Конспект урока "Шаңырағым – шаттығым"
Сабақтың тақырыбы: "Шаңырағым – шаттығым"
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін
айқындау, ата - ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Ата -
ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке
шақыру.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікір-талас, топқа бөлу, ой толғау
Пән-аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, сабақтың тақырыбы мен
слайд, т. б.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге
Алақанға ұрайық.
Жылулық шеңбері. «Еркелету» (Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен
сөздерін айту).
I. Ой қозғау.
- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік пен жақсылықты білдіреді. Шеңбер
арқылы – бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылулық тілейміз.
Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар-деп аталарымыз текке жырламаса керек?!
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына
деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет
есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі
отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған
ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-
біздің борышымыз. Бүгін біз "Шаңырағым – шаттығым" тақырыбындағы
тәрбие сағатымызды бастап өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам
баласының түп қазығы, алтын ұясы.
II. Топқа бөлу.
Үстел үстіндегі мына қағаздардың қалаған біреуін алыңыздар. Енді
екінші бетіне назар аударайық. Кімде қандай сурет бар сол бойынша топқа
бөлініп әр столға жайғаса қойыңыздар.
III. Алдымен сүй ардақты ата-анаңды
Ал, оқушылар «Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!» әке, ана және бала
дегенде ойларыңызға қандай ұғым келеді? Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің
жапырақшаларының ішіне оқушылар жауаптарын жазады. Мысалы:
қамқоршым, тәрбиешім, жанымның саясы, асыраушым, үйдің еркесі т. б)
Оқушылар енді өздеріңіз таңдаған әр түске қарап сіздердің қандай қасиет,
қабілеттеріңіз бар екенін айтып берейін.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі
жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, батыл тұлға.
Сары түс – көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті
таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне
жақын келеді.
Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап
алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдерін билей алатын тұлға болып
келеді.
Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген
ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған
адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.
Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап
алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.
Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
III. Кім жүйрік (Мақал-мәтел сайысы)
1. Ата – бәйтерек, бала - .... (жапырақ)
2. Баланың жақсысы – қызық, ..... (жаманы – күйік)
3. Ананың көңілі балада, .... (баланың көңілі далада)
4. Әкеге қарап ұл өседі, ... (шешеге қарап қыз өседі)
5. Бала тәрбиесі .... (бесіктен)
6. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да ..... (қарызынан құтыла
алмайсың)
7. Әке көрген оқ жонар,... (шеше көрген тон пішер)
8. Ағайын – алтау, .... (ана – біреу)
9. Тәрбие басы, .... (тал бесік)
10. Ағайынның алтын сарайынан ..............(Ананың жыртық лашығы артық)
11. Бала – көңілдің гүлі, .........(көздің нұры)
12. Әке – асқар тау, ана –бұлақ, .... (бала – жағасында өскен құрақ)
13. Құс балапаны үшін тозаққа түседі, ............(адам баласы үшін азапқа
түседі)
14. Жақсы әке – жаман балаға ...........(қырық жылдық ризық)
15. Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді................................
(Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.)
IV. «Тату – тәтті» отбасы. Сергіту сәті
Музыка ырғағымен билеп тұрып, музыка аяқталған кезде бірігіп қол
ұстасып тұра қалады. (2-3 рет).
V. Шығармашылық жұмыс жүргізу.
1. «Шаңырағым шаттығым» тақырыбында эссе жазу;
2. Ата - ана туралы мақал - мәтелдер жазу;
3. «Менің анам», «Менің әкем» немесе «Менің отбасым» тақырыптарына
өлең шығару;
VI. Қорытындылау.
Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы
Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл
қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналарға өмірдегі
жақсылық атауының барлығы тиесілі. Себебі олар әр шаңырақтың шаттығы
мен шуағы-деп бүгінгі сабағымызды осымен аяқтаймыз! Назар салып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!