"Үйкеліс күші"
Сабақ жоспары
САБАҚ:7.2В Денелердің өзара
әрекеттесуі.
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін
техникада ескеру.
Мектеп: ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43
мектеп-лицейі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Иляшова Назгуль
Токтарбековна
СЫНЫП: 7 б
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
7.2.2.6 тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әсерлеріне
мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Үйкеліс күші анықтамасын, формуласын, үйкеліс түрлерін біледі
және оларға мысалдар айтады
Оқушылардың басым бөлігі:
Үйкелістің пайда болу себептерін түсінеді және формуланы
түрлендіріп қолдана алады
Кейбір оқушылар:
Үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әсерлерін өмірмен
байланыстырып нақты талқылайды
Бағалау критерийі:
1. Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін
ажыратады
2. Үйкеліс күшінің түрлерін сипаттайды және салыстырады
3. Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді
Тілдік мақсат
Оқушылар:
• Табиғаттағы және техникадағы үйкелістің пайдасы мен
зиянын түсіндіре алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
тыныштық, домалау, сырғанау үйкелістері, үйкеліс күші,
сырғанау үйкеліс коэффициенті, реакция күші
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
Талқылауға арналған тақырыптар:
Төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан
доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Себебі неде?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Үйкелісті арттырудың немесе кемітудің қандай пайдасы бар
Жазу үшін ойға салу:
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде кезде пайда
болатын күшті үйкеліс күші деп атайды.
F
үйк
– үйкеліс күші.
Үйкеліс түрлері:
1. Тыныштық үйкелісі
2. Сырғанау үйкелісі
3. Домалау үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
• Жанасатын беттердің кедір бұдыр болуы
• Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы
Үйкеліс:
• Жанасатын беттің қандай материалдан
жасалғандығына
• Олардың өңделу сапасына
• Дененің өзі жанасып тұрған бетке түсіретін қысым
күшіне тәуелді:
N- нормаль қысым күші, N=mg
F
үйк= μN
μ - үйкеліс коэффициенті
• Жанасатын беттердің ауданына тәуелді емес
Құндылықтарға
баулу
3.Зайырлы қоғам және руханият. Денсаулық, достық және
айналадағыларға қамқорлық көрсету (Қосымша )
Пәнаралық байланыс
Математика, география
Алдыңғы оқу
Тіректің реакция күші, ауырлық күші
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
12 мин
Ұйымдастыру Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу. Психологиялық ахуал орнату,
топқа бөлу: «Домала, сырғана,тыныштал»
Мақсаты: Домала командсында оқушылар
араласады, сырғана командасында
оқушылар екі екіден бірігеді, тыныштал
командасында оқушылар төрт адамнан
бірігіп топ құрады да топтасып орындарына
отырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма 1.«Сөзжұмбақ» ( Қосымша №1)
Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар
бойынша білімдерін бекіту, шапшаңдыққа,
мұқияттылыққа дағдыландыру және жаңа
тақырыппен таныстыру.
Сұрақтары:
1. Денелердің өзара әрекеттесуін
сипаттайтын физикалық шама
(күш)
2. Жердің табиғи серігі (Ай)
3. Дененің салмағы қандай шама?
(векторлық)
4. Күшті өлшеуге арналған құрал
(динамометр)
5. Заттың химиялық қасиеттерін
Домалау», «Сырғанау»,
«Тыныштық»
топ аттары жазылған
қағаздар
Интербелсенді тақта,
слайд
бойына сақтаған оның ең кіші
бөлігі (молекула)
6. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін
дененің бастапқы пішіні мен
өлшемі қайтадан қалпына келетін
деформация түрі (серпімді)
7. Денелердің инерттілігінің өлшемі
(масса)
8. Серпімділік күшін ашқан ғалым
(Гук)
9. Грекше «гелиос» қандай мағынаны
береді? (күн)
10. «Атомос» - сөзі қай тілден
алынған? (грекше)
11. Тарихта Аристотель қаншаншы
ұстаз атанды? (бірінші)
Бағалау: Сөзжұмбақтың шешімін
анықтауға белсенді қатысқан топқа
жалаушалар беріледі.
Жалаушалар:
Үздік топ жасыл жалауша,
екпінді топ сары жалауша,
орташа топ қызыл
жалауша.
