Тест "Электр тогы" 10 класс

1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?
А) Ампер.
В) Вольта.
С) Ом
2. Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А) гравитациялық өріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А) тізбектей.
В) аралас.
С) параллель
4. Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
А) электрондар.
В) кемтіктер.
С) электрондар және кемтіктер
5. Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?
А) 225 А.
В) 9 А.
С) 15А
6. Электр заряды қозғалысқа түскен кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А) гравитациялық өріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
7. Үтік токтың қайсы әсеріне негізделген?
А) магниттік.
В) жылулық.
С) механикалық
8. Ток күшін қандай шамамен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А) амперметр, параллель.
В) вольтметр, параллель.
С) амперметр, тізбектей
9. Бейтарап бөлшек қайсы бірі?
А) ион.
В) атом.
С) электрон
10. Кернеуі 4В, кедергісі 2 Ом болатын өткізгіштегі ток күшін тап.
А) 8 А.
В) 2В.
С) 2А
11. Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс
жатады?
А) гравитациялықөріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
12. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі:
А) Ом/м.
В) Ом*м.
С) Ом
13. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең
болады?
А) 6 Ом.
В) 5 Ом.
С) 1, 5 Ом
14. Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама:
А) магнит индукция векторы.
В) электр өрісі кернеулігі.
С) ток күші
15. Ферромагнетиктерге жататын заттар:
А) алюминий, темір.
В) темір, кобальт.
С) мыс, шыны.