Конспект урока "Мәтіннің түрлерін пысықтау" 2 класс
Тақырыбы: Мәтіннің түрлерін пысықтау
Мақсаты: 1. Мәтін түрлерін пысықтау
2. Мәтін түрлерін айыра білу дағдыларын жетілдіру
3. Мәтіннің негізгі ойын анықтай білу және тәрбиелік мәнін аша білу
Көрнекілігі: интерактив тақта, презентация, тест жұмысы, мәтіндер.
Не білу:Мәтіннің түрлері;
Оларды айыра білу;
Мәтін құқрастыра білу;
Не істей білу: Көркем шығарманы оқу барысында мәтін түрлерін білу, өз ойын жеткізу
барысында мәтін түрлерін қолдану.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындаймын, тақырыбы мен мақсатын айтып өтемін
ІІ. Негізгі кезең.
1. Өткенді қайталап алу үшін тест жұмысын аламыз.
1. Мәтін нелерден тұрады?
• А) әріптен;
• В) дыбыстан;
• С) сөйлемнен
• Д) сөздерден
• Е) таңбалардан
2. Мәтін дегеніміз не?
• А) бірнеше сөйлемдер
• В) өзара байланысқан бірнеше сөйлем
• С) өлең шумақтары
• Д) сөздер
• Е) әріппер
3. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 6
В) 4
С) 3
Д) 2
Е)7
4. Мәтіннің бөлімдері қалай аталады?
• А) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;
• В) басы, орташа, қорытынды;
• С) бірнеше сөйлемнен тұрады;
• Д) басы, негізгі бөлігі, соңы;
• Е) пайымдау, әңгімелеу
- Тестің қорытындысын бірден айтып, тексеріп өтеміз.
2. Мәтін бойынша жұмыс істей кезеңі.
- Сурет бойынша жұмыс.
1. Жоспар құру кезеңі.
Мынау қандай гүл?
Ол қандай болады?
- Мәтінді оқы, мәтіннің қай түрі екенін анықтайық.
- Неліктен? Менің ойымша, бұл ... мәтіні, өйткені ол қандай деген сұраққа жауап
береді.
- Мәтіннің мазмұнын айтамыз.
- Өзіміз жазған мәтін мен осы мәтіннің айырмашылығы бар ма?
- Дәл осындай мәтін жазу үшін біз не істеуіміз керек?
3. Мәтіннің тақырыбын анықта
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде
тау да, жазық та, ойпат та кездеседі.Үлкен-үлкен көлдер,өзендер бар.Сәулетті
қалалары да көп.
Мәтіннің қандай түріне жатады?
Слайд-шоу: « Қазақстанның табиғаты»
Осы мәтінді дәптерімізге жазамыз.
4. Пайымдау мәтінін құрастыр.
І – нұсқа. ІІ – нұсқа.
Өз нұсқалары бойынша жұмыс істейді, оларды тексеріп бағалаймыз.
ІІІ. Бекіту кезеңі.
1. Сипаттау мәтіні затты немесе құбылысты суреттейді.
2. Әңгімелеу мәтіні жүйелі, тізбектелініп әңгімеленеді.
3. Пайымдау мәтіні оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейді.
ІҮ. Қорытынды. Сабақты қорытындылаймын.
- Не білдік?
- Қандай жаңа мағлұмат алдық?
- Өздеріңді бағалап көр.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Замкнутый орнамент" 3 класс
- Конспект занятия "Бәрін білгім келеді"
- Конспект урока "Хатылааьын" 4 класс
- Проект "Лук - зеленый друг" 4 класс
- Презентация "Культура, обычаи, традиции русского народа" 1 класс
- Конспект урока "Числа и знаки арифметических действий. Равно, больше или меньше?" 1 класс