Технологическая карта "Сиқырлы қыс"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімдері:Сөйлеуді дамыту, сурет салу
Тақырыбы: «Сиқырлы қыс»
Мақсаттары:Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне
байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге тәрбиелеу. Қысқы табиғат көрінісін,
қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Қылқаламмен жұмыстанауға баулу
Қолданылатын көрнекіліктер: қыс мезгілі,қысқы ойындар бейнеленген суреттер,
шығармашылық жұмыста қолдану үшін шырақ және бояу.Қысқы орман көрінісі, жасанды
шыршалар.
Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
-Балалар, маған қараңдаршы менің
қолымдағы не?
- қардың түсі қандай ?
- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?
-балалар қар неге ұқсайды?
Бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ
болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ
тілектерін мақтадан жасалған ұлпа қарды
беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме
балалар?Жылы сөздер айтып едік
лебізіміздің жылуынан қарда еріп
кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіпті,
барлығымыз амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здравствуйте!
Таңғажайып сәт:қонаққа Аяз ата келеді.
-қар
- аппақ
-қар жұмсақ
-қантқа, тұзға, мақтаға
-Денсаулығымыз мықты
болсын
- заманымыз тыныш
болсын
- білімді болайық
- аспанымыз ашық
болсын
- барлығымыз тату –
тәтті болайық.
Балалар қонақтармен
амандасады.
Ұйымдастырушылық
ізденушілік
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайықшы?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Атап беріңдерші
- Қыста қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар,
айтыңдаршы?
- Ал енді балалар қыста біздер қалай
киініп жүреміз?
- Дұрыс айтасыңдар, ал мұқият болыңдар
мен қазір сендерге жұмбақтар
жасырамын:
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны
4.Қысы- жазы жасыл болып,
Ормандарда тұр тоңып.
-Бәрекелді, қысты айта-айта мен тоңып
кеттім балалар, сергіп алсақ қайтеді?
Сергіту сәті
Сиқырлы әуенмен аяз ата келеді
Аяз ата:
-Амансыңдар ма балалар, не болды
күткен жоқсыңдар ма мені?Аяз ата жаңа
жылда ғана келеді деп ойладыңдар
ма?Жоқ, бұдан былай біле жүріңдер мен
қыс бойы барлық балақайларды сырттай
бақылап жүремін.Әйтпесе боран бұзық
сендерді тоңдыруы мүмкін
Төрт мезгілі бар
Жаз, күз, қыс, көктем
Қыс!
Үш ай бар
Желтоқсан, қаңтар,
ақпан
Күн аяз болады,боран
соғады
Қар лақтырысып
ойнаймыз, сырғанақ
тебеміз,шаңғы
тебеміз,аққала
жасаймыз
Қалың киініп жүреміз.
Жұмбақтарды шешеді.
қар
аққала
шырша
Қыс, қар
-Иә!
Балалар сергіту сәтін
қимылмен жасайды.
Балалар сиқырды бірге
жасап қуанады.
.
Аяз ата:
-Кім қыс туралы мақал біледі?
Аяз ата:
-Жарайсыңдар, міне сыйлықтарың ала
қойыңдар!Балалар, мен сендерге келе
жатып қолғабымды жоғалтып алдым,
тауып бере қойыңдаршы.
Қане балалар, аяз атаның қолғабын тауып
берейік.Қайда түсіп қалды екен...
Сендер маған қолғап суретін салып
беріңдерші мен сендерге оның қандай
екенін сипаттап берейін.
Ойын:« Аяз атаның қолғабын тап»
Балалар Аяз ата қолғабын орманға түсіріп
алған шығар, жүріңдер тауып берелік.
Балалардың алдарынан қасқыр шығады:
Балалар, Аяз атаның қолғабын тауып
бердік,жарайсыңдар!
Ал жылынып алдық, енді жүріңдер сиқыр
жасайық!
Ешнәрсе көрінбейді ме, қалай?Қазір тұра
тұрыңдар мен сиқыр жасаймын деп
тәрбиеші суреттің үстіне көк түсті бояу
жағып сиқырлап, ғажайып сурет
шығарады.
Аяз ата:
-Сау болыңдар балалар, мені ақшақар
іздеп жатқан шығар
Жазда арбаңды сайла,
Қыста шанаңды сайла!
Балалар ормандағы
қолғаптың суретін
салады.
Балалар Аяз атаның
қолғабын іздейді
Балалар орманға
барады.
-Сау болыңыз, Аяз ата!
Рефлексивті -тзетушілік
-Сонымен балалар, қызық болды иә
сендерге бүгін Аяз атаның өзі келді.Ол
кісі сендерді үнемі бақылап жүремін
деді.Боранда тоңып қалмаса екен деп.
Сондықтан да қыс мезгілінде жылы
- балалар мәз болып
сыйлықтарын алады.
киініп жүрген дұрыс.Қыс мезгілінде
қандай ойындар ойнайсыңдар?
Жарайсыңдар!
Балалар қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар!
-До свидания!
-
Қар лақтырысып
ойнаймыз, сырғанақ
тебеміз,далаға шығып
-Сау болыңыздар!
-До свидания!-
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады : қыс мезгілінің ерекшеліктерін
Түсінеді : Қысқы ойындарды
Қолданады: жұмбақтар шешуді,қылқаламмен жұмыс жасайды