Технологическая карта урока "Баяндауыш" 8 класс

Мұғалімнің
аты – жөні
Пәні
Сыныбы
Күні
Жүнісова Ә.Қ.
Қазақ тілі
8 сыныбы
10.10.2013ж.
Сабақтың атауы
Баяндауыш
Сілтеме
Қазақ тілі ү-сынып. Авторлары: С.Аманжолов, А.Аманжолов,
Г.Қосымова
Жалпы мақсаттар
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі баяндауыш туралы
білімдерін тереңдету, құрылысына қарай (дара, күрделі,
үйірлі) түрлерін білуге машықтандыру; Оқушының
шығармашылық ойлау қабілеттерін артыру, топтық жұмысқа
дағдыландыру, өткен сабақтарды еске түсіру
Оқыту нәтижесі
Баяндауыш жайлы білімдері толықтырылады.Оқушының
шығармашылық ойлау қабілеттерін артыру, рефлексия
жасауға дағдыланады және өткен сабақтарды еске түсіру
Негізгі идеялар
Баяндауышқатүсінік беріп, құрамдық түрлерін меңгертіп,
талдау, анықтау
Тапсырмалар
1. Ұйымдастыру
2.Психологиялық тренинг
сурет арқылы көңіл-күйлерін білдіру.
3. Топтарға бөліну
4. Үй тапсырмасын тексеру (Қайталау сұрақтары)
5. Кім білгір?
Жаңа тапсырмалар
6.Сергіту сәті
7.«Іске асыр» (жаттығу жұмысы)
Мәтінмен жұмыс
8. «Ойлан, тап
9.Үй тапсырмасы
10. Өзіңді бағала
11.Рефлексия
Мұғалімнің жазбалары
І.Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды түгендеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың
даярлығын тексеру.
2. Психологиялық тренинг
сурет арқылы көңіл-күйлерін білдіру.
3. Топтарға бөліну
Оқушыларды өлең жолдары, мақалдар арқылы үш топқа бөлу. Өзін –өзі
бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.
1.Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте
2.Жер мен көктің арасын құдіретті тіл қосар
3.Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем
Мақал, өлеңдерге талдау жасап жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Үй тапсырмасын тексеру
37—жаттығу; Тапсырма 52 бет
5. Кім білгір?
3 топқа сөйлемдер жасырылып беріледі әр топ сөйлемдерді талдап
баяндауыштың құрамына қарай 3 түрін түсіндіреді.
Дара: Адамның баласы бол.
Күрделі: Абай күрсініп қояды.
Үйірлі: Есті адамдарда бар қасиет –уайым жеу.
6.Сергіту сәті.
Сергіту жаттығуы
Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң, қолыңды шапалақта:
Барлығымыз шапалақтаймыз;
Тек қана мұғалім болғысы келетіндер;
Дәмді тамақтанғанды ұнататындар;
Сабаққа кешігетіндер ғана;
Жақсы оқитындар ғана;
Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер ғана;
Тәттіні жақсы көретіндер ғана;
Футбол ойнағанды жақсы көретіндер ғана;
Көңіл-күйі көтеріңкілер ғана;
Мамандығы өзіне ұнамайтындар ғана;
Топтың ұйымшылдығына қанағаттанбайтындар ғана;
7. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы)
Мітіндермен талдау жұмыстары
38-жаттығу. Берілген сөздерді баяндауыш етіп сөйлем құраңдар.
1-топ: ... ынтымақ. ... –байлық. ... -оқу.
2-топ: ...сәлем берді. ... –төрт. ...бөлінбейді.
3-топ: ...білерсің. ... жаман. ...арсыз.
8. «Ойлан, тап!» Достары, бірге отырған көршілеріңнің мінез-құлықтарына
(ұнайтын, ұнамайтын) мақал, өлең жолдары арқылы баяндауышты
қатыстырып сипаттама беру
9.Үй тапсырмасы
Баяндауыштың құрылысына қарай трлеріне көркем әдебиеттен сөйлемдер
жазу. Оқулықтан тапсырма орындау: шешендік сұрауларға жауап беру.
10. Бағалау.
Оқушының аты-
жөні
Үй
тапсырмас
ы
Жаңа
сабақ
Жаттығу
жұмыстар
ы
Қорытынды
11.Рефлексия
Оқушыларға қағаз ұялы телефон арқылы бүгінгі сабақ қалай өткендігі жайлы
хабарлап досына SMS-хат жолдау тапсырмасы беріледі.
Оқушының аты-жөні
Үй
тапсырма
сы
Жаңа
сабақ
Жаттығу
жұмыстары
Қорытынды
Оқушының аты-жөні
Үй
тапсырма
сы
Жаңа
сабақ
Жаттығу
жұмыстары
Қорытынды
Оқушының аты-жөні
Үй
тапсырма
сы
Жаңа
сабақ
Жаттығу
жұмыстары
Қорытынды
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді
құрметте.
Жер мен көктің арасын құдіретті
тіл қосар.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.