"Өз пәтеріңде электр энергиясын үнемдеу жолдары"

Подписи к слайдам:
  • Орындаған: Советханова Жансая 7 «а» сынып оқушысы
  • Жетекшісі: Иляшова Назгуль Токтарбековна физика пәні мұғалімі
Жобаның өзектілігі
  • Энергия ресурстарының құны күн санап артып келе жатқан заманда оны үнемді жұмсауға төселу керектігі айтпаса да түсінікті.
  • Энергия ресурстарын үнемдеп,табиғатымыздың сақталуына үлес қосу үшін аса күрделі техника мен ұзақ уақыттың қажеті жоқ. Тек әркім өзінің әдеттері мен дағдыларына есеп бере қараса, энергияны үнемдеудің бірнеше әдіс-тәсілін көруге болады. Мамандардың айтуынша, энергияны тиімді пайдалана білсек, тұтынып жүрген энергияның 40 %-ын үнемдеуге болады.
Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын пайдалану арқылы отбасы бюджетін көтеру
  • Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын пайдалану арқылы отбасы бюджетін көтеру
  • Зерттеудің болжамы:
Зерттеудің жаңалығы:
  • Зерттеу жұмысы соңында «Үйде электр энергиясын үнемдеудің қарапайым жолдары» атты жадынама шығару, насихаттау.
Зерттеудің міндеттері
  • Тақырып бойынша мәлімет жинақтау.
  • Отбасымызда энергияны үнемдеу жолдарын іске асыру
  • Энергияүнемдегіш шамдарын қолданыстағы шамдармен салыстыра зерттеу.
  • Жарықтандыру жүйесінде қолдану тиімділігі мен кемшіліктерін анықтау
  • Электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу
  • Ұялы телефонның, фотоаппараттың, плеердің, ноутбуктың және т.с.с. арналған зарядтаушы құрылғыны розеткаға қосылған күйінде бос қалдырмаңыз. Мұнда зарядтаушы құрылғы электр энергиясын тұтынады, бірақ электр энергиясы зарядтауға емес, аппараттың қызып тұруына жұмсалады. Шартты түрде ток көзіне сұғулы күйінде қалдырылған сондай 4 құрылғы жылына 300/400 кВт/сағ энергия шығындайды
  • Қондырғыларды ток көзіне қосулы қалдырмаңыздар!!!
  • Өз қаражатыңызды басқарып, үнемі тексеріп отырамын деп шешсеңіз, сізге барынша үнемшілдікке үйрену керек болады. Үнемдеуді ең алдымен, үйіңізден бастаңыз. Себебі, үйіңізде сіздің отбасылық бюджетіңізді «жұтатын» құрылғылар өте көп. Ай сайын электр қуатына кеткен ақшаны төлеген кезде қымбатқа шығып кететін болса, біздің қарапайым кеңестерімізге құлақ түріңіз
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдары:  
  • Энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалану
  • Кез келген тұрмыстық техниканы дұрыс қолдануды үйрену
  • Электр құрылғыларын өшіріп жүру
  • «А» класындағы құрылғыларды көбірек сатып алу
  • Электр шамдарын, терезе әйнектерін сүртіп тұру
Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы — күнделікті қолданып жүрген қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш түріне ауыстыру.
  • Люминесцентті шамдар әдеттегі жарық көздеріне қарағанда электр энергиясын 5 есеге дейін аз тұтынады. Есесіне 8 есе көп жарық береді..
  • Пайдалану мерзімі де ұзақ, 8000 сағатқа дейін жетеді
  • Энергия көзін 80 пайызға дейін үнемдей алады
  • Экономикалық жағынан тиімді (қарапайым халық үшін бағасы қолжетімді)
Зерттеулер нәтижесі:
  • Шам түрлері қуаты жарық ағыны бағасы қызмет ету уақыты
  • 100
  • 20
  • 1100
  • 600
  • 8000
  • 1100
  • 100
  • 1000
  • Қыздыру
  • шамы
  • Люминесцентті
  • Вт Лм теңге сағат
Энергия үнемдегіш шамдардың кемшілігі
  • Әр шамның құрамында ұнтақ немесе бу түрінде 3-5 мг аралығында сынап болады яғни, мұндай лампалардың кез келген түрі сынатын болса адам өміріне қауіп төндіреді.
  • Буына уланған жағдайда адамның бауыры, бүйрегі, жүйке жүйесі сондай-ақ, ас қорыту жүйесі зақымданады
  • Қаламызда осындай өнімдердің қалдықтарын салатын арнайы контейнерлердің болмауы
Электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді?
