Диктант "Көкшетау" скачать бесплатно

Диктант "Көкшетау"


Сабақтың тақырыбы: диктант «Көкшетау»
Сабақтың мақсаты:
«Көкшетау» мәтінін түсініп оқып, диктант жазу.
Оқушылардың ұқыпты тындау, сауатты жазу, оқығанды түсіну, ережелерді
қолдана білу қабілеттерін тексеріп, білім-біліктерін анықтау.
Оқушылардың санасына туған жерге деген құрметті қалыптастыру.
Көрнекілік:
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың түрі: бақылау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезені.
ІІ.Диктант жазуға дайындық.
Көкшетау
Күн ыстық. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы.
Көлшүмектің жағасындғы көк ала қамыс. Көктегі қызыл күн өткір алтын
шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала төңірек, жер-дүние, жан-
жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрғандай.
Күншығыс жақтан Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы
Көкшетау қаласына қараған жонның оң жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала.
Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл
бояқтай. Қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала Көлшүмек те
жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді. (С.С.) (76
сөз.).
2. Сөздік жұмыс: тұнық, Көлшүмек, көк ала, шұғыла, күншығыс, жон, ойпаң,
3. Тексерілетін ережелер. Дыбыс емлесі, жалғаулар, шылау сөздер, күрделі
сөз т. б.
4. Диктантты дұрыс тындап, түсініп, қатесіз, таза, орфография заңына сай
жазу.
ІІІ. Диктантты тексеріп тапсыру.
Үй жұмысы: қайталау.
сынып
8
мерзімі
20.02.17
сабақ №
89/6