Баяндама "Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы"
Хайрова Саягүл Сатыбалдықызы
БҚО
Теректі ауданы
Сарыөмір аулы
МКҚК «Өркен» балабақшасы
Баяндама: Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы.
Тәрбиеші сөзі :
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты
қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап
ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін
қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына
қослып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары
алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері
ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына
үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің
өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі
қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан
Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі
мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар
ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да
балаларының кү сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады.
Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас
ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен
мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен
жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік
отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын
жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып
ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын
бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы
балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау,
адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады.
Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де
ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жаслады, мәдени орта
қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген
алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған
қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық
қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі
жаста қаланады.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең
жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы
баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның
жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады.
Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен
әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады.
Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-
біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай
ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға
тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі
негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе,
отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас
балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей
біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық
таныта біледі.
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский
еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп,
қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп
көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып,
алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп
жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және
дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап
етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар
тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін
ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10
сөзінде: «Әуелі баланды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп,
баста баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен
көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ ағартушысы С.Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән
берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың
балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап
көрсетеді.
Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы
болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен
бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі ошақ болып отыр.
Әрине, әркім баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді, әрі еңбек
сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі,
үлкен қызмет иесі болса екен деп тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі.
Балаға дүниеге келісімен көп көңіл ауларып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»
дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар
ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы бақшаға берген
соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен
білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы
қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының
тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен
айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір
әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін
айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.
Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге
асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі ,білімді болып
өсуіне жол ашады.
1.Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға
беруіне үйрету.
2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.
5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-
идеясына көңіл бөлу.
7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-
әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық
қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.
10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген
көзқарасын бақылай білу.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Эссе "Менің педагогикалық ұстанымым"
- Анықтауыштар. Матрицалар. Кері матрица. Матрицаның рангі. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
- Сценарий праздника 8 марта в школе
- Правила заполнения бланков единого государственного экзамена в 2019 году
- Педагогический проект "Мой любимый Дед Мороз"
- Беседа "Фейерверки и пиротехника. Друзья или враги?"