Конспект урока "Ғарыш әлеміне саяхат" 7 класс
Сабақтың тақырыбы:
Ғарыш әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : оқушылардың алған білімдерін тексеру,қайталап,бекіту және
қорытындылау.
Дамытушылық: ойлау, өз бетімен іздену қабілеттерін жетілдіріп ,
шығармашылық дағдылары мен ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: алдарына қойған мақсаттарына жетуге ,өздеріне сенімді болуға,
жауапкершілікке ,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: слайд,су ,қағаз , интерактивті тақта,
стакан ,тиын,тарелка,шырпы.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Білімді жинақтау,жүйелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.(Деңгейлеп –дамыта оқыту.)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (танысу,топқа бөліну)
2. Негізгі бөлім ( деңгейлік тапсырмалар, есептер шығару.суреттермен жұмыс)
3. Бағалау (рефлексия)
• Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да,өз есімдеріне бір сөз қосып айтады, солай
шеңбер бойы қайталанады.Одан кейін оқушылар үстелдегі қағаздардан алып
«Физика» және «Астрономия» сөзін құрастырады.Содан кейін екі топ өз
орындарына отырады.
Ой қозғау:
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан,біз бүгін ғарыш кемесімен саяхатқа
аттанамыз.Біз бәріміз білеміз ғарыш кемесі Байқоңырдан басталады.
«Байқоңыр » ғарыш айлағы 1955 жылы салына басталып 1957 жылы
пайдалануға берілді.Ғарыш айлағы өз атына сай айналасы қара қоңыр
топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ол халқы тығыз орналасқан аймақтан
алыс және Алматы –Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін жерге
жақын болуы тиіс еді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Қазақстан-2030» кемесімен аттанбас бұрын
екі топ өздерінің аттарын қорғайды.Олар плакатқа «Физика » және
«Астрономия» пәндері нені зерттейді , сызбамен ,сөзбен салады.
Оқушылар орталарынан бір спикер сайлап ,сол оқушы қорғайды.
Аталған топтардың саяхатқа барып келуі үшін бірнеше тапсырмаларды
орындау туралы спутниктен мынадай хабарлама келді.
Тапсырмалар төрт деңгейлік құрылымнан тұрады.
• Танымдық деңгей.
а) «Физикалық тәжірибелер»
ә) «Физикалық шамалар » интерактивті тақтамен жұмыс.
• Алгоритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
б) Семантикалық карта (интерактивті тақтамен жұмыс)
в) «Физика – біздің айналамызда »
• Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
г) Деңгейлік тапсырмалар
ғ) Графикалық диктант (сәйкестендір)
• Шығармашылық деңгей
д) тест
е) «Физика тілінде сөйлесек»
Ал енді «Қазақстан- 2030» кемесімен саяхатқа аттанамыз .
1. Танымдық деңгей.
Келіп жеткен ғаламшарымыз .төменгі орбитада орналасқан «Меркурий»
ғаламшары. Бұл ғаламшардағы тапсырма «Физикалық тәжірибелер».
Стол үстінде тұрған су ,қағаз , стакан ,тиын,тарелка,шырпы. Осылардың
көмегімен өзің білетін физикалық тәжірибелеңді көрсет.
• Төгілмейтін су.
• Қолыңды суламай тиынды ал.
Келесі тапсырмамыз «Шолпан» ғаламшарында орналасқан. Мұнда
физикалық шамалардың орындары ауыстырылып берілген .Соларды тауып
қазақша .орысша жаз.Балалар интерактивті тақтаға жазады.
Адуан- аудан – площадь
Мкөл- көлем- объем
Уқаыт - уақыт - время
Сымық- қысым - давление
2. Алгоритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
Жер орбитасының сыртында орналасқан «Марс» ғаламшарына келдік,
Мұнда оқушылар семантикалық карта (интерактивті тақтамен жұмыс)
толтырады.
Физикалық
шамалар
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
F
s
P
ύ
H
Па
м
м\с
ύ*t
F\S
ma
s\t
Қысым
Жол
Жылдамдық
Ауырлық
күші
Ал. «Физика – біздің айналамызда » тақырыбында «Юпитер»
Ғаламшарына барамыз.Бұл бөлімде суреттермен жұмыс жасаймыз.
• Суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде қай баланың әрекеті дұрыс
деп ойлайсыңдар?
• Сиыр-қос тұяқты,ал жылқы жалғыз тұяқты.Батпақты және ылғалды
жерлермен жүрген кезде сиыр аяғын жеңіл көтереді,ал жылқы үлкен
қиындықпен көтереді.Себебін түсіндір?!
• А) Көлік кенет тоқтағанда .адам алға қарай еңкейеді.
Б) Жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқаяды.
• Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала ақырын жүріп келе жатқан баламен
қақтығысып қалды. Олардың қозғалыс жылдамдығы қалай өзгереді?.
❖ Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
Бұл бөлімде «Сатурн» ғаламшарына барайық.Онда деңгейлік тапсырмалар
берілген.Интерактивті тақтамен жұмыс жасаймыз.
А
В
1
2
Бірінші есеп: Ұшақ 750 км\сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағат
ішінде ол қандай аралықты өтеді?.
Екінші есеп: Массасы 300 кг , ал көлемі 200 м
3
металдың тығыздығы
қандай?
Енді келесі саяхатымызды «Уран» ғаламшарынан бастаймыз.Мұндағы
тапсырма « Сәйкестендір » , графикалық диктант толтырады. Мұнда әр топ
өзі толтырып , оны бағалауға келесі топқа береді.
Исаак Ньютон
Гелиоцентрлік жүйе
Блез Паскаль
F=ma
Галилео Галилей
P=F\S
Николай Коперник
Инерция заңы
• Шығармашылық деңгей
Енді біздер «Нептун» ғаламшарына келдік.Мұнда тест берілген.
д) тест
✓ Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып ,
барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің
ақылың;
А) Әрі қарай жалғастыр .
Б) Күшті ауданға бөл.
В) Креслоны мазалағанд ы қой .
✓ Сыныптас оқушына қысымның қандай бірлікпен өлшенетініне
ақыл бер:
А) Ньютонмен
Б) Паскальмен
В) килограммен
✓ 3. Молекула деген не?
А)`заттың ең ұсақ бөлшегі
Б) бөлінбейтін бөлшек
В) күрделі зат
4.Заттың күйі деген не?
A. )Газ,күш,масса
B. )Ағаш, су , қысым
C. )Газ, сұйық ,қатты
е) «Физика тілінде сөйлесек»
Ең кішкентай «Плутон» ғаламшары.
Мына сөздер қай тілден шыққан және қазақша мағынасы қандай?
«Физика тобына »:
1. Манометр-грекше «манос» -сирек, тығыз емес, «метрео» -өлшеймін.
2. Инерция-латынша- қозғалыссыздық,әрекетсіздік.
3. Деформация –латынша –бүліну, бұзылу,иілу.бұралу
4. Атмосфера –грекше «атмос» -бу, ауа, «сфера»- шар
«Астрономия тобына »
1. Барометр –грекше «барос»-ауырлық, «метро»-өлшеймін.
2. Диффузия-латынша жайылу,таралу.
3. Динамометр-грекше динамис-күш, «метрео»- өлшеймін.
4. Анероидтар-грекше «анероид » -сұйықсыз.
Қорытынды: Біз ғарыш әлеміне саяхат жасап ,7 сыныпта өткен физика
сабағының материалдрын қайталадық.
Бағалау:
Қазір екі топ бір- бірінің бағасын айтады. Содан кейін олар осы сабаққа
смайликтар арқылы баға береді.
Назарларыңызға көп рақмет!
Нұра орта мектебі
Пәні : физика 7 сынып
Өткізген :Берлибекова Ж.М
ҒАРЫШ
ӘЛЕМІНЕ
САЯХАТ
Физика - еще материалы к урокам:
- Презентация "Энергия топлива. Удельная теплота сгорания топлива" 8 класс
- Презентация "Магнитное поле. Сила Ампера. Вихревое электрическое поле"
- Конспект урока "Мощность" 7 класс
- Конспект урока "Кинетическая энергия" 7 класс
- Задачи "Сила трения". Для подготовке к ЕГЭ
- Презентация "Механика: законы Ньютона, законы сохранения"