Конспект урока "Көсемше" 6 класс

Алтынсарин негізгі мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Көсемше
Сынып: 6 «а»
Өткізген:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ниязбекова Г.Б
2014-2015 оқу жыл
Күні: Пәні: қазақ тілі Сынып: 6 «а»
Сабақтың тақырыбы: Көсемше
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көсемше туралы жалпы түсінік бере отырып,
жасалу, түрлену , қолдану жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: оқу, жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: мысалдарға алынған сөйлемдер арқылы оқушыларды ерлікке,
отанын сүюге, адамгершілікке, достыққа, бірін – бірі тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау, таным сабағы.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, кубизм, сұрақ-жауап, деңгейлік
тапсырма, ой толғау жазу,тест, «Кім жылдам» ойыны, Венн диаграммасы,
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты тірек сызба,интерактивті
тақта, кәртішкелер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Үй жұмысын сұрамас бұрын мына өлең жолдарын оқып көрейік.
Барша заттың бір өзімде қимылы
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты,салт,есімше боп,
Шақ, рай,етіс те боп жиылдым.
- Балалар, осы төрт жол арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?
- Етістік.
-Ендеше, етістік дегеніміз не екен? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістіктің мағынасына қарай қандай түрлері болады?
Үй жұмысын тексеру: 252- жаттығу, құрамында есімше сөз бар дос, Отан,
ерлік туралы 6 мақал-мәтел жазып келу
Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты еске түсіру (кубиктің 6 жағына
сандар жазылған)
- Өткен сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?
- Есімше.
- Ендеше, есімшеге байланысты үйге берілген тапсырмаларды тексеріп
шығайық.
Сұрақ-жауап
1.Есімше дегеніміз не? Мысал
2.Есімше қалай жасалады?
3.Не себепті есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады?
4.Есімше қандай қызметті атқарады?
5. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп келсе, қандай мағына
береді?
6.Есімше сөзі бар сөйлем құраңыз
II Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам» ойыны.Мына сөздерді қалташаларға дұрыс салыңыз :
Есімше алған,көрген
Көсемше
Болымды етістік асық, жүр
Болымсыз етістік айтқан емес,барма
Сабақты етістік өлең айт,кітапты ал
Салт етістік үйден келдім,,жолдасыңмен қайт
ІІI Мағынаны тану.(Слайд, кесте арқылы сабақты түсіндіру)
Көсемше – етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі
мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.
1. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары
көсемше тұлғасында келіп, қимыл, іс-әрекетті білдіріп, баяндауыш қызметін
атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Арандай аузын
ашады, Аяғын топ-топ басады.
2. Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей,
оның амалын, сынын себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде
жұмсалады. Мысалы: Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.
Арман кітапты дауыстап оқыды.
Оның жұрнақтары: -а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі.
Соңғы түрі жіктелмейді. Көсемше септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.
Бұл жұрнақтар негізгі етістікке,туынды етістікке, болымды, болымсыз
етістіктерге, етістерге жалғанады.
IY Пысықтау.
-Балалар, сабақ түсінікті ме?Егер түсінікті болса, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі
күнді, тақырыпты жазып, тапсырмаларды орындайық
Интерактивті тақтадан тапсырмаларды орындату (кәртішкелерді
тарату)
Берілген етістіктерден көсемше жасау
Қалану,даму,отыр,айт, жүр
Үлгі: қалан-ып, қалан-ғалы,қалан-а
Оқулықпен жұмыс. ( тақтамен жұмыс)
254- жаттығу. Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі
етістік жасаңдар.Үлгі: жүгіре жөнелді, жүгіріп келеді, жүргелі тұр
Айтып. Тауып. Күрескелі. Қарап. Санай . Алып.Көргелі.
255- жаттығу. (ауызша)
Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қандай
жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар.
Сергіту сәті: би
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.
Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ,қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-
көмір, балқытқалы келгенбіз , танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Тұтқыр сары
желіммін,жабысқалы келгенбіз.Берсең,жөндеп бітіміңді айт,бермесең,
дірілдемей жөніңді айт не тұрысатын жеріңді айт.
II деңгей
Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау
Түседі,барады,сөйлеппін,бұрылғалы, тартып,салынғалы
ІІІ деңгей
Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Тізе қосып,көре алмайды,ауырып отырған,таба білген,барып
келейін,шашқалы отыр,тілек тіле
Y Бекіту
Венн диаграммасы
Есімше ұқсастығы Көсемше
«Бес жолды өлең» құрастыру «сэнкуэн» стратегиясы. Балалар,бұл жолда
көсемшеден немесе есімшеден жасалған етістік түрін қолданамыз.Мысалы:
Көсемше Есімше
Қиын, қиын күрделі, ерекше
Айтылады, жазылады, оқылады жазылған, айтылған,оқылған
Көсемше жұрнақтарын жазып алыңдар Есімше- етістіктің ерекше түрі
Ереже ереже
Қорытынды.
Тест тапсырмалары
1.Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.
а)барған б) келіп с)бармақ
2.Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.
а)Асан бүгін сабаққа барған жоқ.
б) Асан бүгін сабаққа барады.
с)Асан бүгін сабаққа барды
3.Дос ... айтады,
Дұшпан ... айтады.Мақалға керекті сөзді табыңыз.
а) жылатып,күлдіріп б)айтады,дос,дұшпан с)дос,дұшпан, күлдіріп
4.Ол жүгіріп келе жатыр.Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.
а) –іп,-е б)-іп,-ыр с) –е,- кел
5.Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.
а)ән салдым б)жаяулатып жүр с)ән айтты
«Сабақтан алған әсерім» өз ойын жазу.(стикерлерді толтырып, тақтаға ілу)
Үйге тапсырма: 257 жаттығу.Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау
жасаңдар.
Мен бүгінгі сабағымды төмендегідей нақыл сөзбен аяқтағым
келеді.
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле»
Ж.Баласағұн.
Қашанда үйренуге, білуге құштар болып, білім жолында қанаттарың
талмасын.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі пәнінен ашық
сабақтың анализі.
Сабақтың тақырыбы: Көсемше
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көсемше туралы жалпы түсінік бере отырып,
жасалу, түрлену , қолдану жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: оқу, жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта
отырып,шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: мысалдарға алынған сөйлемдер арқылы оқушыларды ерлікке,
отанын сүюге, адамгершілікке, достыққа, бірін – бірі тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау, таным сабағы.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, кубизм, сұрақ-жауап, деңгейлік
тапсырма, ой толғау жазу,тест, «Кім жылдам» ойыны, Венн диаграммасы,
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты тірек сызба,интерактивті
тақта, кәртішкелер
Ашық сабағым «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы» көмегі арқылы жүзеге асты деп ойлаймын. Мұнда менің
қолданған әдістерім: кубизм, синкуэн яғни «Бес жолды өлең» стратегиясы,
венн диаграммасы, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «Кім
жылдам ойынын, оқушылардың ойлау,жазу қабілеттерін дағдыландыру үшін
деңгейлік тапсырмаларды қолдандым. Оқушылардың барлығы сабаққа
қызығушылықпен, ұмтылыспен белсене ат салысты. Сабақ көбінесе талдау,
жинақтау, сұрақ-жауап,яғни диалог түрінде өтті. Оқушылар жаңа сабақты
өздері талпынып ,игере білді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын
күнделікті қолдану - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, ой-
өрісіне, оқушы сезіміне жалпы жақсы әсер етеді деген қорытындыға келемін.
Сабақты өткізген: қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Ниязбекова Г.Б