Презентация "ЗЕРДЕ интеллектуалдық ойын" 7 класс

Подписи к слайдам:

ЗЕРДЕ

интеллектуалдық

ойын

Тапсырмалар:

І. Таныстыру

ІІ. Ойнайық та,ойлайық

ІІІ.Қателерді табайық

IV. Қара жәшік .

Y.Әр қолда –өзінің ісі

YI. Капитандар сайысы

YII. Викториналық сұрақтар

Таныстыру

Алғырлар

Тапқырлар

1. Үстел үстінде бес май шам жанып тұр. Еркін оның төртеуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалады?

(төртеуі қалады)

2. Жерден көтеруге оңай ,бірақ лақтыруға қиын.?

( мамық)

3.Дайындауға болады,бірақ жеуге болмайды.

( сабақ )

4.Қалай 10 метр сатыдан секіріп жараланбауға болады?

( сатының ең төменгі сатысынан секіру керек)

5. Жылдың қай айында 28 күн бар.

( барлық айда)

Ойнайық та,ойлайық

1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды.?

(тұйеқұстар ұшпайды)

2. Тауық бір аяқпен тұрғанда 3 кг, екі аяқпен тұрса, неше кг болады?

(3кг)

3.Алманың жартысы неге ұқсас?

( екінші жартысына )

4.Кім барлық тілде сөйлейді?

(жаңғырық)

5.Қандай ыдыстарға су құйылмайды.?

(су толы ыдысқа )

Қателерді анықта

интерактивті тақтамен жұмыс

Мен компьютерде

жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге мәтінді енгізу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.

Қара жәшік

Қара жәшікте жатқан затты бір дарынды жас бала ойлап тапты. Кезінде ол, әлемдегі ең бірінші, қол - араны ойлап тапқан болатын. Археологтар Помпея күлінің астынан осындай қоладан жасалған заттарды тапты. Ежелгі Грекияда бұл затты қолдана алу – аса кемелділіктің, ал оның көмегімен есеп шығара алу қабілеті – қоғамдағы жоғары бедел мен парасаттылықтың белгісі болып саналды. Осы зат архитектура мен құрылыста таптырмас құрал. Жүздеген жылдар бойы оның құрылысы өзгерген жоқ.Математика сабағында қолданылады. Қара жәшікте жатқан зат не?

Ол үйде де компьютерде де болады.Оның үйде жүргені ыңғайсыз, компьютерде болғаны қалыпты жайт. Жәшікте жатқан не?

Әр қолда –өзінің ісі

Екі қолмен сызу керек .

Оң қолмен шеңбер

Сол қолмен үшбұрыш

Капитандар сайысы

  • Ақпаратты шығару құрылғысы
  • (принтер)

    2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы

    (Модем)

    3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы

    (Процессор)

    4. Дыбыс жазу құрылғысы

    (микрофон)

    5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

    (Монитор)

    6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі

    (Алгоритм)

1.Ақпараттың өлшем бірлігі

(бит, байт)

2.Деректерді сақтауға арналған құрылғы

(жады)

3.Компьютердің атасы деп кімді айтамыз?

(Чарльз Бэббидж)

4.Вирустың кері әсерін жоятын программа

(Антивирус )

5.Ақпарат сөзі қай тілден шыққан

(латын)

6.1 Кбайт қанша байтқа тең

(1024 байт)

Викториналық сұрақтар

  • Жанұяда 2 ұл, әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
  • (2 ұл, 2 қыз, 1 әке, 1 ана. Барлығы - 6 адам)

    2. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?

    (Бірдей)

    3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?

    (5 бала)

4. Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды?

Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5

  • Алдар көсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты?
  • Алдардың өзі

2.Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?

(27 км жүрген)

3.“ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі: - Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?

(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

4. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?

6 лақ

Қатысқандарыңызға

рахмет!