Конспект урока "Кесте. Кесте құру.Кестенің элементтері: жол, баған, ұяшық" 8 класс
Сыныбы: 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кесте құру.Кестенің элементтері: жол, баған,
ұяшық
Сабақтың мақсаттар:
Білімділік: Ms Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс жасау бойынша
оқушыларда білім мен біліктілік қалыптастыру. Теориялық
білімдерін пратикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ой-өрісін арттыру. Ақпараттық-
технологиялық ойлау қабілеттерін, компьютермен жұмыс жасау
іскерліктерін, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс
жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Интерактивті сабақ
Қолданылған құрал-жабдықтар: компьютер, Ms Word редакторы,
интерактивті тақта, флипчарт, «Компьютерлік сауаттылықты
жою» электронды оқулығы, Excel электронды кестесі, Power
Point слайдтары
Қолданылған әдіс-тәсілдер: АКТ, өзбетіндік, топпен жұмыс, сөздік,
көрнекілік, интерактивті тақтамен, оқулық, дәптермен жұмыстар,
тест жұмысы, топтастыру, шығармашылық
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (қауіпсіздік
ережесін айту)
ІІ. Білім дағдыларын ұйымдастыру
- оқу тапсырмаларын меңгерту
- шешімін табу (іздеу) үрдісі
-бой сергіту («Буратино» ойыны)
- ойларын жинақтау және қорытындысын шығару
ІІІ. Қорытындылау
ІV. Рефлексия
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
* Психологиялық ахуал (Ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілек
тілеу (слайд көрсету))
* Сабақтың мақсатын хабарлау
- Сабақты бастамас бұрын сендермен қазір дербес компьютермен жұмыс
жасау қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. (жұмысты бастау
журналын толырыңдар)
- Әрқайсысың бір-бір ережеден айтасыңдар, қайталанбауы тиіс.
Жауап жоспарының үлгісі:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
2. Тағайындалған орынға отыру керек.
3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек
8. Жұмысты таза және құрғақ қолмен істеу керек
9. Информатика кабинетінде жүгіруге болмайды
10. Электр тогына жалғанған сымдарға тиісуге
11. Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға
- Жарайсыңдар!
ІІ. Білім дағдыларын ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру,
Тест жұмысы (2 нұсқада Excelэлектронды редакторында
орындайды)
Бағалау: (флипчартта)
«5» - 9-10 сұраққа
«4» - 7-8 сұраққа
«3» - 6 сұраққа
«2» - 1-5 сұраққа
Білімдерін жан-жақты тексеру
1. «Компьютерлік сауаттылықты жою» электронды оқулығының
Microsoft Word тақырыбы бойынша 6-тапсырмасын интерактивті
тақтада орындату
2. «Ойлан, тап!» ойыны (флипчарт)
3. «Қажеттісін таңдап ал» ойыны (флипчарт)
4. «Артық терминді тап» ойыны (флипчарт)
Жаңа материалды меңгерту
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз(күнді, тақырыпты
флипчартта жазу).Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте
безендіруді үйренулеріңіз керек.
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде
даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және
сіздердің күнделік парақтарыңыз т.б. жатады. MS Word мәтіндік
процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу
мәселелерін жүктейді. Кестеге өзбеттеріңмен мысалдар келтіріп, анықтама
беруге тырысып көріңіздерші.
Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген
ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. (анықтамаларды
дәптерлеріне жаздырту)
- оқу тапсырмаларын меңгерту («Компьютерлік сауаттылықты жою»
электронды оқулығы арқылы жаңа материалды меңгерту)
1) Барлығымыз компьютеріміздің жұмыс столынан СИН КАЗ бағдарламын
ашамыз
2) «Келесі» батырмасын басамыз
3) «Суреттерді кірістіру. Кестелерді жылдам әзірлеу және безендіру.
Құжаттарды басып шығару» модулін таңдау.
4) 7-модульдің ішінен «Кестелерді жасау және безендіру» тақырыбын таңдау.
5) Жаңа материалды оқу, «Жанбітірім» бойынша материалды қабылдау.
Сонымен, дәптерге «Мәзір жолы» арқылы кесте құру, безендіру және
жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.
Кесте құрудың алгоритмі (флипчартта)
1. Мәзір жолынан «Вставка» командасын таңдау.
2. «Таблица» батырмасын шерту.
3. «Вставить таблицу» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың
тиісті сандарын енгізу керек.
4. «ОК» батырмасын шерту.
Кесте безендіру алгоритмі (флипчартта)
1. Кестені бөліп алу.
2. «Таблица» - «Экспресс - таблицы» командаларын орындау.
3. Формат пішімін таңдау.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки,
Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить
ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки(бағандар мен жолдар қосуға,
ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып,
кестені құруға және жоюға болады.
Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру алгоритмін жаздық. Енді
жаңа сабақты қалай түсінгендіктеріңді практика жүзінде тексеріп өтейік.
