Конспект урока "Көбейту және бөлу" 3 класс

Шамалған бекетіндегі «жаңа қазақ орта мектебі»кмм
Пәні:Математика
Сыныбы:3«Г»
Мерзімі: 20.04.2017
Тақырыбы: Көбейту және бөлу.
Мақсаты:
1. Білімділік мәні: Көбейту және бөлу тәсілімен берілген есептерді
шығара отырып оқушыларға білім беру;
2. Дамытушылық мәні: Оқушылардың ой өрісін дамыту
3. Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа,сауатты есеп шығаруға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ,ашық сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс,топпен
жұмыс,кері байланыс.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, суреттер.
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық ретинг
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6. 111 бет. Үй жұмысын
тексеру,балалар өз беттерінше дәптерлерін ауыстыра отырып
тексерді.
Жүздіктерін ,6- ға бөлгенде қалдық қалатын сандарды теріп жаз.
627:6=104.5 қалдық
642:6=107
762:6=127
672:6=112
624:6=104
726:6=121
ІІІ. Білімін тексеру:
Көбейту , бөлу кестесі бойынша ауызша есептеулер.
200:5= 40 100 ∙3 = 300 40 ∙ 3 = 120
ІV. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Топпен бөліп отырғызылды,топ сандар арқылы бөлінді.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудармас бұрын топқа
бөлеміз:
Теңдеулер
Жүздіктер
Ондықтар
Бірліктер топ бойынша жұмыс жасап бір бірінің жұмыстарын тексеріп
өз бетінше жұмыс жасауға,бағалауға үйрету.
ІҮ. Жаңа сабақ . №1. а) Өрнекті оқы: 176*4. Жазуды пайдаланып,
көбейту қалай орындалғанын түсіндір.
ә) Өрнекті оқы: 704:4. Жазуды пайдаланып, бөлу қалай орындалғанын
түсіндір.
× 176 × 176 - 704 4 - 704 4
4 4 4 176 30 176
+ 24 704 30 24
280 28
+ 400 24
704 24
0
Б) 225*4= 900 840:6= 140 115*4= 460 760:4=190
620:4=155 165*6=990 138*5=690
135*6= 810
№2. а) Есепті шығар.
Бір жұмысшы 3 сағатта 15 бұйым, ал екіншісі 4 сағатта сондай 16
бұйым жасайды. Екі жұмысшы бірігіп, бес сағатты осындай барлығы
неше бұйым жасайды? Ш:15:3+16:4=9 Ж:9 бұйым жасайды.
а) 134*3 804:6 903:7 113*8
135*3 501:3 504:3 144*7
ә) Кестені пайдаланып, есеп құрастыр және шығар.
Бір сағатта жасалған
бұйым саны
Жұмыс уақыты.
Барлық бұйым саны.
?
5 сағ
25
?
6 сағ
36
№.3 Өрнек құр және оның мәнін тап.
239-119*3=
239-119:3=
101+111*4
101+111:4=
Сергіту сәті. Қостық біз, көбейттік біз, Қимылдасын қол-аяқ.
Қатты шаршап кеттік біз. Терең демді алайық,
Кәне, тұра қалайық, Орнымызға отырып,
Кірпікті де қағайық, Сабаққа назар салайық.
ҮІ. Өткен материалды бекіту.
№ 4. Салыстыр:
149*3 = 100*3+40*3+9*3
225:5 > 200:5+20:5
(400+40+8):8 > 400:8
(300+40+9)*2 > 309*2
№5. (299+465): (903-899)+(365+135):(202-197)
№6. Жүздіктері мен ондықтары 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз.
576:6=96 519:6=86.5 566:6=94.3 529:6=88.1 546:6= 91
536:6=89.3 591:6=98.5 592:6=93.6 564:6= 94 563:6=93.8
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 7. 113 бет.
а)Бірліктері мен ондықтарын 2-ге көбейту барысында 4*2=8 теңдігі
қолданылатын үш таңбалы сандарды жаз. 102*2=200+4=204
ә) Бірліктерін 2-ге бөлгенде 8:2=4 теңдігі қолданылатын үш таңбалы бір
санды ата.
ҮІІІ.Бағалау.Сабаққа ат салысқан балаларды мақтау мадақтау,кері
байланыс жасатып смайликтер жабыстыру.