жүргізуші: - Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Айтқаныңыз
келсін. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға
жауап беріңізші?
Күз ханшайымы: - Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап
астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне
қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді
«Алтын күз» дейді.
Жүргізуші: Ой, рахмет сізге Күз ханшайымы. Біздің балалар сіздің айтқан
әрбір сөздеріңізді естерінде сақтайтын болады.
Күз ханшайымы: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!- сендердің
араларыңда менің достарым отыр екен. Олай болса балалар, менің
достарымды танып тұрған боларсыздар! Бұлар, Алтын күзде пісетін
көкөністер мен жемістер! Қанеки достарым, өздерінізді бүгінгі мерекеде
әдемі киініп, сүп – сүйкімді болып отырған бүлдіршіндерге және де
қонақтарға таныстырып кетіңіздер!
Әмірхан (қияр): Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде,
Жейді барі сүйсіне.
Артық Кәусар (жүзім):
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Малика (картоп): Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Айдана (сәбіз): Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайыннан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшкеде.
Ясмина (Алша): Мен алшамын, алшамын
Таңдай жұлар бар дәмім.
Жасұлан (Пияз): Боламын мен дәмдеуші,
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінде
Мен пйдалы адамға.
Мухсин (шие): Мен шиемін, шиемін.
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен бас иемін.
Сат. Айзере (өрік): Өрікпін мен өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң
Талды бойлап өрікпін.
Ақбөбек (құлпынай):Жапырақты тасалап,
Өсетін жерім бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым Құлпынай.
Күз ханшайымы: Балалар, сіздер көріп тұрған көкөністер мен жемістерді
көбірек жеңіздер! Себебі: бұл көкөністер мен жемістерде түрлі дәрумендер
көп. Бұларды жесеңіздер денсаулықтарыңыз мықты, әлсіз болмайсыздар
жәнеде ауырмайсыздар!
Жүргізуші:
Қыстың қамын ойлайық,
Күздің тойын тойлайық.
Жасады той халқымыз,
Жаса, жаса алтын күз
Біздің балалар сіздерге арнап өздерінің жан –жақты өнерлерін дайындап
отыр. Соны тамашалаңыздар!
Ұлдардың биін қарсы алыңыздар.
Би: «Кап-Кап»
Жүргізуші: Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Сей. Айзере: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен біздермен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Рахымжан: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Арай: Күз әкелер бізге бақ,
Күз - еңбектің дастаны.
Күз - молшылық, күз – жомарт
Күз - береке бастауы.
Жүргізуші: Ән:
«Біз тәртіпті баламыз»
Жүргізуші:Өлең – тақпақтарымызды қабыл алыңыздар:
Жібек: Астық жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Хамза: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Гаухар: Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шомылған
Жел үрлесе қалтырап.
Жүргізуші: Бәрекелді жарайсыңдар!
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Балалар қазір мен сендермен ойын
ойнаймын. Ойын аты «Ұйқасын тап!» деп аталады.
Шарты: мен өлең жолдарының басын айтамын, ал сендер одан әрі
ұйқастырып жалғасын табасыңдар...
Тақ-тақ-тақ (аяқ тарсылдатады)
Айтамыз біз не?(тақпақ)
Рақ-рақ-рақ (қол шапалақтап)
Күзде түсер не? (жапырақ)
Қол-қол-қол (қол бұлғайды)
Күзде егін (мол)
Жүргізуші: Келесі кезекті қыздарымыздаң биіне кезек берейік:
Би: «Жапырақ би»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Өнерлі, ақылды, білімді балалар
екенсіңдер! Өнерлеріңізге риза болдым. Енді балалар сендермен
қоштасатын сәтімізде таяп қалды. Мені де сендер сияқты басқа балалар күтіп
қалды. Мен сендерге себет толы жемістер алып келдім, осы себетті
апайларыңызға беріп кетемін, тобыңызға барып дәм тататарсыңдар! Сау
болыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Күз бояу» -атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.» дей отырып бүгінгі
ертеңгілігімізді «Күз бояу» әнімен аяқтаймыз.
Ән: «Күз бояу»
№21 «Назерке» балабақшасы
«Бекітілді»
Балабақша әдіскері:
Умирбаева А.С. _____________
Күз мерекесіне арналған ертеңгілік:
«Күз бояу»
№10 «Балдәурен» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші: Шамурадова М.
2017 оқу жылы