Зейін Шашкин "Доктор Дарханов" романы
Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Сыныбы: 7
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» романы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Зейін Шашкиннің өмірі мен
шығармашылығы туралы айта отырып, «Доктор Дарханов» романының
мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды Зейін Шашкиннің өмірі
мен шығармашылығы мен «Доктор Дарханов»
романының мазмұнымен таныстыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, сөйлеу
тілін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жазушының
шығармашылығы арқылы адамгершілікке,
әділдікке, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге Зейін Шашкиннің өмірірбаяны туралы мәлімет іздеу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов»
1.-Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосқан
көрнекті жазушылардың бірі-Зейін Шашкиннің шығармашылығымен
танысамыз. Олай болса, жазушының өмірбаянына байланысты
сызбаны толтырып көрейік.
Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (31.12.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл
ауданы — 29.3.1966, Алматы) — жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих,
философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933 — 1937 жылы Қарағанды
қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында, ҚазПИ-де
(қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, 1949 — 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің
Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдары Қазақстан
Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған. Шашкин Зейін Жүнісбекұлы
баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 20 ғасырдың 30-жылдарынан
бастап көрінді. 1934 жылы “Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды.
Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының
оқулығын” (1940) жазды.
2. Жазушының шығармалары:
• “Абай поэзиясының
ерекшелігі”
1934 ж.
• “Әдебиет теориясының
оқулығын”
1940 ж.
• “Таң атты"
1955, (орыс тілінде).
• “Ұядан ұшқанда”
1957 ж.
• “Темірқазық”
1959 ж.
• “Өмір тынысы”
1964 ж.
• “Ақбота”
1966 ж.
• “Тоқаш Бокин”
1958 ж.
• “Теміртау”
1960 ж.
• “Доктор Дарханов”
1962 ж.
• “Сенім”
1966 ж.
Зейін
Шашкин
Павлодар
облысы,
Баянауыл
ауданында туған
1933-37 ж
Қарағанды
қалалық
комсомол
комитетінің
хатшысы
1955-56 жылдары
Қазақстан
жазушылар
одағында кеңесші
қызметін атқарған
1949-55
жылдарыБурабай
санаториясында
дәрігер
1930-33 жылдары
Мәскеудің Тарих,
философия және
әдебиет
институтында
оқыған
3. Аталған шығармаларында жазушы Қазан төңкерісі қарсаңындағы
қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық
қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі, олардың дүние танымы
суреттелген “Таң атты” (1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда” (1957),
сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген
сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір
тынысы” (1964), “Ақбота” (1966) повестері мен әңгімелер жинақтары,
Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы
өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны,
оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және
отбасындағы рөлі, әлеуметтік, этикалық, эстететикалық көзқарастары
баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және
тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның
рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек
адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын
қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов”
(1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген
қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау
етілген “Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман осылай
басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма
театрларда қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң”
атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет ел тілдеріне аударылды.
“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға Инсерт әдісі
арқылы кестені толтыру.
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
V. Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында
оқушыларға сұрақтар қою.
-Не білдік?
-Не түсініксіз?
-Не ұнады?
VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары
бойынша бағалау.
VІІ. Үиге тапсырма беру:
Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» мазмұнымен танысу.
Литература - еще материалы к урокам:
- Урок по литературе "В.Ю. Драгунский «Девочка на шаре» Подготовка к пересказу"
- Презентация "Нравственные проблемы рассказа В.Г. Распутина «Уроки французского»" 6 класс
- Конспект урока "Нравственные проблемы рассказа В.Г. Распутина «Уроки французского»" 6 класс
- Проверочные работы по литературе 5 класс
- Зачет по роману М.А. Шолохова "Тихий Дон"
- Урок литературы "Песни о войне" 8 класс