Конспект урока "Ақын Абайдың операсындағы бейнесі" 5 класс
Қарақия ауданы
Құрық орта мектеп-гимназиясының
музыка пәнінің мұғалімі Темирбаева Жазипа Хамитқызы
Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте
сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді.
«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана
отырып,тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқыту көздейді.
«Музыка»оқу пәнін оқытудің міндеті музыканың басқа өнер түрлерімен
байланысын ұғына білу. Қазіргі ғалымдардың идеялары мен әдістемелерінің бір-
бірімен байланысып берілуі-оқушының дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін көре
білуі, ұғынуы үшін қажет.
Қазіргі жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, музыка пәні мұғалімі оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын әртүрлі әдіспен жеткізеді. Мен өзім сабақтан тыс 5
сыныптар оқушылар арасындағы өткізілген инттеллектуалдық сайыс сабағымда 3
тілділікті пайдаландым. Ақын Абайдың нақыл қара сөздерін, Абайдың шығармашылығы
туралы видео-слайд пайдаландым, ағылшын тіліндегі көрнекі плакат көрсетілді.
Музыка пәні бойынша ашық сабақ
5 cыныптар аралығы
Сабақтың тақырыбы: «Ақын Абайдың операсындағы бейнесі».
Сабақтың мақсаты: Ақын Абайдың шығармашылығы туралы
оқушылардың білімдерін кеңейту.
Сабақта қолданған материалдар: Компьютер, слайдта Абпйдың, Ахмет Жұбановтың,
Латиф Хамидидің суреттері.
Оқыту әдістері: АКТ,сто, топтастыру стратегиясы
Сабақтың барысы: Оқушыларды түгендеу,топтарға бөлу.топ басшыларын
сайлау.Тыныштық сәті.Фортепианолық музыка жүріп тұрады.Психологиялық жаттығу.
Үй тапсырмасын тексеру:
Құрманғазының «Балбырауын»күйін симфонияға алғаш пайдаланған қай композитор?
Еркеғали Рахмадиев симфония жазуда қай композитордың күйін негізге алған?
Жаңа сабақ: Сабақ әңгіме әдіс арқылы жүргізіледі.Оқушыларға Абайдың шығармашы-
лығына байланысты слайд көрсетіледі. «Абай»операсы 1944 жылы ұлы ақынның 100
жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. «Абай»операсының либреттосын ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов, ал музыкасын белгілі композитор Ахмет Жұбанов пен Латиф
Хамиди жазған. «Абай»операсы 1944 жылы ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойы
қарсаңында қойылды. «Абай»операсы кіріспеден, 3 көріністен және соңғы бөлімнен
тұрады.Операның қысқаша мазмұны: Абайдың шәкірті, дарынды жас ақын Айдар
Ажар деген қызды жақсы көреді.Ажар-бай баласына айттырылып қойылған оң жақтағы
қалындық.Бірақ күйеу жігіт қайтыс болған.Нарымбеттің жесірі болғандықтан, соған ұза
тылуы керек.Айдар мен Ажар қашуға уәделеседі.Бірақ өкшелей қуған Нарымбет пен
Жиренше бай қуып жетіп, екі жастың тағдырын сотсыз шешпекші болады.Абай әділет-
тілікті талап етіп,екі жасқа қамқорлық жасайды,байлармен тартыста жеңіп
шығады. Ажар мен Айдардың тойына шын ықыласымен қуанады.Бірақ қуаныш ұзаққа
бармай, той үстінде айдарға жаулары у беріп өлтіреді.Осындай сын сағатта халық Абай
жағында болады.
Тапсырма № 1. 1 топ
Ағылшын тілінде Абайдың өлеңдерінің атаулары жазылған.Солардың атауларын қазақ
тілінде тап және оқы.
Light of my black eyes Көзімнің қарасы
Greeting Kalamkas Айттым сәлем Қаламқас
Moonlight in the windless night Желсіз түнде жарық ай
Төменде берілген тапсырмада Абайдың нешінші қара сөзі екенін тап және нүктенің
орнына оның қара сөзін жалғастыр. 7 сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем,ұйықтасам деп
тұрады. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
Бұлар-..... (ненің?) құмары дұрыс жауап: тәннің құмары
Біреуі-білсем екен демеклік.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұтыр еткен болса, «ол
немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі...(ненің?) құмары
дұрыс жауап: жан құмары
Тапсырма№2 2 топ
Абайдың қанша қара сөздері бар? 45
Абайдың табиғат туралы өлеңдері қалай аталады? Өлеңдердің атауларын қазақ-оры-
ағылшын тілінде атап бер.
Жаз-лето- summer
Күз-осень-autumn Қыс-зима-winter
Тапсырма № 3 3топ
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі қай жылы жазылған? 1886 жылы
Абайдың өлеңдері қай халықтардың тілдеріне аударылған? Ағылшын,араб, азербайжан,
қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр.
Тапсырма № 4 4 топ
Абай ақынның сөзін жалғастыр:
Ғылым таппай мақтанба, Ақымақ көп,......
.... ...... .......... ... ........ ...... .
Орын таппай баптанба ақылды аз.
Бес нәрседен қашық бол, Сөзіне қарап кісіні ал,
.... ..... ... ... ..... ........
Бес нәрсеге асық бол. Кісіге қарап сөз алма
Төменде берілген тапсыада Абадың нешінші қара сөзі екенін тап әне нүктенің орынына
оның қара сөзін жалғастыр.
Біреулер құдайдан ..... тілейді
Біздің қазақтың жүректі кісі дегені ..... кісі дегені
«Бейбітшілік жыры»; «Қазақстан бақытты» өлеңін орындау.
«Әрқашан күн сөнбесін» өлеңің 1 шумақты ағылшын тілінде үйрену.
5.Сергіту сәті.Пысықтау Мұғалім көңілді сергіту жаттығуын жасатады.
«Абай»операсында басты кейіпкерлер кім? Ұлы Абайдың қандай қасиеттерін ұнатасың?
6.Қорытынды Мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады.Оқушылар алған білімдерін
Стикерлермен білім ағашына жапсырады.
7.Үй тапсырмасы 98б-100 б.оқу, шығармашылық сурет салу, Абайдың шығармашылығына
Байланысты ойдан сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
Музыка - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Казахские музыкальные инструменты в произведениях устного народного творчества" 5 класс
- Конспект урока "Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру" 4 класс
- Конспект урока "Что за прелесть эти сказки. Три чуда" 4 класс
- Конспект урока "Народные праздники «Троица»" 4 класс
- Конспект урока "Тайны симфонического оркестра" 4 класс
- Конспект урока "Старый замок" 4 класс