  • W=(N1·P1·t1+N2·P2·t2 )·n
  • Қыздыру шамы
  • Энергияүнемдеуіш шам
  • Энергия тұтыну қуаты, Р(Вт)
  • 100Вт
  • 60 Вт
  • 20Вт
  • 11 Вт
  • Шам саны (N)
  • 4
  • 2
  • 4
  • 2
  • Бір күнде жану уақыты (сағ)
  • 5
  • 10
  • 5
  • 10
  • Бір айда жану уақыты (сағ)
  • 150
  • 300
  • 150
  • 300
  • Жұмсалған энергия (W, кВтсағ)
  • 96 кВт·сағ
  • 18,6 кВт·сағ
  • Үнемделген энергия
  • 77,4 кВт·сағ
  • Тариф, В тг 1кВт·сағ =12 тг
  • В(1 ай) = 77,4·12тг =930 тг
  • В(12 ай)=930тг·12= 11 160 тг
  • В(5 жыл) = 11 160·5= 55 800 тг
  • ~ В(5 жыл) = 55 800тг-3400тг( шам шығыны) = 52 400 тг
Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді? Зерттеу барысында жасалған іс шаралар:
  • Жобамның мақсатына жету үшін зерттеу жұмыстарын 12.01.2017 жылдан бастадым. Себебі осы күні электресептеуіш көрсеткіші жазылынып алынды.
  • 12.01.2017-10.02.2017ж.- электр энергиясына үнемдеу жүргізілмеген кезең. Энергия шығынына төленген ақша 4856 тг.
  • 10.02.2017ж. Төрт бөлменің 100 Вт-тық шамдары 20 Вт-тық және екі бөлмедегі 60 Вт-тық шамдар11 Вт-тық люминесценті шамдарға алмастырылды.
  • 10.02.2017-13.03.2017ж.- электр энергиясына үнемдеу жүргізген кезең. Энергия шығынына төленген ақша 3688 тг.
  • Электр үнемдегіш шамдарға шыққан қаржы шығыны:
  • 4шам(20 Вт)*600тг=2400 тг, 2шам(11 Вт)*500тг=1000 тг
  • 2400тг+1000тг=3400 тг-ні құрады.
Есептеулер қорытындысы:
  • Электр үнемдегіш шамдарға жұмсалған қаржының шығыны (3400 тг)төрт айда өтеледі (930*4=3720 тг)
  • Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын үнемі ұстансақ, бір айдағы үнемделетін ақша (4856 тг-3688 тг) шамамен 1100 теңге көлемінде болды. Ал бір жылдағы үнемделетін ақша:12*1100тг= 13 200 тг
  • Егер электр үнемдегіш шамдар бес жыл жұмыс істеуге шыдас берсе – бес жылда үнемделетін ақша 60 000 – 65 000 теңгені құрайды
  • Әрине, бұл бір отбасының бюджетіндегі үнемделген қаражат құны. Сонымен қатар осы есептеулерді ~ 4,5 млн отбасы бар мемлекетіміз үшін қолдансақ, энергияны үнемдеуге көшу нәтижесінде бір жылда үнемделген қаржы ~(13200тг*4,5 млн) ~ 59 млрд теңгені құрар еді !!! Егер мәселеге тереңірек үңілсек, әрине бұл арада, басты мақсат тек қаржы үнемдеуде емес, көлемді энергия талап етпейтін жаңа техналогияларға және оның негізіндегі жаңа энергияүнемдегіш құралдарға жаппай көшу болып табылмақ. Ал, босаған миллиардтаған кВтсағ электр энергиясы жаңа мүмкіншіліктерге арналуы тиіс деп ойлаймын.
Қорытынды
  • Осы жобамен жұмыс жасамас бұрын, мен өз отбасымның бюджетін көтеруде қандай үлес қоса алатыным туралы білмедім де! Осы жобаның мақсатына жету үшін жүргізілген іс шаралар, жасалған болжамдардың орындалғанына дәлел болды.
  • Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын пайдаланып ақ өз отбасымызға, мемлекетімізге сондай ақ жалпы жер шарына кішкентай болса да үлесімізді қоса алатынымызды түсіндім.
  • Теңге тиыннан құралады. Бір қарағанда пайдасыз іс көрінгенімен, үнемдеуді бүгіннен бастасаңыз, қаражатыңыздың берекелі жаратылып жатқанын көп ұзамай сезінесіз. Қымбаттағанға қамықпай, әр істің пайдалы жағын іздеуді әдетке айналдырыңыз!