Ортасы
23 мин
Тапсырма 2. «Миға шабуыл» әдісі.
Бүкіл сыныппен және топтық жұмыс
Демонстрация көрсету.
Мақсаты: оқушылардың зейінін
шоғырландыру, сыни тұрғыдан ойлау
дағдысын, қызығушылығын арттыру.
Сұрақ: білеушені үстелге қоятын болсақ не
себепті ол тыныштықта болады, ал егер
шарды қойсақ, ол домалай жөнеледі?
Демонстрация
Білеушелер,
диномеметр,шар
Әр топ өздерінің жауаптарын айтады.
Қалыптастырушы бағалау: мадақтау
Оқу мақсатымен таныстыру
Тапсырма 2. «Топтастыру» әдісі.
Презентация көрсетіліп болған соң беріледі.
Суретте көрсетілген жағдайларды
тыныштық, домалау және сырғанау
үйкелістерін сәйкесінше топтастырыңыз.
(Қосымша №2 )
Мақсаты: үйкіліс күшінің түрлерін
ажырыта білу деңгейлерін анықтау,
зейіндерін шоғырландыру
Тапсырма 3. «Допты лақтыру» әдісі
Топтық жұмыс
Мақсаты: теориялық сұрақтарды
бағалауға, тілдік мақсаттардың
орындалуына көмектеседі, оқушылардың
ойлау дағдыларының деңгейлерін
жоғарылату;
Төмендегі жағдайларда пайда болатын
Презентация «Үйкеліс
күші»
Үйкеліс күшінің пайда
болуы мен әсерін
бақылауға арналған
интерактивті
демонстрация
https://bilimland.kz/kk/home
үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда
үйкелісті арттыру не азайту керектігін
түсіндіріңіз. (Қосымша№3 )
1. Көктайғақта жолға неге құм себеді?
2. Футболшы киетін аяқ киімнің табанына
үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не?
3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын?
4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға
қарағанда оңай шешіліп қалады ?
5. Неге автомобильдердің балондары кедір-
бұдыр?
ҚБ «Жалаушалар»
Практикалық жұмыс
Тапсырма 4. Жұптық жұмыс. «Карусель»
тәсілі
Мақсаты: жаңа тақырыпқа есеп шығару
дағдыларын жетілдіру, жұпта бағалау.
Жаттығу 3.6
1. Массасы 70 кг шкафты орнынан
жылжыту үшiн қандай күш жұмсау керек?
Үйкелiс коэффициентi μ =0,3.
2. Массасы 50 кг дене 200 Н күштiң
әрекетiнен жазық бетте бiрқалыпты
қозғалып келедi. Үйкелiс коэффициентi
неге тең?
3 Машинаның жүгiмен қоса
есептегендегi массасы 7 т, оның
қозғалтқышы 35 кН тарту күшiн өндiре
алады. Машинаның жетекшi доңғалақтары
мен жолдың арасындағы үйкелiс
коэффициентiн табыңдар (машина
бiрқалыпты қозғалады деп есептеу керек).
Р. Башарұлы «Физика
және астраномия»
7-сынып
У.Қ.Тоқбергенова
«Физика» 7-сынып
Үйге тапсырма §18 Сырғанау, домалау
және тыныштық үйкелістерін сипаттау үшін
Венн диаграммасын толтыру
Аяқталуы
5 мин
Кері байланыс« Бас бармақ» әдісімен
бағалайды.
Мақсат: Оқушыларға сабақ қаншалықты
ұнағанын және сабақты қаншалықты
ұққанын анықтау
Рефлексия «Алма ағашы» тәсілін
пайдалану.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін
бағдарлау және кімге қандай көмек
көрсетуді анықтау
Жасыл алма- тақырыпты толық меңгердім
Сары алма- жартылай меңгердім,қайта
қараймын
Қызыл алма- тақырыпты меңгере алмадым,
көмек керек
Әр түрлі стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау -
Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Саралауды сабақтың
мақсатынан бастап көрсеттім.
Берілген тапсырмаларда
сапалық сұрақтар, үш
деңгейдегі есептер,
эксперименттік тапсырмалар
орындайды.
Қалыптастырушы
бағалау әдіс- тәсілдер:
миға шабуыл, доп
лақтыру, топтастыру,
карусель
Психологиялық ахуал, сергіту
жаттығулары, топ ережелерін сақтау,
құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану.
