Технологическая карта "Өсімдіктерді күту"
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
технологиялық картасы
Топтың жас ерекшелігі: І кіші топ
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Өсімдіктерді күту».
Мақсаты: бөлме өсімдіктерін күту ережелерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру, олардың жеке бөлшек атауларын
дұрыс атауға үйрету.
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: бөлме өсімдіктерін күтуге деген қызығушылыққа, табиғатқа деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: бөлме өсімдіктері: қазтамақ, фикус, су құйғыш, мақта, гүлдердің
бөлшектері бейнеленген карточкалар.
Сөздік жұмыс: өсімдік, су құйғыш.
Қостілділік компонент: гүл-цветок.
Іс - әрекетінің
кезеңдері
Педагогтың іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
-Балалар, мен сендерге жұмбақ
жасырамын, ал сендер оның
жауабын шешуге тырысыңдар.
– Адамдардың бәрі қызығады, су
құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
-Дұрыс, біз бүгін бөлме
өсімдіктерін қалай күтуге болатыны
туралы айтамыз.
Тәрбиеші жасырған
жұмбақтың шешуін табады.
-Гүл.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Бүгін біз бөлме өсімдіктерімен
таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні,
табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар
біздің бөлмемізді тек әдемі етіп
көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің
ауасын тазартады. Бізге қуаныш
сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі
болады екен. Олардың көптеген
түрлері болады.
-Мынау қазтамақ. Ол бөлме
өсімдігі.
-Мынау фикус. Жапырағы жасыл,
көлемі үлкен. Ол бөлме ауасын
жақсы тазартады.
Гүлдердің тамыры, сабағы,
жапырағы, гүлі болады.(тәрбиеші
көрсетеді)
-Балалар біз тамак ішсек, күшіміз
көп болады, бойымыз өседі. Сол
сияқты өсімдіктер адам сияқты
тамақ ішпесе, ауырып қалады.
Оларды су құйып, күтіп,баптап
тұру қажет екен.
Тәрбиеші көрсете отырып, күту
ережелерімен таныстырады:
-Гүлдердің жапырақтарының
Тәрбиешіні мұқият
тыңдайды.
Бөлме гүлдерімен танысып,
оларды атап үйренеді.
Гүлдердің құрылымын
атайды.
Гүлдерді күту ережелерімен
танысады.
шаңын сулы мақтамен сүртеді.
Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су
шашатын ыдыспен бүркеп-шашып
жуамыз.
Суды жапырақтарына тигізбей
топырағына құяды. Қураған
жапырақтары болса үзіп алып
тастайды. Тамыры қысылмау үшін
түбін қопсытады.
Әуенмен сергіту сәтін
ұйымдастырады.
Бағбан жерге тұқым екті, ол өсе
бастады.
Күн жылы шуағымен оны
қыздырды. Сабағы жоғары-жоғары
өсе бастады.
Алғашқы жасыл жапырақтары өсе
бастады.
Әдемі гүл атып, бізге күлімдеді.
Бағбан өсімдікті сарды. Ол одан
әдемі болып, жайқалып өсті.
«Гүлді құрастыр» ойынын
ұйымдастырады.
Балаларға гүлдердің бөлшектерін
таратып беріп, гүлдерді
құрастыруды ұсынады.
Әуенмен сергіту сәтін
жасайды.
Балалар тізерлеп отырады.
Балалар аяқтарының
ұшымен жоғары көтеріледі.
Саусақтарын көрсетеді.
Бастарын шайқап бір-біріне
қарап, күлімдейді.
Гүлді суарған қимыл
жасайды. Қолдарын көтереді
Балалар гүлдерді
құрастырып, құрылымдарын
атайды.
Рефлексиялық –
түзетушілік
-Қандай бөлме өсімдіктерін
білесіңдер?
-Олардың қандай пайдасы бар?
-Гүлдерді қалай күтеміз?
Тәрбиешінің сұрақтарына
жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: гүлдердің құрылымын.
Игереді: гүлдерге су құйып, жапырақтардың шаңын сүрту сияқты еңбек дағдыларын.
Меңгереді: бөлме гүлдерін күту туралы мағлұматтарды.