Технологическая карта "Сандық сәуле"

1
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Күні: Мектеп: № 211 орта мектеп
Сынып: 1 Пән мұғалімі: Г. Сардарова
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Сандық сәуле
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
1.1.1.2 ** бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру;
1.1.1.3 **бір таңбалы сандардың құрамын анықтау;
1.1.1.1 ** натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну,
натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындайды:
- 10 көлеміндегі сандарды оқиды, тура және кері санайды;
Көптеген оқушылар орындайды:
-
10 көлеміндегі сандардың орнын анықтайды;
-
сандық сәуледегі нүктелерді сандармен сәйкестендіреді;
Кейбір оқушылар орындайды:
-
заттардың орналасу реті мен сандарды сәйкестендіреді;
-
алдыңғы сан, келесі сан ұғымдарын дұрыс қолданады.
Бағалау критерийі
-
10 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жазады;
-
Сандық сәуледегі сандарды толықтырып жазады.
Тілдік мақсаттар
Сандық сәуле, алдыңғы сан, келесі сан ұғымдарын дұрыс қолдану.
Құндылықтарды
дарыту
ата-ананы сыйлау, еңбектің қадірін білу, топтық жұмыс барысында
жауапкершілікті сезіну.
Пәнаралық байланыс
дүниетану
АКТ-ны қолдану
дағдылары
Интерактивті тақтаны қолдану
Бастапқы білім
10 көлемінде тура және кері санайды, заттарды санайды, салыстырады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарлан
ған
кезеңдері
Уақыт
40 мин
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Сабақтың
басы
2 мин
2 мин
1 мин
Психологиялық дайындық
-
Мені кім көріп тұрса, бір рет шапалақтасын.
-
Кім математиканы жақсы көрсе, екі рет шапалақтасын.
-
Кім ойнағысы келсе, үш рет шапалақтасын.
«Өз орныңды тап» ойыны
Оқушыларға сандар таратылады. Сандарды кір
қыстырғышпен керілген жіпке қыстырады. Ойын 2 рет
қайталанады.
1) 1 2 3 4 5 6 7 8 9
2) 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Кері байланыс
-
Заттарды санағанда қай саннан бастап санаймыз?
-
8-дің алдында қандай сан тұр?
-
3-тен кейін қай сан тұрады?
-
Біз неге сандарды осылай орналастырдық?
Кір жайғыш
жіп, кір
қыстырғыш,
сандар
2
2 мин
Сандар сандық сәуледе ретімен тұрады деген
қорытынды жасалады.
Сынып 1,2,3,4-ке дейін саналып, төрт топқа бөлінеді.
Сандық сәуле
Сабақтың
ортасы
30 мин
5 мин
2 мин
1 мин
2 мин
3 мин
1 мин
1 мин
Топтық жұмыс
*Сандық сәулені түсіп қалған сандармен толықтырып жазу
2, 5, 7 сандарын тапқаны үшін 1 балл
3,4,5,6 сандарын жазғаны үшін 1 балл
* Доптарды нөмірлеп жазу, үшінші допты қызылмен бояу.
6 допты дұрыс нөмірлеп жазғаны үшін 1 балл
Үшінші допты бояғаны үшін 1 балл
Кері байланыс
-
Сандық сәуледегі ең үлкен сан қайсысы? (9)
-
Сандық сәулелерде барлығы неше сан түсіп қалған? (7
сан)
-
Қызыл доп соңынан санағанда нешінші болып тұр?
(төртінші)
Бағалау
Топтардың жұмысы тақтаға ілінеді. Нәтижесі
жарияланады. Максималды ұпай – 4 жұлдызша
Сергіту сәті
«Суретті жұмбақ» ойыны
Бір оқушы тақтаға шығады. Басқалары оған аюды сипаттап
айтады. Мысалы, ол аң, балды ұнатады...
-
Олай болса, аюға көмектесейік. Ол сандардың ретін
білмейтін сияқты.
Жұптық жұмыс
Шығарып көр, төмендегі құтыларды нөмірлеп жаз.
Кері байланыс
-
Аю неден қателесті?
-
Сандар қандай ретпен орналасқан?
Бағалау
Тапсырманы дұрыс дер кезінде орындаған жұптар
мадақталып, жұлдызшамен бағаланады.
парақшалар
3
Сабақтың
соңы
4 мин
1 мин
7 мин
2 мин
4 мин
Ұжымдық жұмыс
-
Домино деген не?
-
Ол қалай ойналады?
-
Олай болса, доминоны өсу ретімен тақтаға ілеміз.
Кері байланыс
-
Дым нүктесі жоқ домино қай санды білдіреді?
-
Заттарды санауда нөл саны қолданыла ма?
Жеке жұмыс
7-жұмыс парағы 8-жұмыс парағы
Жұмыс соңында әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
Кері байланыс
-
Қай тапсырма қиын болды?
-
Қай тапсырма ұнады?
Рефлексия
-
Заттарды санау үшін қандай сандарды қолданамыз?
-
Нөл натурал санға жата ма? Неліктен?
-
Сандық сәуле деген не? Ол не үшін керек?
«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылардың тақырыпты
қаншалықты меңгергені туралы рефлексия жүргізіледі.
Таратпалар
«Баспалдақ»
әдісі
Дым түсінбедім.
Түсіндім, бірақ...
Бәрін түсіндім.
4
Сараланған
тапсырмала
р
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасының
сақталуы
Қабілеті
жоғары
оқушылар
суреттегі
заттарды
орналасуы
бойынша
сандармен
сәйкестенді
реді.
Қабілеті
төмен
оқушылар
сандық
сәулені
толықтырып
жазады.
Топтық жұмыс жұлдызшамен бағаланады. Жұлдызша жинау арқылы
оқушылардың белсенділігі артады. Көбірек ұпай жинауға тырысады.
«Баспалдақ» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалап үйренеді,
бағалауда оқушылардың ынтасы артады.
Қарындашты,
қаламды дұрыс
пайдалануды,
ауызға
салмауды
ескертіп
отырамын.
Сабақ
бойынша
рефлексия
Осы сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізудің тиімді
тұстары көп деп ойлаймын. Әр жұмыстан соң кері байланыс және
бағалау жүргізіледі.Оқушы өз жұмысының нәтижесінен хабардар
болып отырады. Сондай-ақ жұмысы бағаланған сайын оқуға деген
ынтасы да артады. Топтық, жұптық жұмыс кезінде бала
сыныптасымен диалог орнатады, қатесін түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылар көшбасшы болуға ұмтылады.
Сараланған тапсырмалар
Қабілеті жоғары оқушылар үшін
5
Қабілеті төмен оқушылар үшін
*Сандық сәуленің қайсысы дұрыс болса, соны + таңбасымен белгіле.