Технологическая карта "Үшбұрыш. Бір-көп, Логикалық тапсырма"
№7 «Айгөлек» ІІ-кіші тобына ұйымдастырылған
ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Үшбұрыш. Бір-көп, Логикалық тапсырма»
Мақсаты:
Үйрету:Үшбұрыш туралы ұғымын кеңейту.
Дамыту: бір және көп таныс затты ажырата білуді дамыту
Тәрбиелеу: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу
Билингвальды компонент: Үшбұрыш- треугольник
Қолданылатын көрнекі құралдар:Үшбұрыш бейнеленген суреттер, тәрелкелер,
кәмпиттер,көк пен қызыл түсті қарындаш,слайд
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш
Жеке жұмыс: Аминаға үшбұрыш сөзін қайталату
Әдіс-тәсіл: Көрсету , түсіндіру, сұрақ –жауап.
Оқу қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Мотиватциялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Ай атауларын атайықшы?
Өткен оқу қызметін пысықтау.
«Жоғарыда-төменде»
Суретке қарап ұшақ жоғарыда машина
төменде екенін айтады
Суреттен жоғарыда құстардың ұшып
жүр, төменде балалар ойнап жүр.
Балалар шаттық
шеңберін орындайды.
-Қыс мезгілі
-Үш ай бар
-Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Балалар қайталайды
Ұйымдастыру-
шылық ізденістік
-Бүгінгі оқу қызметіміздің жаңа
тақырыбы «Үшбұрыш, Бір-
көп.Логикалық тапсырма»
-Балалар сендер қандай пішіндер
білесіңдер?
-Балалар сендерге жұмбақ жасырам.
-Бұрыштарын табамыз
Бұған келер шамамыз
Төбесінен сырғанап
Құлап қалсақ күлеміз
Бұл не?
«Үшбұрышпен танысамыз»
Суреттен «үшбұрыш» деп аталатын
пішінмен танысуға шақырамыз.
Үшбұрыш бұрыштары үшеу
болғандықтан үшбұрыш деп аталады.
Кане бұрыштарын санайықшы?
Сөздік жұмыс: ұшбұрыш
Билингвальды компонент: үшбұрыш-
треугольник
-Балалар алдымызда берілген ақ қағазда
екі үшбұрыш үзік сызықтармен
сызылған. Біз сол үзік сызықтарды сұқ
саусағымызбен төменен қиғаш
жоғарыға, жоғарыдан қиғаш төменге,
оңнан түзу солға сызып шығайық. Олай
болса балалар қарындашпен бастырып
сызамыз. Үлкен үшбұрышты қызыл
қарындашпен, кінкентай үшбұрышты
көк қарындашпен бастырып сызу
тапсырылады.
-Балалар қызыл қарындашпен қайсы
үшбұрышты сыздыңдар?
-Ал көк қарындашпен қандай
үшбұрышты бастырып шықтыңдар?
-Шаршы, дөңгелек
-Үшбұрыш
Тәрбиешіні тыңдайды
Балалар санайды.
Қайталайды.
Үшбұрыш
-
Балалар берілген
тапсырманы орындайды.
Үшбұрыштарды нүкте
бойымен бастырып
сызып шығады.
-
Үлкен үшбұрыш
Сергіту сәті: «Жаттығу»
Жаттығуды жасаймыз!
Бір дегенде –тік тұрамыз.
Екі дегенде –екі рет айналамыз.
Үш дегенде –үш рет секіреміз.
Төрт дегенде отырамыз!
-Балалар қараңдаршы суретте нені көріп
тұрмыз.
-Алманың түсі қандай?
-Пішіні қандай?
- Неше алма көріп тұрмыз?
-Ал мында неше алма көріп тұрмыз?
Логикалық тапсырма:
«Бір—көп»
-Балалар енді біз алдымыздағы
жолақшамен жұмыс жасаймыз.
Балалар бізге екі жолақша берілген.
Жолақшаның жоғары жоғында қандай
жануар бейнеленген (аю), ал төменінде
қандай жануар бейнеленген (мешін)
Енді сол жолақшаларымызға алма мен
банандарымызды орналастырамыз.
Шарты: Жолақшаның жоғарғы жағына
бір алма, төменгі жағына көп банан
орналастыру.
-Кішкентай
Балалар бойынларын тік
ұстап тұрады.
2рет айналады
3рет секіреді
Отырады
-Алма
-Жасыл
-Дөңгелек
-Бір
-Көп
Балалар тапсырманы
орындайды
Рефлексиялық
түзетушілік
«Заттар қай пішінге ұқсайды»
Тәрбиеші балалардан суреттегі
заттармен танысып, олардың атауларын
атап беруді сұрайды.
-Заттар қандай ұқсайды?
-Қандай пішінмен таныстық?
-Пішіннің түсі қандай?
Суретке қарап заттарды
атайды; үй, шырша т.б
-Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
Бір мен көпті ажырата аламызба?
Балаларды мақтау, мадақтау
Сұрақтарға жауап беруге
тырысады.
-
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Геометриялық фигураларды-шеңбер , үшбұрышты атайды.
Түсінеді: заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және (көп-аз) бойынша салыстыру.
Қолданады: қоршаған ортадан үшбұрышты нысанадағы заттарды табуды.