АКТ мен байланыс тапсырма 1, Үйкеліс
күшінің пайда болуы мен әсерін
бақылауға арналған интерактивті
демонстрация
https://bilimland.kz/kk/home,
деңгейлік есептің дұрыс
жауабымен тексеруде
қолданылады.
Құндылықтарға баулу №3
тапсырма №3 орындауда іске
асырылады
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол
ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін
сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқу мақсаттарына негізделініп құрылған оқу мақсаттары қол жетімді
болды. Оқушылар үйкеліс күшін, олардың түрлерінің сипаттамасын,
оның пайдалы және зиянды әсерлерін, өмірмен байланысын,
формуласын есеп шығаруға пайдаланады.
Сабақта ынтамастық атмосфера орнады, оқушылар ширақ, сергек
болды.
Саралау сабақтың мақсатын қойғаннан басталды, топқа бөлу, берілген
тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай, деңгейлік тапсырмалар
оқылым, жазылым, тыңдалым,айтылым дағдыларын қамтыды.
Қорытынды бағамдау
Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Үй тапсырмасын тексеру
2: Жаңа білімге байланысты берілген тапсырма 3
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сыныптағы оқушылар саны 11-12 болса
2: Зертханалық жұмысқа қосымша бір сағат берілсе
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақ барысында оқушыларға топпен жұмыс істеу өте ұнайды, деңгейлік есептер шығарғанда
шапшаңдық жетіспеген оқушылардың көңіл күйлері түсіп қалады.Топтарға бөлінген кезде бір топта
білімі әлсіз оқушылар жиналып қалмауды ескеру көңіл керек.
Қосымша №1
Сұрақтары:
1. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама (күш)
2. Жердің табиғи серігі (Ай)
3. Дененің салмағы қандай шама? (векторлық)
4. Күшті өлшеуге арналған құрал (динамометр)
5. Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлігі
(молекула)
6. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен
өлшемі қайтадан қалпына келетін деформация түрі (серпімді)
7. Денелердің инерттілігінің өлшемі (масса)
8. Серпімділік күшін ашқан ғалым (Гук)
9. Грекше «гелиос» қандай мағынаны береді? (күн)
10. «Атомос» - сөзі қай тілден алынған? (грекше)
11. Тарихта Аристотель қаншаншы ұстаз атанды? (бірінші)
Физика 7-сынып
Бөлім
Тақырып
Денелердің өзара әрекеттесуі
Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
Оқу мақсаты
7.2.2.6-тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін
сипаттау;
7.2.2.7-үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар
келтіру;
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Бағалау критерийлері
Тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін ажыратады
Тапсырма 3
Суретте көрсетілген жағдайларды сәйкесінше топтастырыңыз.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Тыныштық,домалау
және сырғанау
үйкелістерін
ажыратады
1.Үйкеліс түрлерін біледі
2. Үйкелістерді сәйкесінше топтастырыды
Қосымша №3
Физика 7-сынып
Бөлім
Тақырып
Денелердің өзара әрекеттесуі
Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
Оқу мақсаты
7.2.2.6-тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін
сипаттау;
7.2.2.7-үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар
келтіру;
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну, жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийлері
Үйкелістің пайдасы мен зиянын түсіндіреді
Тапсырма 4
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті
арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.
1. Көктайғақта жолға неге құм себеді?
2. Футболшы киетін аяқ киімнің табанына үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не?
3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын?
4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға қарағанда оңай шешіліп қалады. Неге?
5. Неге автомобилдердің балондары кедір-бұдыр?
Бағалау критерийі
Дескриптор
Үйкелістің пайдасы
мен зиянын
түсіндіреді
- 1. Үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әрекеттерін
ажыратады;
- 2.Үйкелісті қай кезде арттыру не азайту керектігін түсіндіреді
-
Физика - еще материалы к урокам:
- Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
- Тест "Молекулярная физика" 10 класс
- Урок в 7 классе по физике "Архимедова сила. Плавание тел"
- Технологическая карта урока "Решение задач по теме «Постоянный электрический ток»" 8 класс
- Лабораторная работа "Исследование естественного радиационного фона дозиметром" 9 класс
- Технологическая карта урока "Строение вещества. Молекулы" 7 класс