Конспект занятия "Жыр алыбы - Жамбыл" 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы- Жамбыл.
Сабақтың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт
жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей
білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке,
елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын
өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, Жамбыл әлемі фотосуреттер.
Кітапханашы :Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы-
Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош
келдіңіздер! Бүгінгі қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата
өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл
жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев
172 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.
Сахнада 7 «Ә» сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние
жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып,
қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып,
жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге
әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз
Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған
ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы,
Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында
туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған.
Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын
берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын,
«Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл менің жай
атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин»
орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы
КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары,
Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881
жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың
бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.
3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға
берген бағасы.
Жамбыл ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет
бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә
азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны
жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық
борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан
түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған
сайын, көк жайлауға әсер аласың.
І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол
әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.
С. Мұқанов.
4-оқушы.Слайд. «Жамбыләлемі» Фотосуреттер.
Жамбылдың үрім бұтақтары жөнінде әңгімелеу.
5-оқушы: « Халық –менің шын атым.
Жамбыл деген – жай атым,
Халық – менің шын атым,
Жай –құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес – менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
6-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
7-оқушы:Жаныс ақынға.
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен Сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай....
8-оқушы:Шындық туралы.
Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қартың талмады.
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткеше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оған жетем деп,
Кешусіз теңіз, асусыз.
Таудан да зырлап өтем деп,
Бөгеттен бірақ өте алмай,
Шындыққа қуған жете алмай,
Ұзақ жүрдім тепеңдеп.
9-оқушы:Қайта келген жастық шақ.
Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетіп, жүзге асты.
Шебер сөз , асыл меруерт, шаттық күйі
Жамбылдан енді, сірә, құтылмас-ты.
Бұл Жамбыл көрген бұрын талау- таран,
Кез болды енді оған алтын заман!
Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін,
Тарихтың домбырасын қолыма алам!...
10-оқушы:Жасымнан атым аян Жамбыл едім.
Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбей қара өлеңге даңғыл едім.
Самғасам, сары түнде шалдырмайтын,
Қарқырап қайран даусым қалды менің.
Шалқыған самғап көкке қайран әнім.
Кіргіздің талай жерде тойдың сәнін.
А десем, аузымнан бытырайды,
Көкірегің кірілдеп,
Көздің алды іріңдеп,
Қаз- қаз басқан баладай,
Буындарың дірілдеп,
Қартайған соң , немене,
Қауіп ойлайтын күнің көп.
Айлашы екен кәрілік,
Бірге түнеп, бір жүріп,
Сыр білдірмей, сұрамай,
Не көрсетіп тонамай,
Мүшеңді алған біріңдеп.
12-оқушы: Алғадай баласына арналған өлеңдері.
Аттандыру.
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған....
13-оқушы: Балама хат.
Хатыңды, балам ,оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді,
Болыпсың , балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.
14-оқушы:Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта» дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?...
15-оқушы: Ленинградтық өренім.
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім....
16-оқушы: Алатау
Тізілген таулары бар жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай тулап аққан сол таулардан
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін
Өрік, алмағ алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң , аузыңнан дәм кепейтін....
17-оқушы : Аққу едім.
Жамбыл ем, кеше кім едім,
Дуадақ едім шөлі жоқ,
Аққу едім көлі жоқ,
Сыбызғы едім үні жоқ,
Асыл едім құны жоқ.
Енді , міне , кім болдым,
Елім сүйген жыр болдым.
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1.Жамбылдың әкесінің есімі.
2.Дүниеге келген айы.
3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7.Жамбыл қанша жасаған?
8.Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп
аталады?
10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11.Жамбылдың шәкірті кім?
12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.
Келесі ән шашу 7 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Назгүлдің
орындауында.
Кітапханашы: Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 172 жылдығына арналған тәрбие сағаты
аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.