Контрольная работа "үшін ІҮ тоқсанға арналған сүрақтар" 9 класс

9-сынып үшін ІҮ тоқсанға арналған сүрақтар.
1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспаларды белгілеңіз?
1. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымның құрылған уақытын
белгілеңіз?
2. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем
берушісі және басты ұйымдастырушысын анықтаңыз?
3. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы болып тағайындалған тұлғаны
белгілеңіз?
4. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен тұлғаны
анықтаңыз?
5. Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп,
мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырған уақытты белгілеңіз?
6. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының шешімімен құрылған Алматыдағы
1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасын
анықтаңыз?
7. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің
ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспарды анықтаңыз?
8. 1989 жылдың маусымында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған тұлғаны анықтаңыз?
9. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен
ақталған көрнекті ақын, философты белгілеңіз?
10. Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтаған мерзімін
көрсетіңіз?
11. 1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қаланы
атаңыз?
12. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған әуе қатынасын
анықтаңыз?
13. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасының
бағытын белгілеңіз?
14. 1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған
инвесторды 5 жылға дейін неден босатқанын анықтаңыз?
15. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа
ұйымның атауын белгілеңіз?