- шешімін табу (іздеу) үрдісі
Меңгергендіктерін тексеру
1. Электронды оқулықтағы тапсырма
- бой сергіту («Буратино» ойыны, флипчарт көрсетіледі)
Бекіту:
1) Практикалық жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар (А, В, С))
«А» -деңгейіндегі оқушылар (Айзада, Махмут, Жандос)
«В» - деңгейіндегі оқушылар (Ерсанат, Махамбет, Айдана, Мәди)
«С» - деңгейіндегі оқушылар (Нұрым, Әділет, Бейімбет, Аяжан)
«А» - деңгейінің тапсырмасы:
Төмендегі үлгі бойынша «Берел орта мектебі бойынша соңғы 3 жылдағы
ҰБТ-дің нәтижесі» деген кесте құр.
Оқу жылдары
2003-
2004
2004-
2005
2005-
2006
2006-
2007
2007-
2008
2008-
2009
2009-
2010
2010-
2011
Түлектер саны
13
17
7
15
10
8
8
17
Орта балл
46
68
73
71
82
83
98
96
«В» - деңгейінің тапсырмасы:
«Футболдан ХVІІІ Қазақстан чемпионаты» кестесін үлгіге қарап құр.
Футболдан ХVІІІ Қазақстан чемпионаты
Орын
Команда
И
В
Н
П
Доп
Ұпай
1
Локоматив
4
4
0
0
11-4
12
2
Ақтөбе
4
4
0
0
8-2
12
3
Тобол
4
2
2
0
7-3
8
4
Қазақмыс
4
2
1
1
7-5
7
5
Шахтер
3
2
0
1
5-2
6
«С» - деңгейінің тапсырмасы:
«Сынып оқушылары» атты кесте құр.
1) 5 бағанды, 12 жолды кесте құру
2) Бағандар: рет саны, аты-жөні, туған жылы, жынысы, сыныбы
3) Жолдар: 11 оқушының аты-жөні
4) 1-жолды сары түспен бояу, жазуын көк түспен, көлбеу және қою
қаріппен жазу
5) Жазылған мәліметтерді ұяшықтың ортасына туралау
2) «Жұбын тап» ойыны (флипчартта)
1. Кестені даярлау үшін ... Кесте – Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін ... Кесте – Біріктіру
3. Ұяшық дегеніміз не?... Баған мен қатардың қиылысуы
4. Жаңа жол қосу үшін қолданылатын перне ... tab
5. Жолдарды кірістіру ... Кесте – Кірістіру – Жол қосу
- ойларын жинақтау және қорытындысын шығару
Инсерт әдісін қолдану (компьютердегі кестені әр оқушы толтырады)
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
ІІІ. Қорытындылау(жақсы оқитын 3 оқушымен жеке жұмыс «Көгершіннің
хатын» оқу, жолдау туралы) (флипчартта)
Тапсырма: Берілген кестелерді пайдаланып, Астана қаласынан көгершіннің
қанатымен келген хатты оқып көріңдер.
10000000 10101011 10100101 11100011 10101100 10100101 11100010
11100010 01101001 10101010 00010110 1110110110101010 10101110
10101101 10101110 10101100 10101000 10101010 10100000 10101011
11101011 10101010 10100110 10100000 10101101 10100011 11011011
11100000 11100010 11100011 00010110 10001010 10000000 10100111
10000000 10101010 11100001 11100010 10000000 10101101 10100100
10000000 10101100 11100011 11101011 10101101 11101011 10101101
10100001 10000000 11100001 11100010 11101011 10100001 10000000
10100011 11101011 11100010 11101011
Жолдау: Әлеуметтік-экономикалықжаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты
Семинар ұраны: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – ақыл мен білім»
Жүсіп Баласағұни
ІV. Рефлексия
Сабақта балалардың эмоционалдық
жағдайын анықтау. (күншуақ)
Сіздердің столдарыңызда күннің суреті
жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң
жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың
белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде
сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса,
онда сол жақ бетіне айқыш суретін салыңыз.
Егер жоқ болса, оң жағы.
V. Бағалау
1. Өзін-өзі бағалау
2. Мұғалімнің бағалауы (күнделікке баға қою)
VІ. Үйге тапсырма:
Кестемен жұмыс.(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл.түрде)
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабақтағы көңіл-күйлеріңіз өте
жақсы болды, енді осы көңіл-күйлеріңіз толық күнге сақталсын. Сабаққа
қатысқандарыңызға рахмет!
Информатика - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Модель және модельдеу" 6 класс
- Конспект урока "Подготовка компьютера к работе. Корректное завершение работы с компьютером" 5 класс
- Конспект урока "Алтын қақпа" 5 класс
- Конспект урока "Построение и редактирование таблиц в текстовом процессоре Microsoft Word" 10 класс
- Технологическая карта урока "Компьютерде модельді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері" 8 класс
- Технологическая карта урока "Поиск данных в электронной таблице" 9 класс