6 сынып Биология І тоқсан І нұсқа
6 сынып Биология І тоқсан І нұсқа
1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың
тірі зат:а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі б)жабын
9.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті
мүшелеріне жеткізетін ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек
10. Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін
ұлпа: а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші
11. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға
жинайтын ұлпа:а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш
12. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан
сақтайтын ұлпа:а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы
13. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш
14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз
15.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды
ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын
орын:а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
16. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:
а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы
17. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші б) жабын
18. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:
а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы
19. Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат
түзетін ұлпа:а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын
20.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі
21.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
22. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль
в)цитоплазма
23. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)қосалқы ә)жанама б)негізгі
24. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар
25. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
6 сынып. Биология І тоқсан ІІ нұсқа
1. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:а)шашақ ә)кінді б)жем тамыр
2. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін
өзгертетін тамыр:а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр
3. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы
кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар
түзілетін тамыр бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору
4. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші
болатын тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу
5. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері : а) тамыр ,жапырақ , сабақ б)жеміс
гүл ,тұқым
6. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)негізгі ә)жанама
б)қосалқы
7. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:а)қосалқы тамырлар
ә)жанама тамырлар
8. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:а)жанама ә)қосалқы
9. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:
а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр
10. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр
бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну
11. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген
тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу
12. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:
а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу
13. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды
тұздарды соратын тамыр бөлімі:а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору
14. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну
15. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору
16. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ
17. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы
18. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап,
өлі жасушаларға айналатын ұлпа: а)тірек ә)өткізгіш б)жабын
19. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:
а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы
20. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:а)түзуші ә)жабын б)негізгі
21. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа: а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі
22. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)жабын
б)түзуші.
23. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш
24. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын
пластидтер:а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар
25. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:
а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар
Биология - еще материалы к урокам:
- Отчет по самообразованию "Использование проблемного метода обучения на уроках биологии"
- Конспект урока "Глобальные экологические проблемы человечества" 11 класс
- Презентация "Транспорт веществ в организмах животных" 6 класс
- Контрольная работа по биологии 5 класс за 1 четверть (с ответами)
- Презентация "Как устроен человеческий мозг?"
- Конспект урока "Осанка и её влиянии на здоровье человека"