Конспект занятия "Төрт түлік мал"
Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Бекітемін:
Практика жетекшісі________
Нұрмұхаметова Р. Ә.
Тақырыбы: «Төрт түлік мал»
Орындаған: Бұсұрманова М. Б.
Күні: «___» _______.
Бағасы:_______
Қолы:________
Ақтау қаласы.
Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Төрт түлік мал»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, оларды бір –
бірінен ажыратуға, оларға қамқорлық жасауға, әңімені мұқият, зейін қойып
тыңдауға үйрету. Үй жануарларына байланысты жұмбақты шеше отырып және
тақпақтарды қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Жануарларға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу;
Жаңа сөздер: төлдер, үй жануарлары, төрт түлік;
Көрнекілік: суреттер;
Сабақтың барысы:
- Балалар, қалайсыңдар?
- Жақсы.
- Өте жақсы, олай болса қанекей, бәріміз шаттық шеңберін жасайық,
Қайырлы күн көк аспан!
Қайырлы күн жер – ана!
Қайырлы күн алтын күн!
Қайырлы таң достарым!
- Жарайсыңдар балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақ шешкілерін
келе ме?
- Ия.
- Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
- Қой.
- Жарайсыңдар, тағы жасырамын
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
- Түйе.
- Дұрыс таптыңдар, балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз.
Оларға түйе, қой, сиыр, жылқы жатады.
- Балалар үй жануарлары қайда мекен ететінін білесіңдерме?
- Ия, олар үйде, қорада мекендейді.
Балаларға төрт – түліктің суретін көрсетіп, таныстыру, түсіндіру. Олардың
қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін, пайдасы туралы айту.
- Балалар сонымен төрт – түлікке қандай жануарлар жатады екен?
- Түйе, сиыр, жылқы, қой.
Сергіту сәті:
Секіреміз топ – топ,
Шапалақтап көп – көп
Секіреміз оң аяқпен 1 – 2 – 3
Секіреміз сол аяқпен 1 – 2 – 3
Демалайық жинап күш.
- Ал, енді балалар, мен сендерді осы төрт – түліктің төлдерімен таныстырамын.
- Мынау түйенің төлі- ботақан,
Қойдың төлі – қошақан
Сиырдың төлі – бұзау
Жылқының төлі – құлын.
- Мен сендерге осы төлдер туралы өлең оқимын. Ал сендер қандай төл туралы
айтылғанын табыңдар.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың. (лақ)
Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнін үлбіреп
Қарасам көз тоймайды. (бота)
Әукім, әукім, әукешім
Қасысыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді. (бұзау)
Құлыншағым, құндызым
Құлдырайды, шабады
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады. (құлын)
- Жарайсыңдар балалар!
- Қазір осыған байланысты «Төлдерін тап » деген ойын ойнаймыз.
Балалар біз бүгін қандай үй жануарларымен таныстық?
- Олардың төлдері қалай аталады?
- Олар қайда мекендейді?
- Олардың қандай пайдасы бар екен?
- Оларды немен қоректендіру керек?
Сабақты қорытындылап, балаларға сұрақтар қойып, балаларды мадақтау.