Конспект урока "Шеңберді пайдаланып құрастыру, Терезесі" 1 класс

Сабақтың тақырыбы: Шеңберді пайдаланып
құрастыру, Терезесі
бар көңілді ашықхаттар құрастыру.
Сабақтың мақсаты: 1. Қағаздан шеңберді пайдаланып
қалпақ,
телпек, ашықхаттар құрастыруды үйрету
2. Оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту-әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер
Оқушылардың белсенділігін арттыру: ұжымдық жұмыс жасау
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
б) Оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару
в) Оқу құралдарын түгендеу
II. Үйтапсырмасын тексеру:түрлі-түсті қағаз, желім, қарындаш, циркуль.
III.Өткенді бекіту:
-Өткен сабақта біз не үйрендік
IY. Жаңа сабақ
Бугінгі сабақта біз қалпақ, телпек жасауды және ашықхаттар
жасауды үйренеміз. Циркульді пайдалана отырып телпек
жасаймыз. Және оны әшекелейміз. Және көңілді ашықхаттар
жасаймыз. Ол үшін күн бейнесі көтеріңкі көңіл күйден хабар
беретіндіктен оны кіргіземіз. Терезе ашықхаттың жалпы
композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан
өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз.
Дөңгелек терезені циркульмен сыз. Ішіне өз суреттерімізді
жапыстырып, астына тілектерімізді жазамыз.
Y. Жаңа сабақты пысықтау:
-Бүгінгі сабақта не істедік?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
YI. Үйге тапсырма беру: қағаз, жіп, желім қайшы алып
келеміз.
YII. Бағалау