Контрольная работа "Ағылшын тілін жаңадан меңгеріп жатқан балаларға арналған ойын түрлері" 2 класс


Узакбаева Злиха Муратовна
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
№202 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілін жаңадан меңгеріп жатқан балаларға арналған
ойын түрлері
1.”The sun asks for help”
Сіздер байқап отырғандай күннің бетін бұлт басып қалған.Осыған орай
сіздер күннің бетін ашуға көмектесулеріңіз керек.Біз қалай көмектесе
аламыз?
Қазір қалағаныңыз тақтаға шығып бір бұлтты аласыз.Бұлттың артында сұрақ
бар.Сол сұраққа жауап беру арқылы сіз күн көзінің ашылуына ықпал етесіз.
1.What is your name?
2.Where are you from?
3.When is your birthday?
4.How old are you?
5.What is your friends na
2.Ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлінеді.Олардың әр қайсысына
алфавит әріптері беріледі.Мұғалім ‘’black’’ сөзін айтады,1-топ оқушылары
тақтаға шығып осы сөзді құрайды.Келесі топ осы сөздің антонимін құрауы
керек-‘’white’’
Онан соң 1-топ зат есім сөзін құрау керек.
Мыс:cat-black cat
Әрбір дұрыс құрылған сөз үшін ұпай беріледі.
3.Ойын сабақ үстінде ұқсас сөздерді айтудан құралады.Мысалы:ship-
sheep,pen-pan, port-pot,back-bag…
1-топ оқушысы ‘’Point to a ship’’десе 2-топ оқушысы ‘’Now point to a sheep’’
деуі керек.Сөзді дұрыс оқыған топ өздері жаңа сөз айтуға кезек
алады.Мысалы:’’Show me a pen’’,’’Now show me a pen’’Ойын соңында аз
қате жіберген топ жеңіске жетеді.
4.Мұғалім тақтаға бір сөзді жазады,ал оқушылар сол сөздегі әріптерден
жаңа сөздер құрап жазуы керек
.Мысалы:Schoolchildren-he,she,side,shoe,son,nose,ill,red,doll,line,child,school…
5.’’Word building’’Бұл ойынның мақсаты белгілі бір әріп санынан
құралған сөзден 2-3 сатыдан кейін сонша әріп санынан құралатын сөз тауып
шығару. Әр сатыда тек 1 әріп қана өзгеріп отырады.
Мысалы:
1.try 1._____________
2.toy 2._____________
3.boy 3._____________
4.box 4._____________
5.fox 5._____________
6.Сіз оқушылардан бір сұраққа түрлі жауап беруді сұрайсыз.
Teacher Students
Why are you sad? I’ve got a bad mark.
Why are you sad? I’ve quarreled with my friend
Why are you sad? I am not well.
Why are you sad? I don’t like this weather
7. Қимыл етістіктерді қолданылған сөйлемдері бар бірнеше карточкаларды
үлестіресіз. Сөйлемдерді ішінен оқып шыққан бала жазылған іс-қимылды
көрсетеді, ал басқа балалар “Are you…?” сұрағын қоя отырып, карточка
қандай іс-қимылдың жасырылғанын табуға тырысады.
-You are reading a newspaper.
- You are cooking
- You are opening the window
- You are drying your hands
- You are playing computer games
-You are washing the dishes. Etc