Конспект урока "Тәуелсіздік-жыр әнім!" 2 класс

Ертеңгіліктің тақырыбы: «Тәуелсіздік-жыр әнім!»
Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,
себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы
армандап, күтумен өтті.
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған « Тәуелсіздік-жыр әнім!» атты
мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Мерей:Құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгін біз жерінің асты
қырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 25
жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан
еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Нұрбақыт:Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де
берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.Дәулетіміз
шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!
Жанерке:Тәуелсіз ел ұланымын,
Мәңгілік ел ұраным.
Құтты болсын бүгінгі той,
Жиырма беске толған күнің!
Бес жүз елу жыл хандыққа,
Керей,Жәнібек құрған ел.
Бабалардың арманы
Жүзеге бүгін асқан ел!
Хор:»Күн сәулелі Қазақстан!»
Бейбарыс:Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.
Тарылмасын терең алған тынысың
Бұдан алған күндеріміз құрсын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
Айша.К.Тәуелсіздік ел мұраты,
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.
Алинұр:Ақталды бодақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар.
Ел есінде мәңгілік сақталады.
Расул :Тәуелсіздік мақтанышым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.
Қ.Нұртастың орындауындағы »Қазақстан»әніне қойылған би
Алуа:Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру –
бүгінгіұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын.
Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы,баянды
болсын!
Інжу:Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым,мың тіліммен.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім!
Ән:»Елім менің»Орындайтындар:Әбілсейіт Арай мен Талғатова Мерей
М.Айша:Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Аяжан:Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы,өзені, көлі бар.
Қазағымның елін жерін қорғайтын,
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы!
Аруна:Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Бұның бәрі Елбасының арқасы!
Рахила:16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.
Нұрбақыт:Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Би:К.Жолдыбаеваның оындауындағы «Бірге»әніне қойылған би
Аяжан: Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық
намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық
ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Мұғалім сөзі:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз
баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Тәуелсіз ел ұланымын,
Мәңгілік ел ұраным.
Құтты болсын бүгінгі той,
Жиырма беске толған күнің!
Бес жүз елу жыл хандыққа,
Керей,Жәнібек құрған ел.
Бабалардың арманы
Жүзеге бүгін асқан ел!