Конспект урока "Менің достарым" 6 класс

Айы, күні, жылы.
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Менің достарым
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Досына адал
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
Сөздік
ермегі - интерес мінез- характер
жасы- возраст шұғылданады- заниматься чем-н.
айналысады- заниматься чем-л. ең жақын- самый близкий
сенімді- верный, надежный
V Дәптермен жұмыс
2-тапсырма. Үлгіге сүйеніп берілген сөздермен сөз тіркесін жасап,
сөйлем құраңдар.
Үлгі: Дос.
Досымның мінезі ашық.
Досымның ашық мінезі маған ұнайды.
1.Сабақ 1. Айналысады 1. Жақын
2. 2. 2.
3. 3. 3.
Қатыстық сын есім
Қатыстық сын есімдер зат белгілерінің басқа бір заттың қатысы
арқылы анықталуы.
Қатыстық сын есімнің негізгі белгілері:
Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен
етістіктерден жасалады: мал+ды ауыл, бала+лы үй.
3-тарсырма. Мына –лы;- лі; -ды;-ді;-ты;-ті жұрнағының тиісті
формасын жалғаңдар.
Көрік, қала, сәт, тау, көлеңке, дене, дәм, сақал, тал, күш
4-тапсырма. Сын есімдерге сұрақ қойыңдар.
Оның әжесі менің әжем сияқты кәрі емес. Бақша алмасы өрік сияқты тәп-
тәтті. Қазір жұмыстың нағыз қызған кезі. Кішкентай досым домбырада шебер
ойнайды.
VІ Тақтамен жұмыс
«Достарым» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып,өзіңіздің досыңыз туралы
әңгімелеңдер.
Менің досым
Жарылғап – менің досым. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Жасы он бірде.
Ол өте сыпайы, тәрбиелі бала. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз. Жарылғап
екінші қатар-дың бірінші партасында отырады. Мен үшінші қатардың үшінші
партасында отырамын. Жарылғап сабақты жақсы оқиды, оқу озаты. Ол
спорпен шұғылданады. Сыныптастары оны жақсы мінезі үшін сыйлайды.
Кей кезде екеуіміз сабаққа бірге дайындаламыз. Бос ақытымызды да бірге
өзткіземіз. Біз құмда сурет салумен айналысамыз. Жарылғап менің ең
сенімді, ең жақын досым.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін
тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Әңгіме жазу.