Конспект "Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақтану заңы. Кулон заңы"

Сабақ тақырыбы: Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақтану заңы. Кулон
заңы.
Сабақтың мақсаты: 1. Электр заряды. ектроскоп. Электрометрдің құрылысы және
жұмыс істеу принципі.
2. Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен танысу.
3. Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және
практикалық маңызымен танысу.
Сабаққа қажетті құралдар: эбонит,шыны, пластмасса таяқшалар, жүн, тері, жібек мата,
гильза, электрофор машинасы,электрометр,электроскоп, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: а) ауызша баяндау.
ә) демонстрация.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ. (30-35 мин)
І. Өткен сабақта денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болатынын білдіңіздер.
Енді осы құбылыстарды қалай байқап және қалай өлшеуге болатыны жөнінде түсінік
аласыздар.
Үй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада жазылған сұрақтарға білім алушылар
білімі тексеріледі
ІІ.
Не арқылы
Қалай білуге болады ?
Қағаз қиқымдарының гильзаға
разрядталғанда екі дене де
зарядталса
Тартылуы
жақындату
зарядтардың сытырлауы
олардың өзара әсерлесуі
ІІІ. Салмақты, ұзындықты, жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да
өлшейтін құралдар бар.
салмақ
ұзындық
жылу
Электр
заряды
таразы
Метр,сызғыш, (лента)
термометр
Электроскоп,
электрометр
Электроскоп: а)денелердің қаншалықты электрленгенің көрсетеді.
ә) электр зарядының аз не көп екенін көрсетеді.
Электроскоптың жетілдірілген түрі – электрометр деп аталады. Бұл екі құралмен білім
алушыларды таныстыру және олардың жұмыс істеу принципін демонстрациялап көрсету.
б) электр зарядтарының дененің сүйір ұшына жинақталу қасиетін Франклин
дөңгелегі арқылы және электрофор машинасының жәрдемімен демонстрциялап
көрсетуіміз керек.
ІҮ. Электрофор, электроскоп, электрометр арқылы металл пластинка, стержень мен
сымның электр зарядтарын, яғни электр тогын өткізетіндігін, ал резеңке, шыны, эбонит
денелердің зарядтарды өткізбейтіндігі тәжірибие арқылы көрсетіліп, денелердің
өткізгіштер, өткізбейтіндер болып бөлінетіндігі жайлы айтылады.
өткізгіштерге
Металдар,қышқылдар мен
тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ,
адам денесі т.б.
өткізбейтіндерге
Резеңке, шыны,эбонит, фарфор,
жібек, керосин, ауа т.б.
Ү. Электрленген денелер алыстан әсер ететінін байқадық. Бұл қалайша, әсер не арқылы
беріледі деп ойланып көрдіңіздер ме ? Екі дененің арасындағы ауа диэлектрик , басқа
әсерді көріп тұрғанымыз жоқ.
Бұл құбылыстың сырын ашумен көптеген елдердің ғалымдары ұзақ жылдар бойы
айналысқан. Ағылшын физиктері айта кететін болсақ, Майкл Фарадей мен Джеймс
Максвелл, Ресей ғалымдары Михаил Василевич Ломоносов, Г. Рихман,америка физигі
Б.Франклин найзағайды зерттеген.
Бізді қоршаған айналамызда жан - жануарлардың, малдың жайылу өрісі, тұрғын үй,
колледж ауласы, алаң сияқты электрленген денелердің әсері байқалатын кеңістік бар
екенін білеміз. Мұндай кеңістік электр өрісі деп аталады. Ол - электрленген дененің
қасиеті материяның бір түрі. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін
күші электр күші деп аталады, яғни электр заряды орналасқан кеңістікте электр өрісі
болады.
Электрлік өрісі ұғымын тақтаға сызып талдау:
Электр өрісі: 1. Электр заряды орналасқан кеңістік; 2. Электрленген дененің қасиеті;
3. Материяның бір түрі.
ҮІ. « Электр өрісі» ұғымын алғаш атақты ағылшын физигі Джеймс Максвелл енгізген.
Джеймс Максвелл Англияның Эдинбург қаласында 1831 жылы туған.Ол гимназияда
оқығанда 5-6 сыныптан бастап зеректігімен көзге түскен. Айрықша қабілеті ескеріліп,
гимназияны бітірмей университетке қабылданады. Джеймс Максвелл 19 жасында физика
мен математикадан жаңалықтар ашты.
ҮІІ. Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген
өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды
емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Мысалы: а) целлюлоза – қағаз,мақта-мата
комбинаттарында қағаз ,лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр
өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының
разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.
ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден
металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып,
разрядтайды.
б) Тұрғын үйдің линолиум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде, нейлон көйлекті
шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр
зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.
в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп, электр
өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен
ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен
жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат,
угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.
г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен
сыздықтап ағуынан, дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың
бөлшектенуінен, бір-бірінен ажыратылуынан, ұсақ бөлшектердің (құмшекер, құм, ұн, дәрі
ұнтағы т.б.)төгілуінен де пайда болады.
ғ) Электр өрісі құбылысы заттарды жалтыратып лактауда, бидайды тазалап сорттауда ,
түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.
Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт
шығып кетуінен сақ болуы керек.
Қорыта айтқанда, біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз.
Мұны өзіміз байқамаймыз, ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан, күнделікті
өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек!
ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Электроскоп не үшін керек құрал ?
2. Электр өрісі дегеніміз не ?
3. Электрометрдің шар кондукторын газетпен үйкесе электр заряды пайда бола ма ?
4. Электр өткізбейтіндерге не жатады ?
5. Электрометр не үшін қажет ? Құрылысын,жұмыс істеу принципін түсіндір.
6. Электр өрісі қандай денелерде болады?
7. Дененің электр өрісін қалай білуге болады ?
ІХ. Үйге тапсырма : 1, 8.1 – 8.2, 241 245 бб, (8.2 8.4) формуланы жаттау.
1. Газетті жыртып,оның қиқымдарының электрленгенің немен, қалай байқайсыңдар?
2. Үйдегі су құбырының шүмегінен ағызған суды пластмасса воронка арқылы төгіп,
воронканың электрленуін байқаңдар.
3. Қараңғы бөлмеде синтетикалық киімдерді шешкенде, электр зарядтары сытырлап,
жарық ұшқындары шығатынын бақылаңдар.