Технологическая карта "Мен осындай баламын"

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы :
МКҚК «айсамал» балабақшасы. Атырау облысы,Құрманғазы
ауданы,Приморье селосы мектепалды дайындық топ
тәрбиешісі:Кушкинбаева Арайлым Сериковна
Күні: 4.04.2014 ж
Білім саласы:Әлеуметтік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Мен осындай баламын
Мақсаттары:
а)білімділігі:Балаларға достық туралы түсінік қалыптастыру.
ә)дамытушылығы: Баланың үлкенді сылау, кішіге қамқор болу,
жауапкершілік сезімдерін достық қарым-қатынасын дамыту. Балаларға
үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.
б)тәрбелігі: Ынтымағымыз жарасқан Қазақстан азаматы мен азаматшасы
бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: достық туралы суреттер, әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Ұйымдастырушылық
оятушылық
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
- Балалардың назарларын сабаққа
аудару.
- Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
- Балалар біздің достарымыз өте көп. Біз
барлығымызда бір-бірімізбен достық
қарым - қатынаста болуымыз керек.
- Әліппе дәптермен жұмыс
- Сурет бойынша әңгімелеу.
- Сурет боынша әңгімелеу.
- Сергіту сәті
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Күнге қарай табынып
Көкке қолымызды созамыз
Қанатымызды қағамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Рефлекстік –
түзетушілік
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығуды жасаймыз.
- Дидактикалық ойын
“Қандай бала?” ойынын ойнату.
- Қорытындылау
- Балалар біз бүгін қандай тақырып
жөнінде әңгімелестік?
- Біз қандай бала боламыз?
- “Әдепті елдің баласы,
Алыстан сәлем береді” атты мақалды
жадымызға сақтайық.
- Балаларды мадақтау