Классный час "Дара және күрделі етістік" 2 класс


Күні: 25.2.2015
Сыныбы: 2 сынып
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі етістік»
Мақсаты: 1/ Білімділік: Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; дара ,
күрделі етістік туралы білімдерін тиянақтап, бекіту.Өз бетімен жұмыс жасау
арқылы теориялық, практикалық ойлау және сөйлеу қабілетін жетілдіру.
2/ Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын,
тілін, шығармашылық,танымдылық қабілеттерін дамыту.
3/ Тәрбиелік: Жаңа технологияны басшылықа ала отырып, білімдерін
тиянақтау. Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сауатты,
көркем жазуға тәрбиелеу.
Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы.Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту сабағы. Дамытушылық, интерактивті
тақтамен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, салыстыру-ажырату, ойын әдісі,
деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөзжұмбақтар, ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыларды сабаққа дайындау.
Қызығушылығын ояту.
Қазақ тілім – өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім ! -деп қазақ тілі
сабағын бастаймыз.
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды
тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығаруымыз керек.
-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?
-Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп, жасырынып тұрған
сөзді ашайық
1. Ең ардақты адам (ана)
2. Ешкі төлі (лақ)
3. Т. Әубәкіров кім? (ғарышкер)
4. Ер қанаты? (ат)
А
Н
А
Л
А
Қ
Ғ
А
Р
Ы
Ш
К
Е
Р
А
Т
-Қандай сөз шықты?
-Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл-күйімен
бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4- жаттығу, 158 бет бет тексеріледі.
ІІІ. Өтілген материалды тиянақтау. Балалар біз қандай үлкен тарау өтіп
жатырмыз?
- Сөз таптары
- Тірек сызбаға назар аударып, ой қозғайық
Сөз таптары
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
- Біз солардың ішінен қайсысын өттік?
- Зат есім. Етістік .
-Зат есім , етістік туралы алған білімдеріңді жұмбақтар шешу арқылы
тиянақтайық.
-Жұмбақтар шешу.
- Етістік туралы алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі бойынша тексеру.
Ойын: «Күннің көзін ашу».
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің сұрақтары қанадй?
3. Етістік деген не?
4. Қандай сұрақтары бар?
5. Етістік неше топқа бөлінеді?
6. Дара етістік деген не?
Ал, балалар бүгін дара және күрделі етістік туралы алған білімдеріңді
ортаға салайық.
- Тақтаға назар аударамыз. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
-Сергіту сәті.
- Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: - Айгүл сурет салып отыр.
- 1-жаттығуды тақтада орындау. Етістіктердің алдына зат есім қойып,
сөйлем құрап жаз. Бұлбұл сарайды. Ағаштар өсіп тұр. Оқушы сабақты ұғып
алды. Күн жылынды. Жаңбыр себелеп тұр. Шашын тарады.
- «Жалғасын тап » ойыны. 2 жаттығу.
1. Әсет фломостермен сурет салды.\
2. Ақын өлең жазады.
3. Дәрігер балаларды емдеді.
4. Оқушы есеп шығарды.
5. Пеш үстіндегі сүт пісті.
Топпен жұмыс. 3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дара, күрделі
етістіктерді теріп жаз.
1- топ. Дара етіістіктер
2- топ. Күрделі етістіктер
Ү. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бекіту мақсатында
деңгейлік тапсырмаларды орындату:
І деңгей
1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
І І деңгей
1. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады-
Жазды-
Секірді-
Оқыды-
2. Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
ІІІ деңгей.
1. Дара , күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз:
Барды, алды, ойнап, жүр, кірді, ойлап, отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап
жатыр, салып отыр.
Дара етістік Күрделі етістік
2. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.
Оқушылар сабақта диктант ................. .
Алма қызық кітап .................. .
Берік достарымен футбол ........ .
ІҮ деңгей.
«Сөз жаса»
- д, ы, ж, а, з,-
- ү, і, п, л, к р, о, ы т-
- т, ұ, ш, т, ы
ҮІ. Бағалау . Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу. Ереже жаттау.