Конспект урока "Бір орында тұрып ұзындыққа секіру" 4 класс

Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Бір орында тұрып ұзындыққа
секіру»
Пән мұғалімі: М.Махамбетов дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Арал қаласы №64 мектеп
Күні: 22.10.2015 ж Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Бір орында тұрып ұзындыққа секіру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдерін
шыңдауға,баланың денесін, бұлшық еттерін жаттықтыруға үйрету.
Дамытушылық: Қимыл қозғалыс қабілеттерін
жетілдіру.Спорт түрлеріне деген қызығушылын арттырып, көп күш салуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын
қалыптастыруға,дене сымбатының дұрыс қалыптасуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Түсіндіру, үлгі көрсету.
Керекті спорттық құралдар: Жалаушалар, секундомер, ысқырық,
метр,секіртпе.
Дайындық бөлім:
1.Оқушыларды ара қашықтықтарын сақтай отырып, бойларына қарай бір
қатар етіп сапқа тұрғызу.Оқушылармен амандасу,түгелдеу,формаларын
қарап шығу.
2.«Сынып,сап түзе!» , «Тік тұр!» , «Ретімен сана!» деген бұйрықтарды 2-3
рет қайталап, естеріне түсіру және орындату.
3.«Оңға бұрыл!» , «Солға бұрыл!» , «Артқа бұрыл!» бұйрықтарын еске
түсіру және орындату.
4.Спорт алаңын айнала 2минуттай сапты бұзбай жүргізу және жүгіру.
5.Жүріп келе жатып төмендегі жалпы дамыту жаттығуларын орындату:
1) Қолды жоғары созып,алақанды ішке қаратып, аяқтың ұшымен
жүру.
2) Қолды белге қойып, өкшемен жүру.
3) Қолды белге қойып, жартылай, содан соң толық отырып жүру.
4) Жүресінен отырып, секіріп жүру.
5) Бастапқы қалыппен жүру, жүгіру.
6) Қолды алға айналдырып сол қапталмен, артқа айналдырып оң
қапталмен жүгіру.
7) Тізені жоғары сілтей көтеріп жүгіру.
8) Тілерсекті артқа серпи тастап жүгіру.
Дене жаттығуларын жасату:
Екі қатарға тұрғызып:
1) Бастапқы қалып.Қолды белге қойып, аяқты иық көлеміндей етіп ашып,
мойнымызды санақ бойынша солға 4-рет, оңға 4-рет айналдыру.
2) Бастапқы тұрыс қолды иыққа қойып алға 4-рет, артқа 4-рет айналдыру.
3) Бастапқы тұрыс қолды кеуде тұсына бүгіп ұстап саусақты ұштастырып, 1-
2 кеуде тұсында сермеу, 3-4 солға бұрылып қолды жазып сермеу,
жаттығу ары қарай жалғасады.
4) Бастапқы тұрыс қол белде, аяқты иық көлемінде ашып 1 сол аяқ ұшына
қолымызды тигіземіз, 2 ортаға қолды тигіземіз 3 оң аяғымыздың ұшына
тигіземіз 4 бастапқы қалпымызға келеміз.
5) Бастапқы тұрып қолымызды белімізге қойып аяқты иық көлемінде
ашамыз, белімізді солға 4-рет, оңға 4-рет толық айналдырамыз.
6) Негізгі тұрыс қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшына тұру, екі алға еңкею
тізені бүкпей, үш қолды алға созып отыру, төрт бастапқы қалып.
7) Негізгі тұрыс 1-сол қапталға қолды алға созып сол аяққа отыру, екі
бастапқы қалып, 3-4 келесі аяққа қайталанады.
8) Негізгі тұрыс 1-сол аяқпен алға аттап қолды тізеге қойып жартылай
отыру, 2-бастапқы қалып, 3-4 келесі аяққа қайталанады.
9) Қатармен санақ бойынша жүру және тоқтау жаттығуын қайталау.
Негізгі бөлім. Сапқа тұрғызып, жаңа сабақпен таныстыру.Адамның
негізгі қимыл қозғалыстарына жататын секіру жаттығулары-оның жалпы
қимыл қозғалысы қаншалықты жетілгенін айқындайтын көрсеткіш.Секіру
жаттығулары өте қызықты,жиі пайдаланылатын,дененің дамуына үлкен
септігін тигізетін жаттығулар болып табылады.Сондықтан дене шынықтыру
сабақтарында секіру жаттығуларын дұрыс әрі сапалы орындау тәсілдерін дер
кеінде меңгеру қажет.
Секіру жаттығулары арқылы адам күшін молайтып,төзімділікке
дағдыланады.Жалпы қималдарын ықшамдай білуге,оларды бір-бірімен
үйлестіріп,жеке жаттығу түрін орындауға өзін бағыттай білуге машықтанады.
Қос аяқты иық көлемінде сызыққа қою,қолды жоғары көтеру,аяқтың ұшына
тұру.
Қолды артқы серпу,аяқты бүгу. 1-2рет қолы серпи,серпу арқылы жоғары
секіріп
(ауада қалықтау)жерге түсу.Сызықтан асып кетпеуді ескерту.Жерге түскен
кезде қозғалмай нық түскен дұрыс.Қолды артта қалдырмау.Көрсеткіш белгісі
аяқтың өкшесімен белгіленеді.
Қорытынды бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, қол мен аяқтың бұлшық еттерін
шынықтыратын жаттығулар беру. Спортпен үнемі шұғылданып жүруге
шақыру.
Оқушылармен қоштасып, қатармен сынып бөлмесіне апару.