Конспект урока "Ойлы болсаң, озып көр" 2 класс

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға,
өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық
ойлауларын дамыту, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының
арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткелі отыр.
Осы сайысқа өз білімдерімен сынға түскелі отырған «Зерде» және «Зейін»
топтарын ортаға шақырайық.
(Әділ - қазы мүшелерін сайлау)
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
1. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының жоспарымен танысып өтейік.
І - айналым: «Білімді болсаң, байқап көр»
ІІ - айналым: «Ойлы болсаң, ойлап көр»
ІІІ айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр».
ІV – айналым «Жүйрік болсаң, озып көр»
V - айналым: «Сөз ойла, тез ойла » деп аталады.
Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық,. Топтардың танысуы
І - топ: «Зерде» тобы Ұраны: Қалың қауым амансыз ба? «Зерде» тобы
алдыңызда. Білімімізді көрсетеміз Бүгінгі білім жарысында.
ІІ - топ: «Зейін» тобы Ұраны: Көрген, білген, түйгенін Көкірегінде сақтайтын.
«Зейін» тобы біздерміз Білім сайысында қалыспайтын.
І - айналым: «Білімді болсаң, байқап көр».
І - топқа:
1. Өлең жазатын адам (ақын)
2. Сиырдың төлі (бұзау)
3. Ас атасы не? (нан)
4. Аптаның екінші күні (сейсенбі)
5. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы
(күнделік)
6. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)
7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты қалай атаймыз (шаршы)
ІІ - топқа:
1. Қойдың төлі (қозы)
2. Ән айтатын адам (әнші)
3. 5 ондықтан құралған сан (елу)
4. Аптаның үшінші күні (сәрсенбі)
5. Дүниедегі ең қадірлі адам (ана)
6. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұрыш)
7. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
ІІ - айналым: «Ойлы болсаң, ойлап көр» І - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 48,
екінші қосылғыш – 12. Қосынды нешеге тең болады? 2. 93 пен 23 сандарының
айырмасы неше? 3. Бақта 19 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашының одан 28 - і
артық. Бақта барлығы неше ағаш бар? 4. 1 ғасырда неше жыл бар? 5. 55 - ке
25 - ті қос.
ІІ - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 28, екінші қосылғыш – 12. Қосынды нешеге тең
болады? 2. 46 мен 14 тің қосындысы неше? 3. Бақтан 70 кг алма жиналды.
Алманың бір бөлігі жәшіктерге салынғанда, тағы 18 кг алма қалды. Жәшіктерге
неше кг алма салынды? 4. 1 тәулікте неше сағат бар? 5. 50 - ден 26 - ны азайт.
ІІІ - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Сурет нұсқасы алдымен
сайыскерлерге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады,
соңынан берілген фигуралардың көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін
шығаруы керек.
ІV - айналым: «Жүйрік болсаң, озып көр» Берілген сөзден бірнеше сөз
құрастыру керек. «Қызғалдақ» - І топ, «Жауқазын» - ІІ топ. «Қызғалдақ» - қыз,
ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ «Жауқазын» - жау, ау,
қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу,
V - айналым: «Сөз ойла, тез ойла» Топтарға сөзжұмбақ беріледі. І - топқа:
1. Сұйық тамақ ішетін ыдыс (қасық)
2. Сызық түрі (қисық)
3. 4 ондықтан құралған сан (қырық)
4. Сүттен жасалған тамақ (қаймақ)
5. Бас киім (қалпақ)
6. Балық аулайтын құрал (қармақ)
ІІ - топқа:
1. Су көлігі (қайық)
2. Баста орналасқан дене мүшесі (құлақ)
3. Ұлт (қазақ)
4. Су алатын терең қазылған жер (құдық)
5. Көкөніс атауы (қызанақ)
6. Пышақ қайрауға арналған құрал (қайрақ)
Мұғалім: - Ал балалар біздің сайыскерлеріміз бұл тапсырманы орындап
болғанша сендерге мынадай сұрақтар қойылады.
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2. Біздің мемлекетіміздің туының түсі?
3. Жуан дауыстыларды ата
4. 1 аптада неше күн бар?
5. Зат есімнің сұрақтары
6. «Күнделік» сөзінде неше буын бар?
7. Табиғат нешеге бөлінеді?
8. Аналар мерекесі қашан тойланады?
9. Жыл мезгілдерін ата
10. 1 сағатта неше минут бар?.
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл
сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін
әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.