Конспект урока "Полиглот" 5 класс
САЙЫС САБАҚ
«Полиглот»
Мұғалім:Мыкышова Акмарал Берикказиевна
Сабақтың тақырыбы: Полиглот
Сабақтың мақсаты:
• Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
• Дүниетанымын, елестету, қиялдау қабілеттерін, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
• Азаматтыққа, ұйымшылдыққа, өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақ көрнекілігі: презентация, шарлар, кеспе қағаздар, суреттер
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой шақыру, мазмұндау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, география, тарих
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: әнұранды орындау, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, түрлі-түсті стикерлер негізінде 3 топқа бөлу.
Мұғалім: Балалар, мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатқаны сіздерге белгілі. Апталық аясында өткелі отырған біздің «Полиглот»
атты бүгінгі ашық сайыс сабағымызды бастайық. Полиглот (грек,polyglottosкөп тілдік) — көп тіл білетін адам деген мағынаны береді,
сондықтан да бүгінгі сабағымызда сіздердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қалай білетіндіктеріңді көреміз. Сайысымыз бірнеше
айналымнан тұрады.
1-айналым «Бәйге» деп аталады. Шарты бойынша сіздерге сөздер берілген, сол сөздер қай сөз табына жататындығын анықтап,
ағылшын тіліне аудару керек.
• мемлекет
• халық
• столица
• флаг
• жить
• стоять
• қала
• красивый
• знаменитый
• батыс
• шығыс
• центр
• большой
• бейбітшілік
• достық
• нация
• тіл
• гүл
• сидеть
• мост
• кепка
2-айналым «Дода». Оқушылар сан мен тілді таңдайды, астында ұпай санының аз-көптігіне байланысты қиын-оңай сұрақтар берілген.
• 10. What is the best river in Great Britain? The Thames)
• 20. How many states are there in the USA? (50 states)
• 30. Where is the Statue of Liberty situated? (New York)
• 40. What holiday do people of Great Britain celebrate on the 25
th
of December? (Christmas Day)
• 10. Қазақ ұлы ақыны,ойшысы, философы кім? (Абай Кунанбаев)
• 20. Қазақстанда Тілдер мерекесі қашан өткізіледі (22-қыркүйек)
• 30. Қазақстанда 30 тамызда қандай мейрам өткізеледі? (Конституциясы күні)
• 40. Баланың дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерді ата (шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндет той)
• 10. Солица России (Москва)
• 20. Автор басни «Мартышка и очки» (И.Крылов)
• 30. Годы жизни А.С.Пушкина (1799-1837)
• 40. Самая высокая гора в России - Эльбрус
3-айналым «Жорға».
1-кезең. Мақал-мәтелдер қазақ тілінде берілген, асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.
1. Ел iшi – алтын бесік.
2. Отанды сүю — отбасынан басталады
3. Жылқы құлынынан өнеді, ақша тиыннан өнеді
4. Тышқанның тәнірі — мысық.
5. Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер
6. Арыстан болсаң жау үшін, түлкідей болсын әдісін
2-кезең. Жұмбақтың жауабын тауып, аудар, жауабындағы сөздің қазақша баламасын септе
1. Вспушит она свои бока,
Свои четыре уголка,
И тебя, как ночь настанет,
Все равно к себе притянет.
2. Мы день не спим,
Мы ночь не спим,
И день и ночь
Стучим, стучим.
3. Если б не было его,
Не сказал бы ничего.
3-кезең. Ағылшын тіліндегі жаңылтпаштарды тез оқып айт
Сабақты қорыту: 3 топқа 3 елдің астанасы беріледі, солар бойынша постер жасап, қорғайды: «Астана», «Москва», «Лондон»
Оқушыларды бағалау: жинаған ұпай сандары негізінде жеңімпаз топты анықтау.
Рефлексия: сабақ басталғанда таратылған стикерлерге өз ұсыныстары мен пікірлерін жазу.
Английский язык - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Равил Фәйзуллинның тормыш юлы һәм иҗаты" 5 класс
- Технологическая карта урока "Работа и профессии" 5 класс
- Конспект урока "Предлоги двойного управления" 5 класс
- Внеклассное мероприятие "Почему мы изучаем английский язык? Знаешь ли ты английский язык?" 5 класс
- Технологическая карта "Посещение кино, музея" 5 класс
- Конспект урока "Поездка в Великобританию" 5 класс